«ҚР медициналық колледждерінің одағы» білім алушылардың ТӘжірибелік дағдылары мен игерулерінің КӘсіптік стандарты мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»


Перифериялық көктамыр катетеріне күтім жасау



бет159/160
Дата05.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#90563
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   160
Перифериялық көктамыр катетеріне күтім жасау
Дайындаңыз:стерильді қолғап, қолданылған заттарды тастауға арналған астауша, тромболатикалық май, стерильді мақта шариктері және салфеткалар, лейкопластырь немесе жабысқақ пластина, 10 мл гепаринді ерітіндісі (1:100) бар шприц, тері антисептигі , перифериялық көктамыр катетеріне арналған стерильді бітеуіштер қорапта.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Стерильді таңу материалы, стерильді бітеуіш және көлемі 5,0 және 10,0 мл болған 2 шприці бар стерильді астаушаны дайындаңыз.

  2. Шприцке 5 мл физиологиялық ерітіндіні сорып алыңыз.

  3. 2-ші шприцке 10 мл гепаринді ерітіндіні сорып алыңыз.

  4. Науқасты тынышталдырыңыз, қолын жайғастырып, манипуляция барысын түсіндіріңіз.

  5. Стерильді қолғапты киіңіз.

  6. Біріктіруші түтіктің астына екі стерильді салфетканы қойып инфузияны тоқтатыңыз.

  7. Перифериялық көктамыр катетерінің біріктіруші түтігінен дәрілерді тамшылатып жіберуге арналған жүйені ажыратыңыз.

  8. 5 мл физиологиялық ерітіндісі бар шприцті жалғастырып, ерітіндіні катетерге жіберіңіз (тромбоздың алдын алу үшін).

  9. Шприцті біріктіруші түтіктен ажыратып алыңыз.

  10. Катетердің біріктіруші түтігіне 2-ші шприцті жалғастырып 10 мл гепаринді ерітіндіні катетерге жіберіңіз.

  11. Шприцті катетердің біріктіруші түтігінен ажыратып алыңыз.

  12. Катетерді стерильді бітеуішпен бекітіңіз, қолданылған салфеткаларды және шприцтерді контейнерге тастаңыз.

  13. Бекітілген таңғыш жағдайын бақылау, қажет жағдайда ауыстыру.

  14. Болуы мүмкін асқынуларды ерте анықтау мақсатында пункция орнын жиі қарау.

  15. Ісіну, қызару, жергілікті қызба препараттарды енгізу кезінде ауырсыну болған жағдайда дәрігерге хабарлау.

Ескерту:лейкопластырлы таңғышты ауыстырған кезде қайшыны қолдануға тиым салынады.Өйткені қайшымен катетерді қиып жіберген жағдайда катетер қан айналым жүйесіне кетіп қалуы мүмкін.тромбофлебиттің алдын алу үшін пункция орнынан жоғары көктамырға гепаринді немесе троксевазинді май жағылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет