Р. М. Муталиева Қазіргі қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата03.03.2017
өлшемі3,97 Mb.
#5511
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.2 «Батыр Баян» поэмасы

Магжан  өмір  сүрген  кездегі  қазақ  әдебиеті  айтысты-тартысты 

болды.  Соган  орай  ақын  шыгармалары  әр  түрлі  багаланып  жатты. 

Ташкентте  оның  «Батыр  Баян»  поэмасына  бірінші  болып  Жүсіпбек 

Аймауытов  пікір  білдірді.  Ол  Ташкентте  оқып  жүрген  қазақ жастары 

үшін  Магжан  жэне  оның жаңа  поэмасы туралы  кең  көлемді  баяндама 

жасады.  Кейін  оны  мақала  қылып  бастырды.  Мұнда  Жүсіпбек  ақын 

шыгармаларын  жан-жақты  талдап,  гылыми  түсінік  берді.  Ол  белгілі 

орыс  эдебиетшісі,  мемлекет  қайраткері  А.В.Луначарскийдің  мына

пікірін  эдейі  келтірген:  «Нагыз  сырлы  әдебиет  бар,  мэселен 

Лермонтовты,  Шекспирді  алайьщ.  Олар  белгілі  бір  үгіт  айтқан  ба? 

Таптың жырын жырлаган ба? Жоқ, оларға сырлы,  көркем сөз шыгару, 

айкын  перне  түсіру  мақсұт  болган.  Олар  бір  эдемі  суретті,  болмаса

13


адамда  болатын  бір  сезімді,  болмаса  белгілі  адамдардың  жанында 

болган тартысты алады да,  киялына келген норсені суреттейді» [7,

365 6.]. 

.

Жүсіпбектің  мүны  айтып  отырган  себебі:  төңкерістің  алгашкы 



жылдарында  Магжан  Қызылжардан  куылды.  Өйткені  оның  өлеңдері 

Кеңес  өкіметінің  талап-тілегіне  кайшы  келді,  акын  түрікшіл  деп 

багаланды.Жүсіпбек  жогарыдагы  Луначарский 

пікірін  арнаулы 

максатта  пайдаланып,  жаңа  өкіметтің,  оның  саясатын  насихаттаушы 

марксшіл  болыпевиктердің  акынга  деген  көзқарасы  да  осындай  деп 

түйіндейді.  Демек,  сыншы  Магжан  неге  бір  таптың  жыршысы  болу 

керек, ол  неге ой мен өнер еркіндігі үшін қудалануы керек деген сүрак 

туындатып отыр.

Луначарскийден  дәйектеме  келтіре  отырьпі, 

өз  гылыми 

түжырымыи  откізуге  тырысады.  Лениннің  1905  жылгы  «Партиялык 

үйым  жэне  партиялык  әдебиет»  деген  еңбегінде  көрсетілген: 

«Одебиет  ісі  —  жалпы  пролетарлық  істің  бір  бөлшегі,  барлық 

жүмысшы  табының  саналы  алдыңгы  тобын,  бір  түтас,  үлы  социал- 

демократиялық  механизмін  козгалысқа  келтіретін  «доңгалақша  мен 

кішкене бүранда» дегеніне қарсы шыгады.

Аныгын  айту  керек,  қазақ  эдебиеттану  гылымы  тарихында 

әдебиет  туралы  осы  лениндік  ілімді  жоққа  шыгарган  жалгыз  гана 

Жүсіпбек  Аймауытов  болды.  Оның  бүл  батыл  теріске  шыгаруын 

колдаушы  табылмады.  Керісінше,  күні  кешеге  дейін  эдебиетші 

галымдардың  бэрі  «эдебиеттің  таптыгы»,  «эдебиеттің  партиялыгы» 

деген  лениндік  жалган  кисынды  алаңсыз  кабылдады.  Сөйтіп,  эр 

партияның  өз  әдебиеті  болады,  эр  таптың  өз  әдебиеті  бар  дегенге 

оздері де сенді, озгелерді де сендіруге әрекеттенді.

Жогарыда аталган мақаласында сыншы:

Қомагай кара топырақ бүлкіл қагып,

Асыгып екі жастың қанын ішті, —

деи  сурсттейді  Магжан.«Мүндай  суреттер  толып  жатыр.  Баска 

жүрт  оз  онерпаздарымен  мақтанса,  қазақ  эдебиеті  де  бір  кезде 

суретшілдік  жонінде  Магжанымен  мақтануында сөз  жок.  Магжанның 

акындық  күші,  сөзге  еркіндігі,  суретшілдігі  «Баянда»  толық  көрінеді. 

Абай  айткан  «сөз  патшасы»  «Баянда»  бар.  Адамдардың мінезін дұрыс 

келтіру,  биге  -   бише,  батьфга  -   батырша,  ханга  ханша  бага  беріп, 

эркайсысының аузына өздеріне лайық соз салуы, сұлуды, махаббатты, 

батырлы,  согысты,  олімді  суреттеуі  өмірді  түйе  білгендігін  көрсетеді.

«Баян» -  казак әдебиетіндс бола бермеген табыс  [7, 394 б.]» .

14


А.Луначарский  көрсеткендей,  орыс  әдебиеті  Лермонтовымен, 

ағылшын  әдебиеті  Шекспирімен  мақтанса,  қазақ  әдебиеті  өзінің 

Мағжанымен мақтануға әбден құқылы.

Мағжан  ақындығын  жэне  оның  «Батыр  Баянын»  қуана 

қабылдаушының  бірі  Ахмет  Байтұрсынов  болды.  Ол  «Әдебиет 

ганытқышында  (1926)  Мағжан  шығармаларынан  көптеген  мысалдар 

алды, оларды ақындық өнердің үлгі-өнегесі ретінде талдады.

Башқұрт  ақыны  -Сайфи  Құдаш  1968  жылы  Мэскеуде  орыс 

тілінде  шыққан  «Жастық  шақ  ізімен»  атты  кітабында  әлі  тұтқында 

жатқан  Мағжан  есімін  қорықпай  атады,  ол  туралы  қазакгардың  әлі

өздері айтпаған жылы лебіз білдірді.

Әдебиетке 

жиі 

араласып  .  жүретін 



қоғам 

қайраткері 

Ы.Мұстанбаев  ұлтшыл  атанғандарды  жақтай  отырып,  Абай,  Мағжан, 

Жүсіпбектерді  үлгі  тұтады.  «Біздің  жас  жазушыларымызға,  кедейшіл 

ақындарға айтарымыз — жалпы саяси тілек бөлек. Бірақ «Батыр Баян», 

«Қартқожаны» оқы!  Үлгі ал!», -  деп жазады [8,  179 б.].

Ғаббас  Тоғжанов  әдебиетке  таптық  тұрғыдан  қараса  да,  1928 

жылғы  6  мамырда Мәскеудегі  әдеби айтыста былай дейді:  «...мен  әлі 

де  айтам  -М а ғж а н   көркемдік  жағынан  артық.  Сондай  көркемдікті 

біздің жалпы жазушыларымыз да үйренуі керек.  Мағжаннан үйренуге

несіне арланады» [8,  180,6.].

Ал  С.Сейфуллин  «Жыл  құсы»  журналының  1928  жылғы  2-

санында  «Жұмабайұлы  Мағжанның  пролетариат  бағытына  қарсы 

өлеңдерін,  арам,  жұмбақ,  шүбэлі,  тіпті  көркемдігі  жоқ  ертектерін  де 

дэріптеп басып шығарып жүрмеді ме», — дейді [8,  183 6.].

1924  жылдың  басында  Орынборда  әдеби  «сот»  өтеді.  Басты 

айыптаушы  -   С.Мұқанов,  қорғаушы  -   Жэкен  Сәрсембин.  Мұнда 

«Мағжан -  Совет өкіметінің жауы, оның шыгармалары  оқытылмасын,

жарияланбасын» деген қаулы алынады.

Сол  жылдың  қараша  айында  Мәскеуде  Мағжан  шығармалары 

бойынша  эдеби  айтыс  отеді.  Айтыста  екі  түрлі  пікір  жарысы  туады. 

Бірінші  топ  «Мағжанның  саяси  қатесі  болғанымен,  ол  — үлкен  ақын» 

деді,  екінші  топ  «Мағжанды  буржуазияшыл  —  ұлтшыл,  бізге  жат

ақын» деді. Соңғы пікір бойынша қаулы алынады  [8,  177 б.].

1930  жылы  Мәскёудегі  «Әдеби  энциклоиедияда»  Әбдірахман 

Байділдин  Магжанды  эдеби  тұрғыдан  емес,  саяси  тұрғыдан  айыптай 

келе  былай  дейді:  «Ақынның  саяси  бағыты  «Шығыс»,  «Тәңірі», 

«Бостандық»,  «От»,  «Жаралы  жан»  ,  «Жолдасқа»  деген  өлеңдері  мен 

«Ертегі», «Батыр Баян», «Қорқыт», т.б.  поэмаларында айқын  көрінген. 

Мұнда  Жұмабаев  қазақ  халқының  өткен  күнін,  ескі  тұрмысын  үлгі 

тұтады, Шыгысты идсал  көріп, Батысқа қарсы қояды»  [8,  185 б.].

15


Төңкерісшіл агаларының ыкпалында болган Ә.Тәжібаев:

Магжандай іздемеймін Қорқыт көрін,

Қобызбен сарнамаймын сұрап өлім.

Кезбеймін есуас боп ен даланы,

Қуатты орыс, казақ еңбекші елім.

Көр де аулақ, өз басымнан өлім де аулақ,

Көрсетем Магжандарга көрдің төрін, —

деп  жазды.  Кеңес  әкіметі  кезінде  ақын-жазушылардың  бәрі 

бірдей  Ә.Тәжібаев  секілді  багытты  ұстанган  жоқ,  Ғ.Мүсірепов  секілді 

дұрыс  козқарасынан  айнымагандар  да  болган.  Ғ.Мүсіреповтің 

күнделігінде Магжан туралы жазбалар бар. 

_

«Батыр 



Баян» 

поэмасының 

жазылуына 

байланысты 

Ш.Елеукенов  мынадай  орынды  пікір  айтады: Шо қан  жазбаларында 

Абылай  ханның  қол жинап, Баяндармен бірге аттанганы туралы дерек 

бар.  Мүмкін,  Магжан  Шоқанның осы  жазбасын  оқыган  болар,  Шокан 

«Исторические  предания  о  батырах  ХҮШ  века»  деген  очерк  жазды, 

солардың  деректерін  пайдаланган  болар  деген  пікір  айтады.  Мүмкін. 

Тарихи  очерк  атап  отырган  осы  еңбегін  Шокан  аңыз  деп  атаган  гой. 

Онда  қалмақтар  ақ  киіз  үй  береміз  деп  шакырганда  Баян  ханның 

бармаганын  қалаган.  Хан 

тыңдамаган.  Шоқан  Баян  қалмақтарды 

қуды, жете алмады,  кейін  кайтқанда жолда әскері де,  озі де  қалмақтар

улап  кеткен  судан  өлді  дейді.  Магжан  бұларды  шыгармашылықпен 

біраз  озгерте  пайдаланган.  Тек  Шоқанда  Ноян  деген  бала  батыр 

аталмайды.  Ондай  адам,  шындыгында,  болган  емес.  Ол  -   ақынның 

коспасы.  Дегенмен,  мүның  түбінде  де  ақиқат  жылты  бар.  Баянның 

агайындарының  бірі  Сары  дегеннің  Қыстаубай  деген  баласы 

калмактың  Лагыл  деген  қызымен  қашып  кеткенде  экесі  қуып  жетіп 

өлтіруге  Баянды  жұмсайды.  Алайда  Баян  екі  жасты  олтірмейді, 

киімдерін  қозы  қанына  малып  алып  келеді.  Сонда  осы  аңыздар 

негізінде Ноян Магжан қиялынан туган.

Акын  Баян  өлімін  де  басқаша  алган.  Омір  шындыгын  коркем 

шындыкка  айналдырган.  Олай  етпегенде  «Батыр  Баян»  көркем 

шыгарма болмас еді.  Қалай дегенде де аңыз-әңгімелер поэмага жанама 

озек  болган.  Акынга  Ш.Елеукенов  жазган  Шоқан  жадыгаттары  ел 

аңызы бойынша да белгілі болуы мүмкін.

Поэманың  басты  каһарманы  — Баян  батыр,  ішкі  дүниесі  түгел 

ашылып,  күрес-тартысы  кең  көрінетін  романтикалық  бейне.  Абылай 

ханның оз сипаттауынша дз Баңн тегін батыр емес.

16


Көи жаудыц албастысы, ел еркесі,

Баянныц батырлыгы алашқа аян.

Баянныц эруақты құр атынан

Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян.

Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат 

Баянсыз қанатымды қалай жаям?!

Би Қанай!  Аттанбайды хан Абылай,

Кслмесе қандыбалак батыр Баян!

Басқа  батырларды  санамалай  келе,  ақын  Баянды  даралаи, 

ерекше,  өршіл,  ауыспалы  мағыналы  «албасты»,  «ел  еркесі», 

«наркескен»,  «қайтпас  болат»,  «қандыбалақ»  сияқты  сөздермен 

бейнелейді.  Жорыққа шығу үшін де Баян  керек,  қалмақтарды  қояндай 

бүқтыру үшін де Баян керек, Абылайдың хандық қаһары үшін де Баян 

керек. Осыдан келіп Баян -  поэманың басты тірегі, оқига иесі болады.

Баян  басын  жеке  корсетуде  ақын  өз  атынан  емес,  хан  атынан 

сөйлейді.  Баянды  багалаушы,  батырлыгын  дәріптеуші  — Абылай  хан. 

Абылай  сөзі  —  халық  сөзі.  Оган  ден  қойсақ,  Баян  басында,  Абай 

айтқан, «ыстық қайрат, нүрлы ақыл, жылы жүрек» — түгел бар.

Магжан 

поэманың 



қүрылымына 

лайықтап, 

Баянның 

батырлыгын сипаттап алады, сонан соң оқига желісін біртіндеп өрбіту 

арқылы  батырдың  ішкі  дүниесін  көрсетуге  ауысады.  Тіпті  батырдың 

туган жерін, оскен ортасын, руы мен тегін де таныстырып өтеді.

Баян  кои  жорықтыц  бірінде  қалмақ  сүлуын  олжалап  алып 

келеді.


Шын ер гой батыр Баян алып қайтқан,

Еліне сол сүлуды естен танбай!

Қыз, 

шынында  да,  көз  тоқтата  қараган 



жанды 

естен 


тандырарлықтай  әрі  ақылды,  әрі  сүлу болуы  керек.  Опы тегін  кыз деп 

ешкім  айта  алмас.  Бірақ  Баян  тек  батыр  емес,  ақылды  батыр,  жүрек 

сезімін  тізгіндей  біледі,  бірден  қыз  қүрыгына  түспейді.  Шыдам  мен 

сырды  бүгаулай  отырып,  қызга  қарындасынша  қарайды.  Апайда  ол 

батырды  билеп  кете  алмайды.  Осылаиша  Баянныц  жан  дүниесі,  сезім 

эрекеті бірте-бірте ашыла түседі.

Ауыл ақсақалдарының бір сүм  іс болып  қалды деп  естіртуі Баян 

ііамысын  қоздырады.  Інісі  Ноянныц  қалмақ  қызымен  кетіп  қалганын

сстігсндсгі ба гырдыц күй-жайы бьшаі

Боз үйде жалгыз қалып Баян еқі

17

йтымдвғы  ПМУ*дің



«кадэмик  С.В«йсомбаеи|

атымдағы  ғылыми



к і т

А

п х а н а о

Жаралы жолбарыстай күңіренді.

Коргасын  миын, ойын төмен басып,

Акылга алгыр кұстай ашу төнді.

Бір кок сұр түс енгізіп бар денеге,

Сүм жүрек канды өзіне жинай берді.

Акырла ашу ерді билеп кетіп,

Жалп етіп, сөнген шамдай ақыл өлді.

Әлді  акыл. Атып түрып батыр Баян,

Боз үйден ок жыландай шыга келді.

Жан  күйзелтердей  жагымсыз  хабар  батырга  жайсыз  тиеді.  Бір 

мезет  батырды  ашу  билеп  кетеді.  Бүл  түсты  «акыл  өлді»  деген 

кейіптеумен түсіндіреді. Ашу үстінде ажары от шашқан көріністі «сүм 

жүрек  канды  өзіне  жинай  берді»  деп  баяндайды.  Ақын  сұмдықтың 

бэрін  «сұм  жүректен»  көріп,  өзі  қалаган  каһарманына  араша  болады. 

«Сұм  жүрек»  — эпитеттік  тіркес.  Негізгі  магынасы  -   жаманатты  сезу. 

Батьфдың  басына  түскен  сын  сагаты  жүрек  тебіренісіне  байланысты. 

Осы  жерде  батыр  басында өкініш  те,  қызганыш  та,  өзімшілдік те  бар. 

Оның  кызга деген  гашықтық сезімі  бұрын  сыртына теппеген  еді,  енді 

інісінің жау  кызы  үшін туган агага опасыздық етуі, елін, жерін тастай 

қашуы  озгеше  күйге  салады.  Махаббатын,  гашықтық  отын  үрлейді, 

жауга наразы ыза-кегін өршітеді. Қызды аярга, інісін жауга балайды.

Ой жоқ боп, жүрек шоқ боп, құр екпін боп,

Сұңкардай соргалаган келді Баян.

Қыз түгілі  қаны бірге өз бауырын 

Танымай қалгандай да бөлды Баян.

Ғажап  психологизм!  Барлық  дүние  бірінші  тармакта  безбенге 

түскен. Оз бауырьга танымас адам болмас. Батырдың ішкі жан-дүниесі 

копарыла  козгалып,  қызганыш  сезімі  өн  денесін  өттай  шарпыганда 

гана  көзі  карайып,  тынысы  тарылады;  буыны  бөсап,  белгісіз,  кауіпті 

каракеттер  кұлына  айналады.  Жогарыдагы  шумак  -   соидай  сәттің 

куэсі. Осы екпінмен інісі мен кызды өлтіріп жібереді.

Ашу  белең  алганда  ақыл  кейін  келеді.  Есін  жиган  сөң  барып, 

Баян  екі  жасты  кұшақтап,  екініш  жасына булыгады.  Кезеп  ашу  тарап 

кетіп,  коркақ  ақыл:  «Мұның  не?» -  деп,  шыга  келеді.  Батыр  озіне-өзі 

сот  кұрады.  Ішінде  аласапыран  басталады,  жаны  арпалысады.  Батыр 

эуелі  өзін  аяусыз  айыптайды.  Бауырмалдық,  туыстык  сезімі  өянады. 

Жайшылықта  Нөянды  өлтірмек  түгілі  оның  табанына  кірген  шөңге 

менің  маңдайыма  калалсын  деген  ниеті  кайга  оралады.  Енді  жау

18


қызыи  неге  алып  келіп  едім  деген  өкініші  жанын  жейді.  Өйткені 

барлық оқигаға, өлімге себепші -  сол жау  кызы.  Батырдың көз алдына 

артынан  қуып  жеткен  агасына  арсалаңдап  күліп  еркелегені  сурет 

болып  тұрып  алады.  Бұл  жай  батырдың  өзін-өзі  кешірмеуіне,  өзін-өзі 

кінәлауына әкеліп согады. Ол шіріп қалгыр саусагын да, сұлуга түскен 

көр  болгыр  көзін  де,  сынбай  қалган  садагын  да,  кемуді  көрмеген 

күшін  де  -   бэрін  де  қаргайды.  Енді  бір  сәт:  «Інімді  алты  алаштың 

намысы  үшін  елтірдім  бе?»  -   деген  оймен  жұбанбақ  болады.  Сол 

бойда  ол  ақылынан  қайтып:  «Жоқ,  бұл  оймен  тартқан  жоқпын 

садақты,  гашықтықтан,  қызганшақтықтан  өлтірдім»,  -  д еп,  айыбын 

қалыңдата  түседі.  Туыстық  сезім  мен  гашықтық  күйік  екеуі  бірдей 

батырдың  екі  иінінен  жаншып,  ар  соты  алдында  тізе  бүктіреді,  ар- 

намысын  оятып,  ерекше  жанкешті  күйге  салады.  Баян  ең  соңгы 

тоқтамында  жау  қолынан  өлуді  қалайды.  Бір  емес,  екі  адамның,  ең

р

кымбат  адамдардың  қанын  жүктегендіктен  алаш  намысы  үшін 



өлтірдім  дей  алмайды.  Шындыгында,  інісі  мен  қалмақ  қызының 

соңынан  қуа жөнелгенде ол  бірден қара басының қамын  ойлаган жоқ. 

Халықты, оның жау алдындагы ары мен абыройын алға тартты. Батыр 

бойындагы эр түрлі сезім толқын секілді бірін-бірі қуалап, бірінен-бірі 

балалап,  батып-шыгып  жагага жеткендей.  Ел  бетіне  қарауга хұқысыз, 

ханга қадірлі болу амалын тауысқан. Жаумен жагаласып өлуден басқа

жол таппады. Сөйтіп, кінэсінен тазармақ.

Баян  басындагы  осы  тайталас  хал,  ақтық  шешім  бэрібір  оның 

басқа  батырлардың  көбінен  қадірлі,  ақылы  кемел,  ерлігі  теңдессіз, 

жеме-жемде жүректі  халық батыры екендігін дэлелдейді.

Магжан  -   ауыл  ақыны  емес,  еуропалық  түсініктегі  жогары 

мәдениетті  жазба  ақын.  Олай  дейтініміз  ол  Омбы  семинариясында 

орыс  әдебиетінің  үлгілерімен  емін-еркін  танысты.  Мэскеуде  Брюсов 

атындагы  эдебиет  институтында  элемдік  эдебиет  классикасының 

таңдаулы  шыгармаларының  бэрін  дерлік  оқып  білді,  орыс  тіліндегі 

түпнұсқаны да, аудармаларды да меңгере зерттеді.

Біздің  ойымызша  ақын  Н.Гогольдің  «Тарас  Бульбасын»  қызыга 

окыи,  туган  эдебиетінен  соган  ұқсас  оқига  желілерін  де  іздеген 

сиякты.  Бірақ  сыртқы  кейбір  ұқсастықтар  демесе  Баян  батыр -  Тарас 

бейнесімен  ұлттық  ұқсастыгы  жоқ  өзге  бейне.  Тарас  қызга  отанын 

айырбастаган  баласы  Андрийді  саналы  түрде  өлтірді.  Мұндагы 

шиеленіс  пен  өз  баласын  өлтірудің.  бірден-бір  себебі:  сатқындық, 

опасыздық.  «Батыр  Баяндагы»  махаббат,  қызганыш,  аганың  арын 

таптау  атымен  жоқ. 



«Я

  тебя  породил,  я  тебя  и  убью!»  — деп,  атып 

салады.  Баласының  денесін  де  көмбестен  айқасқа  кірісін  кетеді.

19


Баянда  каталдығымен  коса,  жанашырлык,  туыстық,  қимастык  көрініп 

отьфса, Тараста ондай сезім мен касиет байкалмайды.

Елеукснов  айткан  «Баяндагы»  жан  диалектикасы  Тараста 

корінбейді.  Себебі  Андрий:  «Мен үшін  отан да,  эке де,  бауыр да  жок. 

Маған  тек  сен  керексің»,  -   дейді.поляк  кызына.  Өз  отандастарына 

карсы  шауып  келе  жатканда  оның  көзі  алдында  кыздың  сұлу  иыгы 

мен  оны  жапкан  бұйра  шашынан  баска  түк  көрінбейді.  Әкесі  аткалы 

жатканда  да  оның  аузына  не  шешесінің,  не  агасының  аты  түспейді. 

Тек  кыздың  атын  атап  күбірлейді.  Тарас  өлер  алдындагы  баласының 

тұлгасына тагы бір көз жүгіртіп, кай  казактан  кем еді, түрі де, тұлгасы 

да,  күші  де  бар  еді  деп  өкінішті  аяушылык  білдіреді.  Ал  Баян  жау 

огына үшып, есі  кіресілі-шыгасылы жатканда да көз алдына Ноян  мен

калмак кызы елестейді.  •

Сонымен Баян ел-жұрты үшін өз інісі мен тұткын қызды, өзін де 

халық жолына кұрбан кылган батыр болып каладьь

Ноян  -   Баян  емес,  элі  жас,  жалпыұлттық  ар-намыс  биігіне 

жеткен жок.

Ноянның бар акылы білегінде,

Билсген асау жүрек, қайнаган қан, -

деп, 


-  

таныстырады 

ақын. 

Оның 


кайраттылыгына 

күмэнданбайсыз, 

жүректілігіне 

сенесіз. 

Ноянньщ 

сезімінде 

басымдылық  бар.  Бірақ  Ноян  Андрий  емес.  Ол  агасын  шексіз  жақсы 

көреді,  бірақ  сұлу  кыз  тұтқынына  түсіп  калды.  Қуып  жеткен  агасьш 

көргенде-ак катесін ұқты, сол үшін қанга бөкті.  Баян  ол үшін  ага гана 

емес,  бүкіл  халкы,  елі, .жері.  Ол қ алмактың  сұңгыла  қызының  сұм 

ойын аңгармады, аңгалдық -  балалық істеді.  Ел алдындагы борыш пен 

парыз  дегенді  ұмытып  кетеді.  Қыз  жігіттің  жастыгын,  бостыгын 

пайдаланады.  Он  бестегі  Ноян,  батарлар  агасы  болып  қалган  Баян 

емес, оны қалай илеуге де болатьшын түсінді.

Қалмақ кызының көркем бейнелік салмагы элдекайда басым. Он 

тортте  болганына  қарамастан  сұм,  сұңгыла.  Акын  кыз  келбетін 

ұмытылмастай суреттеген.

Сол сұлу -  сұлу екен аткан таңдай,

Бір соган бар сұлулық жиылгандай.

Торгын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,

Сөздері су сылдьфлап құйылгандай.

Бір улап көзкарасы бір айнытқан,

Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай.

Лебізі -  жібек желі, жұмак желі,

20


Кәуссрдей татқан адам қалар қанбай.

Қалмақ қызы қанша әсерлі, Баян мен Ноянның белгісіз арманын 

тудырган  тылсым  десек  те,  оның  бойында  батырлар  аңдамаган, 

ақылга салмаган құпия бар.



Ш

Қалмақтың қайсар қызы қайрылмаган,

Болатгай жасу білмей, майрылмаган.

Жап-жас қыз сұмдығы мол сыр бермейді,

Жандай-ақ ойдан аулақ қайгырмаган.

Алаштың аруы боп кетсе-дагы,

Жанымен өз жұртынан айрылмаган.

Қыз  құпиясының  кілті  -   өз  елінің  алдындагы  перзенттік 

борышына  адалдыгы.  Сондықтан  қыз  батыр  Баяннан  оз  бойын  аулақ 

ұстайды  да,  жас  Ноянды  өзі  бастап  қолға түсіреді.  Өйткені  қыз  есебі 

бойынша  Баян  қазақ  халқының  қалтқысыз  батыры,  бұл  жолда  ол 

айнымайды.  Ал  Ноян  әлі  жас,  оған  өз  қызыгы  қымбатырақ.  Қыз  оны 

өз еліне қайтар жолдағы жан серігіндей көреді.

Қазақ  әдебиетінде  тұтқын  болған  қалмақ  қыздары  кездесе 

береді.  Әр  қайсысы  эр  түрлі  сипатталады.  Сәкен  Сейфуллиннің 

«Кокшетау» 

иоэмасыпдагы 

қалмақ  қызы  Мағжанның  «Батыр 

Баянындағы»  қалмақ  қызымен  сырттай  ұқсас.  Екеуі  де  тұтқын,  екеуі 

де  ақылды.  Айырмашылықтары:  Мағжан  қызы  эріден  ойлайтын  сұм. 

Сәкен  қызы  озгеше,  ақылы  қулық-сұмдық үшін  емес, өз тағдырын да, 

өзге тагдырын да қан төгіссіз, асқындырмай шешу үшін әрекеттенеді.

Мағжан  поэмасындағы  қалмақ  қызының  сұмдығының  сыры 

мынау:


Сорлы анам көкірегін көкке сауып,

Қан жылап менен бір ант алған еді.

Ол анты: «Елдің шетін, анаң бетін

Бір кормей, қызым*, ерге барма!» — деді.

Анама созім анау, өзім мынау,

Жас Ноян жүгінемін ер деп сені.

Қалмак  қызының  сертіне  беріктігін,  гуган  елінс,  анасына 

адалдығын  теріске  шығаруға  болмайды.  Әркімнің  де  солай  болганын 

құптау  керек.  Барлық  мэселе  Ноянның  қыз  сөзіне  имандай  елтіп, 

калмак  елін  өз  елінен  артык  санағандығыда  болып  отыр.  Баянды

21


аішаған, 

ІІояпды 


арбаган 

капмак  кызы 

кайткенде  ле 

казак 


батырларыпым адал  жары бола алмайды.

Көркем  бейне  тарихи  тұлга  көшірмесі  емес.  Суреткер  тарихи 

шындыкты  эдеби  шындықка  айналдырғанда  артык та  кете апады,  кем 

де  түсе  алады.  Магжан  поэмада  әдеби  Абылайды  Сэкенге  карама- 

карсы  казактыц  біртуар  азаматы  етіп  бейнелейді.  Онын  елге  аңыз 

болган  үлылыгын  алады  да,  пендешілігін  жауып  кояды.  Бүл  тәсіл 

акыниыц максат-мүддесіне сай келеді.

Ертеде Абылайга орда болган агаш,

Ордасын сол агаштағы Абылайдың 

Меккедей тэуеп қылган тэмам алаш.

I I

Хапык  кезінде  Абылайды  әулиедей  көріп,  оның  ордасына  іздеп 



барып,  Меккеге  сиынғандай  тэуеп  еткен.  Поэма  хан  Абылайды  да, 

адам  Абылайды  да  жүртына  кадірлі  болды  дейді.  Поэмада  бір 

шумактан бір шумакка ауысқанда Абылай бейнесі биіктей береді.

Сэкен  «Көкшетау»  поэмасында  шу  дегенде  Абылай  бейнесін 

былай береді:

Әйтеуір, расы сол: Көкшетауды 

Ел шапқыш хан Абылай мекен еткен...

Хан дегеи жерге тамған қанға құмар,

Дірілдеп өлім күткен жанға кұмар.

Жазыксыз бейпіл жатқан елді шауып,

Типыл гып жер күңіренткен даңга құмар.

Сэкен Абылай туралы ымырасыз көзқараста. Ол ханды бірыңғай 

эулие түрінде бейнелеген акындарга карсы. Оларды сынай отырады.

Біреулер батыр мен би, ханды мактап,

Бүрынгы надан, шірік заңды мактап,

Сарнайды, жыр қылады сөзін сырлап,

Баксыдай жын шакырған сандырақтап, -

деп, атын атамаса да Мағжанды түйреп өтеді.

Магжанның  да  Абылайга  кейде  сынай  карайтын  жерлері  бар. 

Абылай  Баяп  акылын  алмай,  алдап  шақырган  қалмактар  колына  өзі 

барып  түседі.  Ол  калмактарды  эрі  алдап,  эрі  сыйлықтарын  олжа 

кылмак.  Магжаинын Абылайы  қазак даласына  ықпалды, аланггы атага

22


бөлмей  тұтас  қараған, данагөй, ақылды басшы болып сипатгалған.  Ол

-  батырлардың батыры.

Әдебиеттегі  Абылайға  байланысты  ала-құла  бейнелеу  тәсіліне 

қарамастан  Мағжан  — ханның  халқымыздың  тарихындағы  орнын  өз 

таралынан эділ бағалаған.

Поэма  мұраты  не  деғен  сұрақ  туады.  Демек,  Мағжан  алдына 

қандай мақсат қойды?

ХҮШ  ғасыр  қазақ  халқы  үшін  тарихи  сын  заманы  болды.  Ел 

болып  қапу  екіталай  еді.  Екі  тау соктыгысса  арасында шыбын  өлетіні

■ я


сияқты,  казақ  даласында  Шығыста  Қытай,  Батыста  Ресей  мүдделері

түйісті.  Қазақ  жеріне  жету  үшін  Қытай  жолында  қалмақтар  жатты.

Орыс  патшалығы  ХҮШ  ғасыр  басынан  бастап,  қазақ  жерінің

терістігінде  отаршылдық  қазығын  қаға  бастады.  Екі  ірі  патшалық

арасында  қалмақтар  мен  қазақтар  қақтығысы  осылай  туды.  Әйтпесе

бұлар  бұрын  қыз  алыгі,  қыз  берісіп  отырған  елдер  болатын.  Ресей

үшін  қазактардың  әлсірегені,  Қытай  үшін  қалмақтардың  әлсірегені

пайдалы  еді.  Міне,  осы  заманда  елді  қорғайтын  батыр,  жерді

коргайтын  хан  керек  болды.  Оларды  мадақтау,  болашақ  ұрпак

й к


алдында үлгі  тұту — поэма мұраты.  Сонымен  қатар  поэманың жазылу 

әдісінде  біраз  өзгешеліктер  бар.  Оны  бізге  дейін  зертгеушілер  де 

аңғарды, әділ бағапады.

Ә.Тәжібаев  бұл  шығарманы  симфониялық  жыр  деп  атады. 

Ш.Елеукенов  психологиялық  поэма  деді.  Біз  өз  тарапымыздан 

психологиялық-лирикалық  тэсілге  құрылған  шығарма  дегі  ұғамыз. 

Бірақ бұл айтылғандардын бірі екіншісін жоққа шығармайды.

Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Қызыл тіл колым емес кісендеулі,

Сондықтан жаным күйіп жанады да.

Қу өмір қызығы жоқ қажытқан соң,

Толғанын қарауым сол баяғыға.

Бұл -  акын басындағы  қасірет. Ол заманына риза емес.  Аныгы -  

Кеңес  окіметін  ол  қабылдамайды.  «Зарлымын»,  «жаралымын», 

«кісендеулімін», «жаным  күйді», «кажыдым» дегендері -  шындыгы. 

Әйтпесс  «Батыр  Баян»  поэмасының  орнына  біздіц  заманымыз 

туралы  шығарма  туған  болар  еді.  Ақын  озініц  заманымен 

огіпозицияда  екендігін  бүкпесіз  ашық  жазып  отыр.  Басындағы 

күйініш,  касіретін  жыр  кылып  төгеді.  Осы  тэсіл  өне  бойы 

ұмытылмайды. Сөз жок, мұныц аты психологиялык лиризм.

23


Поэмада  батьгрлык  рухымен  катар  жарысып  отыратын  екінші 

озек  -   махаббат  мәселесі.  Бұлай  дегенде  Баян  -   тұткын  кыз,  Ноян  -

түткын  кьп желісін аламыз.  Тап  осы тұста акыи  поэма жалыгатм етіп, 

оз басына танымал хал-жай хикаясын еркін пайдаланады.

Поэманың  кұрылымы  жинакы,  ыкшам:  артык  шарыктау, 

косалкы көріністерге ұрьгау кездеспейді. Көркемдігі жоғары.

Поэма  Магжан  акынның барлык зор табысы  ретінде багаланып 

жүр.  Шынында  солай.  Осы  поэмадан  онын  акындык  ерекшелігін 

толык  зерттеп  шыгуга,  поэтикалык  тілі  мен  көркемдік  амалдарын 

саралап тануга болады.

Акын  колданган  коркемдегіш  кұралдарга  токталсак,  мынадай 

кейіптеу бар:

Комагай кара топырак бүлкіл қагып, 

. _


Асығъш екі жастың канын ішті.

■ й


Осындагы  «комагай»,  «бүлкіл  кагып»,  «асыгып»  создері  бірден 

козімізге 

түседі. 

«Қомагай» 

эпитеті 

жердің 


адам 

өліміне 


тойымсыздыгын  көрсетсе,  «бүлкіл  кагып»,  «асыгып»  сөздері  екі 

жастың  қанга  боялгандыгын  білдіреді.  Бір  жагынан  корқау  касқырга 

тән  кимылдар  болгандықтан  екі  жастың  өлтірілу  суреті  соншалыкты 

қанық бояулы болып шыққан.

Жүрегі тас болса да шыдай алмай,

Қамыгып, кайгы басып,  күрсінді жер.

Молайтып минут сайын касірет жырын 

Жанында өксіп-өксіп жылады жел.

Мұнда  жерді  «тас  жүрек»  деп  алып,  тас  жүрек  жердің  өзін 

жылату  аркылы  Баянның  кайгысын  зорайта  түседі.  Табигат  та  екі 

жасты олімге кимайтындай.

Алаштың ардагері батыр Баян 

Бір кырла кала берді топырақ қауып.

Жаудан да мейірімді боп жылады жел 

Күңіреніп, ер денесін кұммен жауып.

Іленің толкындары әлі күнге,

Айтады ерге жырау ауык-ауық.

24


Мұнда  да  Баян  өліміне  бүкіл  табигат  қайгырып,  адамнан 

мейірімді боп жылауы әсерлі, жан тебірентсрліктсй. Жел оқырманның 

мұңдасына айналып кеткендей.

Күміс тац жерге күміс сэуле шашты,

Сэуле мен қараңгылық араласты.

Алыспас адал, арам бекерге ұзақ,

Жеңіліп қараңгылық жылжып қашты!

ш

Күндізді  адал  деп,  түнді  арам  деп,  екеуін  айқастырып,  түнді 

жеціліп  қашқан жау секілді  кейіптейді.  Магжан -  шыгыс, орыс, батыс 

эдебиетінен 

сусыны  қанган  ақын.  Түркі  халықтарының  ежелгі 

эдебиетімсн  дс  жақсы  таныс.  Низамидің  «Жеті  ару»  поэмасында  таң 

атты  деп  жай  хабарлай  салмай  «шыгыс  сұлтаны  өзінің  тагына 

отырды»  деп  суреттейді.  Жалпы  Низамиде  құбылыс,  табигат  өз 

атымен  сирек  аталады.  Магжан  да  сол  дэстүрмен  таң  атуын

бейнелілікпен береді.

Бұлтымен құшақтады Көкшені көк 

Керілді ерке Кокше күміс Айга:

Сэулеңці, сәулем, көбірек, -  деп, төкші, төк!

Бетінде Бурабайдың ерке толқын

Бір тынбай, күліп жарды сүйді шөп-шөн.

Бұлт қашқан мэңгі мең-зең Көкшетауга 

Бөлектау «Ой, бауырым!» дер анадайда.

Акын  өлеңдеріндегі  табигатты  сигіаттау  әдісі  мұнда  да 

кездеседі.  Жер  сұлуы  Көкшетау  көк  кереметі  айга  гашық.  Ал  екі  тау 

бірге  туган  бауырлардай.  Көкшетау  болмаса,  Бөлектау  бауырынан 

айрылын қалган жандай жалгызсырайды.

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытнас.

Ел үшін жаішан кешіп, жауды қуган,

Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.

Ел жауын зерттегі, орт боп, тынбай жортқан,

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.

Арқаның селі, желі, шөлі, белі 

Ерлерді ұмытнаса, ел де ұмытпас.

25


Мұнда  да  табиғат  -   ерлердің  анасы  секілді  ең  жакыны, 

баскалар ұмытса да ұмытпайтын аннымас, берік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет