«ҚР медициналық колледждерінің одағы» білім алушылардың ТӘжірибелік дағдылары мен игерулерінің КӘсіптік стандарты мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»



бет79/160
Дата05.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#90563
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   160
Байланысты:
стандарт мейргер иси

ТЕРІГЕ МАЙДЫ ЖАҒУ


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: тері аурулары.
Дайындаңыз: дәрілік майды, залалсыздандырылған апликаторды немесе шпательді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (майдың атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

  4. Емшараны жүргізу үшін науқасқа қолайлы қалып жасауға көмектесіңіз.

  5. Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеңіз. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу: қолды сабынмен және сумен жуыңыз ( 8-тармаққа сәйкес) және тері антисептигімен дезинфекциялаңыз. Қолғапты киіңіз.

  6. Науқасқа қажетті мөлшердегі майды тюбиктен апликаторға сығып шығарыңыз.

  7. Теріге жіңішке қабатпен майды жағыңыз, оны қолмен жасамаңыз, өйткені кейбір майлар зақымдалмаған тері арқылы да сорылады.

  8. Май жаққан тері бетін 10-15 минуттай ашық ұстауын науқастан сұраңыз.

  9. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

  10. Теріні қарап, майдың сіңгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

  11. Қолыңызды жуып , кептіріңіз.


ТЕРІГЕ МАЙДЫ СЫЛАП ЖАҒУ


Мақсаты: емдік.
Қолдану қөрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.
Дайындаңыз: майды, сабынды, суды, сүлгіні, апликаторды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет