Р. М. Муталиева Қазіргі қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет1/9
Дата03.03.2017
өлшемі3,97 Mb.
#5511
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
5511

б 83(5К)

М79


ТУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ 

С. ТОРАЙҒЫРОВ  АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



Р.М. Муталиева

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Филология мамандықтарьгаың студенттеріне арналған 

оқу кұралы

Павлодар

л  



Қазакстан  Рсспубликасының  Білім  ж ән е  ғылым  министрлігі



С.  Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Р.  М.  Муталиева

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

Филология мамандықтарының студен тгерін е  арналған

оқу құралы

Павлодар

Кереку

2012


ӘОЖ  882.151.212.2(075.8)

КБЖ 83.3(5 Каз) 



Я

 73__________

М79 



”,



С. Торайгыров атынлагы  Павлодар мемлекеттік университетінін 

гуманитарлык-педагогикалык факультетінін оқу-әдістемелік

кенесімен басуга үсыныллы

Пікірсарапшылар: 

■ іЯҺ


Б.  Қ  Қапасова  -   фил.  ғылым.  кандидаты,  доцент,  Павлодар

мемлекеттік педагогикалык институты;

і і

Б.  III.  Құралканова  —  фил.  ғылым.  кандидаты,  Павлодар 



мемлекеттік педагогикалық институты доценті;

А . 


О.  Кәріпжанова  -   фил.  ғылым.  кандидаты,  С.  Торайғыров 

атындағы Павлодар мемлекеттік университеті доценті.



Муталиева Р. М.

М

М79  Қазіргі қазақ әдебиеті: филология мамандықтарының 



студенттеріне арналған оқу қүралы / Р. М. Муталиева. — 

ГІавлодар :  Кереку, 2012. -  86 б.

Оқу 

құралында  *  М.Жұмабаев, 



Ж.Аймауытов, 

Б.Майлин 

птығармалары  қарастырылады.  Мағжанныц  табиғат  лирикасындағы 

өзіндік ерекшелігі  ашылады.  «Батыр Баян», «Қорқыт», «Қойлыбайдың 

кобызы»  поэмалары  талданады.  Жүсіпбектің  «Ақбілек»  романы 

идеялық-коркемдік  жағынан  жан-жақты  сөз  болады.  Жазушылық 

шеберлік мәселесіне коціл болінеді.



Материаллын лүрыс болуына, грамматикалык және орфографияльпс кателерге авторлар

меи күрастырушылар жауапты



К і р і с п е

«Қазіргі  казақ  әдебиеті»  оқу  қүралында  бағдарлама  бойынша 

студенттерге  өтілетін  акын-жазушылар  шыгармаларына  тоқталуды 

мақсат  еттік.  Бүл  еңбекте  барлық  тақырын  қамтылган  жоқ,  кейін 

шыгатын  екінші  бөлімінде  Б.  Майлин,  М.  Әуезов,  Ғ.  Мүсірепов, 

Ғ.  Мүстафин,  С.  Мүқанов,  Ә.  Нүрпейісов  шыгармалары  қарастырыла- 

тын  болады.  Бүл  кітапта  М.Жүмабаевтың  табигат  лирикасы, 

ноэмалары,  Ж.Аймауытовтың  «Ақбілек»,  «Қартқожа»  романдары, 

Б.Майлиннің  «Қара  шелек»  әңгімесі  идеялық-көркемдік  жагынан 

қарастырылды. 

Кеңес 

доуірі 


кезіндегі 

шыгармаларга 

бүгінгі 

көзқараспен  қайта  бага  беру,  образдардың  сомдалу  ерекшеліктері, 

орыс  әдебиеті  шыгармаларымен  салысгыру  жасау,  жазушылық 

шеберлік,  оның  ішінде  детальдарга,  астарлы  сөздерге  көңіл  аудару 

мәселелері  сөз  болады.  XX  ғасырдың  басынан  бергі  әр  түрлі  сын, 

зерттеулерге де орын берілді.

з


1  Мағжан Жумабаев шығармалары

І.ІМағжапнын табигят лирикасы

Бұл  такырыпта  біршама  галымдар  пікір  білдірді.  М.  Базарбаев 

Мағжанпың  «Жазгы  жолда»,  «Қыскы  жолда»,  «Жел»,  «Айга»

өлеңдеріне  токталып,  былай  дейді.  «Ақын  тау  туралы  толгансын,  не 

даркан  даланың  кеңдігін  жырласын,  тіпті  кол,  немесе  жазгы  таңды, 

кыскы  кешті,  егінді,  не жер,  күн,  ай  жайында  айтсын,  бірінші  кезекте 

озінің дүние түсінімі,  ішкі  жан күйі түрады, сонысымен айнала әлемді 

бірге толгандырып, бірге тебіренеді» [1,15 б.].

Рымгали Нүргали «Әуезов жэне алаш» кітабында:

«Акын  шыққан  аса  биік  эстетикалық  түгьфдың  бірі  -   пейзаж 

лирикасы,  халық  эдебиетінен,  Абай  дәстүріндегі  жыл  маусымдарына 

катысты  әлеуметтік  терең  сарындардан  алынган  үлгілерді  дамыта 

келе,  Магжан  табигат  көріністерін  бейнелеуде  әлем  поэзиясындағы 

классикалык тэжірибелерге ден коя отырып, жаңа көркемдік игіліктер 

жасады», -  дсп, «Толқын» олеңіне тоқталады  [2, 98 б.].

М.  Әлімбаев  «Толкыннан  толкын  туады»  кітабында  «Еділде» 

деген  олеңнің  көркемдігін  саралай  келе:  «Жүмабайұлы  Магжанның 

мектеп  оқулықтарына  бүгін  де  өзі  сүранып  тұрган  өлеңдері  аз  емес. 

Өйткені  уақыт  озганымен,  өлең  тозбаган.  Бүл  эсіресе  табигат 

жайындагы туындыларына тән!», -  деп, «Жаз  келеді», «Жазгьггүрым» 

өлеңдерін атайды.

Ал  Бакыткамал  Қанарбаева  «Жырымен  жүртын  ояткан»  атты 

Магжаи  туралы 

монографиясында  табигат  лирикасына  кыскаша 

түйіндеу  жасай  кетеді.  «Гете  тэрізді  Магжан  да табигатқа  жан  бітіріп 

жырлайды.  Оиы  «Күзді  күні»  өлеңіндегі  табигатты  адам  тәрізді 

жылатып,  сыбырластырып  сьфластыруынан,  «Сең»  өлеңіндегі  сары 

аяз  бен  қардың  гашық  жардай  кыс  кезінде  күшақтасып  бірге 

жүргенімен,  коктем  шыгып  жер  ери  бастаганда  күннің  кызуына 

шыдай  алмай  еріп  кетуін жанды суреттеуінен білеміз.  «Жиіленді  кара 

орман»  олсніпле  аппак  кар  жамылып  жаткан  орманды  түс  көріп 

жаткан  адамі а балауы да осы  ойымызды  ныгыздай түседі.  Аймауытов 

айткандай,  казак  эдебиетінде  табигатқа  жан  бітіріп  суреттеуде 

Магжанга жетер ақынның жогы рас» [3,41  б.].

Қуандық  Мэшһүр-Жүсіп  «Қазақ  лирикасындагы  стиль  жэне 

бейнелілік»  монографиясьшда  Мапканның  табигат  лирикасы  туралы 

былай  дейді:  «Табигатты бейнелегенде де, белгілі  бір алқаптың нақты 

бір  корінісін  алудан  безіну, -  ягни  сол  кездегі  казак даласының,  өзен- 

колі,  тецізінің  кошірмссін  жасаумен  шектелмеу,  кайта  сол  аркылы 

ссзлірілген  жүмбагы  мол  лирикалық  каһарман  жан  дүниесін  эспеттеу 

талабы  жүзсге  асады», -  деп,  мүның дэлелі  ретінде  «Толкын»  өлеңіне


талдау  жасайды,  Табиғатты  әрі  айрықша,  әрі  шартты  қалыита  алып 

бейнелеу  романтизмнің  бір  ерекшелігі  десек,  соның  бір  көрінісі  -  

Мағжанның «Жиіленді қара орман» өлеңі» [4,  194 б.].

Магжан  мен  Абай  табиғат  лирикаларының  қаншалықты 

алшактаганын  сараласақ,  М.Өуезовтің  мына  пікірінен  аңгарамыз: 

«Тегіидс,  іісйзаждың  озін  суреттеуде  коп  ақын  оздерінің  стильдік

өзгешелігін анык аңғартады. Шығыс ақындарының ескі дәстүрін алсақ

дәл  таудың  таулық,  шындық  қалпын  суреттемей,  салыстыру  үшін  әр

алуан  тұспалдарға  бейімдеп  көрсететін.  Тауы  кейде  тауға  ұқсаса,

кейде  қиялап,  шұбарлап,  эсірелеп  айтқан  түманды,  жұмбақты  бір

коріністерге ауысып кетер еді.

Орыс  поэзиясының,  әсіресе  Пушкиннен  бері  қарайғы  классик

реалист  стильге  ауысқан  үлгісін  ескерсек,  оның  аса  айқын  бір

озгешелігі  —  эрдайым  дэлшілдігі,  шындыкка  жақындығы  оқшау

тұрады.  Абай  да  осы  сияқты  суреттейін  деп  отырған  жайын  және

барлық  күйлерін,  сол  орыс  поэзиясындағы  дәлшілдік  негізге  құрады

[5,105 б.].

Мағжан  кезінде  Абайдан  соңғы  күшті  ақын  саналды.  1918  ж. 

«Абай» журнапының №5 санындағы Ж. Аймауытов пен М. Әуезовтың 

«Абайдан соңғы ақындар» мақаласында былай баға берілген: «Сезімге 

эсер  берерлік  суретті  олеңдер  көбінесе  Мағжан,  Міржақып,  кейде 

Сұлтанмахмұ г эм  Ахмст Мэметовтыкі.  Бұлардың олеңінде  озгеше бір 

сарын  бар,  жүрегінің  сезімін  суреттейтін,  нәрсемен  жалғастырып 

экететін артықша бір маңыз бар. Бұлар — сыршыл (лирик) ақындар».

Мағжан  олеңдерінде  қасірет  те,  реапизм  де  бар.  Қай 

тақырыптағы  елеңдерін  алсақ  та,  ешкімге  ұқсамас  ерекшелігін 

көреміз. Мысалы, «Жазғы жолда»:

ііала. Дала. Сар дала!

Жапан  і-үзде бір қара.

Келсм жалғыз, жаяумын. 

Жаныма ерген жолдас жоқ. 

Торт жағым дала — жер де кок. 

Жылауға да таяумын.

Шілде. Оттай  ыстык күн. 

Дала -олік. Жоқ бір үн.

Жер де жагыр тұншыгып. 

Жол жыландай иірілед,

Шаң ерініп, үйірілед.

Ешбір леп жоқ, тып-тыныш.

5


Көкте жалгыз бұлт жоқ.

Көктіц түсі  кызгьугг көк.

Дүниені тылсым билеген.

Ыңырангандай әлдекім,

Жылай ма екен элде жын?

Перілер ме екен күйлеген?

Жел жыландай иірілед,

Шаң ерініп үйірілед.

Ешбір леп жоқ, тып-тымық,

Аңсап есім жия алмай 

-  -***-

Өлсем екен түншыгып!

Бұл  елеңінде  романтизм  бар.  Өз  сезімі  арқылы,  жан дүниесімен 

байланыстырып  табигатты  суреттейді.  Шыжыган  шілдеде  даладагы 

жалгыз  жолаушы  сагым  арасында  есінен  адасып  келе  жатқандай. 

Сагым  оган  біресе  пері,  жын,  біресе  қалың  әскер  боп  көрінеді. 

Абайдың «Жаздыгүн  шілде болганда» олеңі  нақты  өмірді  сипаттайды. 

Әдемі  жаз  бен  көшті  бірыңгай  жеңіл  ыргаққа  түсіріп,  бірыңгай  әдемі 

бояумен 

суреттейді. 

Ал 

Магжан 


өлеңінде 

тылсым 


дүние 

қоршауындагы лирикалық кейіпкердің аласұруы  аскак түрде  беріледі. 

«Қысқы жол» өлеңінде:

Ызгарлы жел долданып,

Екі  иініиен дем алып,

Ішін тартып осқырып,

Кейде катты ысқырып,

Аңдай ұлып бір мезгіл,

Екі  санын шапақтап,

Біресе сак-сак күледі.

Кейле  кенет баяулап,

Жер бауырлап жаяулап.

Аузы-басы жыбырлап,

Асып-сасып сыбырлап,

Жерді  жапқан кебінді.

Сүйіп ақырын кұшактап,

«Әпсүн» окып үреді.

Бүл  -   кыскы  боранның  суреті.  Мұнда  да  лирикалык  кейіпкер 

кыскы түпле жалгыз озі жолаушылап келе жатады.

щ ь

6


Барады үдеп бүл боран 

Жанымда жоқ тірі жан.

Тоңазыды денем де.

Адаспай дұрыс келем бе?

Қорқын жүрек ойнайды,

Көз алдыма елестеп,

Әлде нелер келеді.

Боранын тэңір ашпады,

Жол білінбей бастады.

Корінген бір жарық жоқ,

Босаңсиды Қаракек...

Сар далада адасып,

Суық кебін жамылып 

Қаларын кім біледі?-

ден  күдікнен аяқтайды.  Бұл өлең де жогарыдагы «Жазгы жолда» 

өлеңіне  ұксас.  Екеуінде  де  жалгыз  жолаушы  табигатпен  алысып, 

өліммен де аргіалысқандай. Абайдың табигат лирикасында лирикалык 

кейіпкерлер бірнешеу, көпшілік болса, Мағжанда жалгыз «мен». Бұл — 

Магжанның  табигат  лирикасының  бір  ерекшелігі.  Осы  екі  өлең 

туралы Ш.  Елеукенов «Жаңа жолдан» (1989) кітабында былай деп еді: 

«Магжан  Жұмабаев  нактылы  өмірден  әлдебір  мистикалық,  сиқырлы 

дүниеге  ауыткуга  әуестенеді.  Одан  бірде  өзі  қорықса,  бірде  жайнап 

тұрган  * табиғаттың  арасында  тұрып,  жын-пері  іздеп,  солармен 

сұхбаттасқысы  келеді,  осыньщ  бәрі  кенет  «өлсем  екен  тұншыгып»

деген тілекпен бітеді» [6, 58 б.].

Ал  Әуезов  керісінше,  Абайды  сүйетінін  айта  келіп,  «Бұдан  соң 

Магжанды  сүйемін.  Европалыгын,  жарқырагын,  әшекейін  сүйемін. 

Қазақ  акындарының  қара  қордалы  аулында  туыи,  Европадагы 

мэдепиет  пен  сұлулык  сарайына  барып,  жайлауы  жарасқан  арқа

кызын  көріп сезгендей боламын» -  дейді.  [7, 407 б.].

«Қысқы  жолда»  боран  бейнесі  кейіптеу  арқылы  жасалган,  Абай 

дәстүрін жалгастыра отырып, өз ерекшелігін танытады. Боран бірнеше 

кимылда  беріледі.  Әуелі  ол  ызгарлы,  екі  иінінен  дем  алып,  ішін 

тартып  осқырады,  кейде  қатты  ысқырады,  одан  соң,  аңдай  ұлиды, 

біресе  екі  санын  шапақтап  кенет  сақ-сақ  күледі.  Жалгыз  жолаушыга 

күлгендей.  Сонан  соң  баяулап,  аузы-басы  жыбырлап,  опік  секілді 

кебін  жамылган  жердің  иманын  үйіріп,  «Эпсүн»  оқиды.  Желдің 

акырын  ұйтки  согып,  карды  әлсін-әлсін  үрлеуі  молданың  «Әпсүн» 

оқыганына  ұксайтынын  ақын  шеберліклен  коз  алдымызга  елестетеді.

7


Демек,  жолаушы  мерт  бола  калса,  оган  да  боран  «Әпсүн»  окиды 

дегенді  байкатады.  Қарды  кебінмен  алмастырып,  жерді  өлген  адамга 

үксатады.  Бүл да -  Магжанның жаңалыгы. Лирикалық каһарман сезімі 

дс  боранмен  бірге  озгеріп  отырады,  жүрегі  коркып  ойнайды, 

әлденелер елестейді.

«Жазгытұрым»  өлеңі  де  кейіптеу  тәсілімен  ойнакы  жазылган. 

Абайдың  «Жазғытұры  өлеңінде»  күн  —  күйеу,  жер  калыңдык  боп 

алынса,  Мағжан  күнді  -   ана,  жерді  бала  етіп  баска  кырынан  келеді. 

Абай  әуелі  көктемді  суреттеп  алып,  кейін  күн  мен  жерге  көшеді.  Ал 

Магжан бірден Күннен бастайды.

М.Әуезов:  «Күнді  -   күиеу,  жерді  -   калыңдыіс  етіп,  осындай 

образбен  теңеу  мәдениетті  эдебиетінің үлгі дэстүфінен  ескіріп  калган, 

мифтік теңеу болады», -  дейді  [5,155 б.].

«Болды, міне, дэл алты ай,

Жаттың ұйықтап,-еркетай 

Үйкың канды, тұр қозым,

Аш козіңді, жұлдызым!»

Деп маңдайдан ақырын.

Жұмсақ жылы сәулемен. 

НР 


д ІИЙМ Р   •  IЙЙШЬ ЧШЯІІІ 

Сипап жерді Күн күлер.

Аяқтарын көсіліп,

Еркеленіп, есінеп.

Жер — нәресте жас бала.

Жаңа оянып жатқанда 

Жұмсақ, ыстық бетінен 

Тэтті гана сүйсем деп,

Күбірлеп жылы жер жүрер.

Дамыл алмай жылар қар,

Ақ шымылдық ашылар.

Сылк-сылк күліп сылдырлап,

Бірдеңе деп былдырлап,

Көрінгеннен сүйінші 

Сұрайтын жас баладай,

Асығып сулар жүгірер.

Керіліп ерке жер тұрар,

Мөлдір сумен жуынар,

Үлде менен бүлдеге,

Түрлі түсті гүлдерге,

Ши жібекке оранып,

Қараганда көз тоймас,

8


Бүлдіршіндей киінер.

Коріп сұлу баласын,

Коз ішінде қарасын,

Қуанын, тасын жүрегі.

Қысып ыстық сүйеді.

Ұзын күнде ару жоқ,

Періштем деп айналып,

Алтын ана Күн жүрер.

Мұны көріп бұлттар,

Күцірсніп етер зар:

«Біздерде алтын ана жоқ,

Тұрақ та жоқ белгілі» —

Деп тұнжырап күрсініп,

Әлсін-әлсін жас төгер.

Ақын  мұнда  ана  мен  бала  арасындагы  махаббатты  тұтас 

табигатқа  ауыстырган.  Негізі  Жер-Ана  деген  ұгым 

ақын- 

жазушыларда  көп  қолданылады.  Ш.  Айтматовтың  «Ана  — Жер-Ана» 



повесіи  мысалга  келтіруге болады.  Магжан  болса,  нақты  тақырыбына 

қарай,  көктемнің  шыгуы  Күнге  байланысты  болгандықтан,  өмірде  де 

анасыз  бала  тумайдындықтан  Жерді  — бала,  Күнді  -   ана  етіп  алган. 

Атаулары  Күн,  Жер  болганымен,  әрекеттері  кәдімгі  ана  мейірімін, 

бала  еркелігін  сипаттап  отырган  секілді.  Күн  —  Ана  әуелі  ұйықтап 

жаткан  жер  — нэрестесін  «қозым», «жұлдызым» деп  еркелетіп,  жылы 

сэулесімен  сипап  оятып  алады.  Жер  -  бала  аяқтарын  көсіліп,  есінеп, 

сркелеп жатқанда жел де оны сүйгісі келеді.

Бүларга  карама-карсы  қар  жылайды,  ериді  дсн  алмаган,  себебі 

басган-аяқ  бәрі  адам  кейпінде  болу  керек.Сулардың  аққанын  сүйінші 

сұрап  жүгірген  жас  баладай  деп,  ұлттық  өрнек  береді.  Төртінші 

шумақта  жер  керіледі.  Ақын  адамның  ұйқыдан  тұрганнан  кейінгі 

қимылдарының  ретгілігін  сақтаган.  Шынында,  адам  әуелі  көсіліп, 

есінеи,  кейін  керіледі.  Содан  соң  жуынып,  киінеді.  Мұндагы  жердің 

жуынуы  -   қардың  еруі,  киінуі  -   түрлі  гүлдерге  оралуы.  Ең  соңында 

осыларга  кызыі ып,  бізде  ана  да,  тұрақты  жер  де  жоқ  деи  бұлттар 

жылан  алады.  Бұлттыц  жас  төгуі  -   жаңбырдыц  жаууы.  Ақын  өлсц 

шартына  қарай  әркайсысын  бір-бір рөлге салып,  эрі  көктемдегі  заңды 

құбылысты сақтаган:  күн жылынады,  қар ериді, жер көгеріп, гүлдейді, 

жаңбыр жауады. Өлең құрылысы жинақы, ықшам.

«Жаз  келеді»  өлеңінде  шыншылдық  пен  кейіптеу  аралас 

келтірілген. Үзінді келтірелік:

9


Төл үйдеп үйшікті 

Таста бала белді бу. 



^  г  т я е к   д -Д'

Белден батып күртікке 

Енді  ізде кызыл су.

Қара көз таста кестеңді,

Үйде отырып  куарма!

Тыска шыгып-кіргенде 

Екі беті — екі алма.

Дертің болса жүректе,

Төкпе жасың, аһ үрма.

Жеткізер анык тілекке,

Шык та жазга сыбырла.

Күн баткан соң катқақ боп 

_.

Қуанганда ессіз кар,



«Жаз келеді, жаз,жаз!» — деп,

Жымыңдайды жүлдыздар.

Бүл өлеңге адам сезімін,  қыс бойы дертті  боп үйде отырган  кара 

көз бейнесін  косады. Дертің болса, оган дауа жаз келді дейді.

«Сең»  өлеңінде  табигатқа тагы да  гашықтық,  тастап  кету,  соган 

ызалану секілді сезімдерді береді

Сары аяз — сүйген жар 

Қайрылмай кеткен соң,

Қайратсыз қалың кар 

Жылаумен біткен соң,

Жел сипап, күн күліп,

Мазак кып сүйген соң,

Боларын бір сүмдык 

Ініінеіі түйген соң.

Қалың мүз кәрленіп,

Қара көк түс алды.

Еруге арланып, 

-  ? 




- *

Кетпекке ойланды.

Бүзыла — жарыла 

Антүрган аптықты.

Озеннің жарына 

Асыгып соқтықты.

Өткен соң жаз алты ай,

Ашуын жимақшы,

Әзенді еркетай

ю


Ойыннан тыймақшы.

Барады шамасы 

Суыкка қашпақшы.

Мұз теңіз -  анасы

Құшағын ашпақшы.

Қалың мүз қара көк,

Ойлама құр бекер 

Суыққа жетем деп,

Ыстық күн ерітер.

Мұнда  сары  аяз  сүйген  жар  қарамай  кеткен  соң  қалың  қар 

жылаумен  жоқ  болды,  ал  қалың  мұз  жел  мен  күн  мазақ  қылган  соң, 

кәрленіп,  қара  көк  түске  енеді,  бір  сұмдықтың  боларын  ішінен  түйіп, 

кетуге  ойланады,  анасы  -   мұз  теңізге  жетпекші.  Мұндагы  бейнелер: 

сары  аяз,  қалың  қар,  жел,  күн,  қалың  мұз,  мұз  теңіз,  ерке  өзен.  Ақын 

оган  суыққа  жете  алмайсың,  ыстық  күн  ерітеді  деп,  өзі  де  өлеңге 

сегізінші бейне боп қосылады.

Көп  уақыт  жатқан  мұздың  қара  кок  түске  айналатыны  белгілі. 

Ақын  осыны  мұздың  кәрленуімен  байланыстырып,  адамдардың  да 

ашуланганда  түтігіп,  көгеріп  кететінін  есімізге  түсіреді.  Суреткер 

табиги  көріністен  адам  кейпін  дәл  байқаган,  әрі  өлеңдегі  мұздың 

рөліне де бұл сипаттау .тура келіп тұр.

Жогарыдагы  «Жазгы  жолда»,  «Қысқы  жолда»  өлеңдерінде 

лирикалық  кейіпкер  біреу  гана  болатын.  Ал  «Жазгытұрым»  ,«Сең» 

өлеңдерінде кейіпкерлер бірнешеу болып, табигаттагы тұрақты болып 

тұрач1>ін  құбылыстар  мен  адамдар  арасында  болып  жататын  әртүрлі 

әрекеттер,  сезімдер,  қарым-қатынастар ұқсастыгына  қарай  бір-бірімен 

қабысып  жатады.  Мысалы,  «Сең»  өлеңіндегі  табигат  құбылысы 

адамдарда  болатын  махаббаттагы  тұрақсыздықты,  алданып  қалуды 

корсетеді.  Магжанның  табигатындагы  кейіптеу  көбінесе  адамдар 

сезіміне, 

махаббатқа 

арналады. 

Бұл 

-  


Магжанның 

табигат 


лирикасының  екінші  бір  ерекшелігі.  «Толқын»  өлеңінде  толқындар 

жар кейпінде бейнеленеді:

Толқынга толқын еркелеп 

Меруерт кебікке оранып

Жыландай жүзге бұралып 

Жарга жетер ентелеп.

Күміс кэусар суымен 

Суының алтын буымен 

Жарының бетін жуады.

іі


Мөлдіретіп көз жасын

Жасымен жуып жартасын 

Сүйіп сылк-сылк күледі.  .

Сылдыр-сылдьф, сылдырлап 

Бірінің сырын бірі ұрлап 

Толқынды толкын қуады.

Жарына бал береді.

Береді де оледі.

Олсді толкын — тыналы.

Мұндағы  жартас  -   толкындардың  жары.  Ақын  кэдімгі  күнде 

болып  жататын  табигаттың  заңды  кұбыпысының  өзінен  адам 

тіршілігін,  адамга  тэн  эр  түрлі  карым-катынасты  *өре  білген.  Ақын 

киялының  соншалыкты  байлыгына,  нағыз  суреткерлігіне  тэнті 

боламыз.Орыс  акыны  Бальмонттың  «Белый  пожар»  атты  өлеңі  де 

толкынды сипаттайды:

Я стою на прибрежье, в пожаре прибоя,

И волна,  проблистав белизной в вьппине,

Точно конь, распаленный от бега и боя,

В напряженье предсмертном домчалась ко мне.

И за нею другие, как белые кони,

Размстав свои гривы, несутся, бегут,

Замирают от ужаса дикой погони,

И себя торопливостью жадною жіуг.

Опрокинулись, вспыхнули, вправо и влево, —

И, пред смертью вздохнув и блеснувши полней,

На песке умирают в дрожании гнева 

Языки обессиленных белых огней. (1901)

Бальмонт  толкынды  шауып  келе  жаткан  ақ  атгарга,  ак  жалынга 

ұксатады.Ол да толкынның соңында жоқ болуын «өледі» деген сөзбен 

береді.  Бальмонттың лирикалык кейіпкері үшін  жай  ат емес, согыстан 

келе  жаткан  ақ  ат,  ақ  жалын  маңызды.  Толкынның  түсі  ак 

болатындығсган,  оның  аты  мен  жалынының  да  түстері  ак.  Бальмонт 

баска  олеидсрінде  отты  ең  эдемі  кұбылыс  деп  санайды.  Толкын  мен 

жапынның  кимылдары  бір-біріне  ұксас  болгандыктан  да  ақ  жалын 

деген метафораны колданган.

12


«Батқан  күн,  атқан  таңның  жыры»  өлеңі  азамат  лирикасына 

жатса  да,  мұндагы  табигат  көрінісі  де  жогарыдагы  ойымызды 

нақтылай түседі:

Алтын күн батып барады

Алтын күн ақырын өледі.

Сұр бұлттар — сорлы жар,

Қан жылап күнді көмеді.

Күн өлді. Көк күңіренді.

Жер жамылды қарасын...

Жер жарынан айрылып,

Жамылды қара басына...

Бүл  өлеңнен  де  жар  бейнесіндегі  бұлт  пен  жерді  көреміз.  Жай 

гана  кейіптей  салмайды.  Күнде  қайталанатын  күннің  батуын, 

қараңгылық  түсуін,  күн  батып  бара  жатқандагы  бұлттардың  қызыл 

шапаққа  бөленуін  тұтас,  бір-бірімен  байланысты  әрекет  етіп 

бейнелеген. Былай қараганда, күннің батуы мен содан кейінгі болатын 

озгерістер  жарынан  айрылып,  қара  жамылган  адам  эрекетінен 

аумайды.


Қорыта айтқанда Магжанның табигат лирикасы  ақынның стилін 

айгақтай  түседі.  Табигат  лирикасына  ақынның  өз  бояуын  қосқаны, 

ешкімге  ұқсамайтын  суреткерлік  бай  қиялы  аңгарылады.  Табигат 

жұмбагы  мол  тылсым  дүние  болса,  Магжанның  табигат  лирикасы  да 

сол  табигаттың  өзі  секілді.  Бұл  салада  қазақ  әдебиетіне  Магжанның 

жаңалық қосқаны даусыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет