Қарсы көрсетілімдері: терінің қабыну аурулары, терінің зақымдануы.
Дайындаңыз: дәрілік ерітіндіні, сабынды, суды, сүлгіні, апликаторды, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, науқасқа дәрілік ерітіндіні таңдап алыңыз.
Дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз), тағайындалған дозасымен салыстырыңыз.
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз.
Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеңіз. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу: қолды сабынмен және сумен жуыңыз ( 8-тармаққа сәйкес) және тері антисептигімен дезинфекциялаңыз. Қолғапты киіңіз.
Науқастың терісін ұқыпты сабындап, сумен жуыңыз, сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
Қажетті мөлшердегі дәрілік ерітіндіні апликатормен теріге жағыңыз (дәке шариктері, мақта тампондары және т.б.).
Науқастың терісіне дәрілік ерітіндіні жеңіл айналмалы қозғалыспен, науқастың терісі құрғақ болғанша сылап жағыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Қолданылған қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге, ал апликаторды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ПАРЕНТЕРАЛЬДЫ ЖОЛМЕН ЕНГІЗУ
БІР РЕТ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШПРИЦТІ ҚҰРАСТЫРУ
Бір рет қолданылатын шприц құрастырылған түрінде шығарылады, оны пайдалану төмендегідей даярланады.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта (шариктерін) түйіршектерін, қолғапты, бір рет қолданылатын шприцті, тері антисептигін, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті.
Іс-әрекет алгоритмі:
Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеңіз. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу: қолды сабынмен және сумен жуыңыз ( 8-тармаққа сәйкес) және тері антисептигімен дезинфекциялаңыз. Қолғапты киіңіз.
Қолыңызға ораудағы бір рет қолданылатын шприцті алып, оның жасалған күнін және саңылаусыздығын тексеріңіз.
Сол қолыңызға ораудағы шприцті поршені мен жоғары қаратып алыңыз.
Поршень жағынан орауды ашыңыз.
Ораудағы шприцті шығарып, иненің канюлясын шприцтің ине астындағы конусына жалғастырыңыз.
Ине астындағы конус кеңістігіне (ине қалпақтың ішінде) ине канюлясын үйкеңкіреп бекітіңіз.
Инеден қорғаныс қалпағын алмай тұрып, поршенді өзіңізге қарай тартып шприцке ауаны сорып алып, шприцтен ауаны шығарыңыз, иненің өткізгіштігін тексеріңіз.
Құрастырылған шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.
Ескерту: - қолданылған инеге қайтадан қалпағын кигізуге, инені майыстыруға және сындыруға, ауыстыруға тыйым салынады.
- қолданылған шприцтерді, инелерді, системаларды су өткізбейтін, тесілмейтін бір реттік медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинаауға және жоюға арналған контейнерге салу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |