«ҚР медициналық колледждерінің одағы» білім алушылардың ТӘжірибелік дағдылары мен игерулерінің КӘсіптік стандарты мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»


Перифериялық көктамыр катетері арқылы дәрі жіберу



бет158/160
Дата05.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#90563
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   160
3. Перифериялық көктамыр катетері арқылы дәрі жіберу (құю немесе тамшылатып жіберу).
Дайындаңыз: стерильді қолғап, қолданылған заттарды тастауға арналған астауша , стерильді мақта шариктері және салфеткалар, лейкопластырь немесе жабысқақ пластина , 0,9% 5,0 мл физиологиялық ерітіндісі бар шприц , тері антисептигі, перифериялық көктамыр катетеріне арналған стерильді бітеуіштер қорапта, дәріні тамшылатып жіберуге арналған жүйе, штатив.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқаспен амандасу, жағдайын сұрау . Емшара барысын түсіндіру, келісімін алу.

  2. Науқасты ыңғайлы қалыпқа жатуын сұрау (арқасымен жату).

  3. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу

  4. Катетерді бекітілген таңғышпен босату.

  5. Шприцті дайындау (жарамдылық мерзімін және орамының бүтіндігін тексеру).Дәрілік заттың атын, жарамдылық мерзімін, оқып шприцке сорып алу.Дәрілік затты ампуладан сорып алу немесе жүйені құрастыру стандартын қараңыз.

  6. Қолды гигиеналық дейгейде өңдеу.Қолғапты кию.

  7. Катетер белгіленген таңғыштың тазалығын және бүтіндігін көзбен көріп бағалау.

  8. Антисептикке малынған стерильді салфеткамен бітеуішті өңдеу және оны шешіп алу.

  9. Катетердің өткізгіштігін тексеру. 2,0 мл-0,9% натрий хлорид ерітіндісі бар шприцті катетерге жалғастырып, поршенді целиндрде қан көрінгенге дейін өзіңізге қарай тартыңыз.Физ. ерітінжіні жіберіңіз.катетерді жуу үшін алынатын физ. ерітіндінің мөлшері катетердің және оның құрылғыларының көлемініен 2 есе көп болуы керек.

  10. Катетердің өткізгіштігі бұзылған жағдайда (бұл кезде ерітіндіні жіберу кезінде жоғары қарсылық байқалады)емшараны тоқатып дәрігерге хабарлау керек .

  11. Катетер өткізгіштігі бұзылмаған жағдайда физиологиялық ерітінді енгізгеннен соң дәрілік зат сорып алынған шприц немесе тамшылатып жіберуге арналған құрастырылған жүйе жалғастырылады.

  12. Дәрілік зат жаймен жіберіледі, тамырға ұсақ «қалдық» ауа тамшыларының кетіп қалмауы үшін шприцте аз мөлшерде дәрі қалдырылады.

  13. Дәрілерді тамшылатып жіберген кезде жүйені катетерге жалғастырғаннан соң енгізілетін дәрінің жылдамдығын, яғни тамшылардың жиілігін реттеу қажет (дәрегердің тағайындауы бойынша) .

  14. Қолғапты шешу.Қолды гигиеналық деңгейде жуу.

  15. Дәрілерді тамшылатып жіберу барысында науқастың жағдайын бақылау.

  16. Инфузия біткен соң қолды гигиеналық деңгейде жуу.

  17. 0,9% 5,0 мл физиологиялық ерітіндіні шприцке сорып алу.

  18. Қолғапты кию.Енгізілген дәрілік ерітінді шприцін немесе тамшылатып жіберу жүйесін катетерден ажыратып алу.

  19. Физ. ерітіндісі бар шприцті жалғастырып ерітіндіні енгізу.

  20. Шприцті ажырату.Катетерді стерильді бітеуішпен бекіту.

  21. Катетерді стерильді салфеткамен жауып бекіту.

  22. Қолданылған заттарды утилизациялау.

  23. Қолғапты шешу.Қолды гигиеналық деңгейде жуу.

  24. Емшараны орындау туралы медициналық құжаттарға тіркеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет