Р. Н. Куракова-Атырау, 2019. 80 б. «Өрлеу»



Pdf көрінісі
бет2/69
Дата26.04.2023
өлшемі1,81 Mb.
#87128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
Р.Куракова (1)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
©«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  
 Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, 2019 
 



КІРІСПЕ 
 
Қазақстанның бәсекеге қабілетті, қуатты мемлекет болып қалыптасуын 
қамтамасыз ететін негiзгi факторлардың бiрi және оның дамуының өзегi – бiлiм 
беру жүйесi. Бiлiм беру жүйесiнің алдында тұрған басты міндет – білім 
сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл өз кезегінде азаматтардың кез 
келген салада бәсекеге қабілетті болуын талап етеді. 
Қазақстан Республикасындағы білім беру саласының қазіргі заманғы 
жүйесін қалыптастырудың негізгі алғы шарттары – практикадан теорияға көшу, 
жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту, оқушыларға білімді 
беру үдерісінде жаңа ақпараттық және коммуникациялық технология-
ларды пайдалану.
«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 
Жолдауда «Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық 
қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және 
басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің 
өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі 
салаларға жаңа сапа дарытты»,- деді Н.Ә.Назарбаев. [1] 
Биология кабинетінде оқу үдерісінің интерактивті, инновациялық, 
жобалық-зерттеушілік, 
сандық 
технологияларды 
пайдалануымен 
ұйымдастырылуы оқушылардың білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Биология сабақтарында тірі ағзалардағы биологиялық процестерді көрнекі 
құралдарсыз түсіндіру мүмкін емес. Тірі биологиялық объектілерге бақылаулар 
жүргізу биология сабақтарының маңызды бөлігі деп есептелсе де, қазіргі кезде 
тапсырмаларды орындау барысында компьютердің виртуалды кеңістігін 
пайдалануға мүмкіндігі туды. 
Сондықтан мұғалім оқу процесін ұйымдастыруда тиімді оқытудың 
техникалық құралдарын таңдауы тиіс болғандықтан цифрлық
білім беру 
ресурстары заманауи білім берудің ажырамас бөлігіне айналды.
Цифрлық
білім беру ресурстары білім берудің бағдарламасының құралы 
ретінде қандай қызмет атқарады?
Цифрлық білім беру ресурстары - мультимедиалық дыбысталған 
презентациялар, сандық форматқа айналдырылған мәтіндер, интерактивті 
тапсырмалар мен белгілі бір тапқырып бойынша тестілеу бағдарламалары 
түріндегі интерактивті кешен. 
Цифрлық білім беру ресурстары оқу процесін ұйымдастырудағы көмекші 
құрал болғандықтан оны сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға болады. 
Оның тиімділігі: 
 Сабақ барысында дайындалған сандық объектілерді мультимедиялық 
проектор арқылы демонстрациялау; 
 Зертханалық жұмыстарды орындауда электрондық микроскоп, 
интерактивті модельдерді пайдалану; 
 ЦБР кешендерінен қажетті ақпаратты тез табу; 



 Оқушылардың жеке зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарын 
ұйымдастыру; 
 Шығармашылық тапсырмалар құрастыру мүмкіндігі; 
 Бақылау және өздік жұмыстарды дайындау; 
 Бақылауларды сабақтан тыс уақытта да жүргізе алуы. 
Жаңа модификациялық үлгідегі биология кабинеті мүмкіндіктерін 
пайдалану және «PASCO» компаниясы шығарған «SPARK» сенсорлық 
құрылғысы мен «PASPORT Xplorer GLX» және «PHYWE» неміс фирмасы 
шығарған «Кобра» өлшеуіш жүйесін пайдаланып өткізген әрбір зертханалық 
тапсырма оқушыларды өз деректерін жинауға, талдау мен бағалауға, сенсорлық 
құралдар және датчиктермен жұмыстарды саралап, практика жүзінде қолдануға 
үйретеді. 

Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептердің биология пәні 
мұғалімдеріне арналғандықтан, бұл арқылы : 

жаңа модификациялық үлгідегі биология кабинеті мүмкіндіктерін 
пайдалану туралы ақпарат алады;

жаратылыстану пәні бойынша зертханалық тапсырмаларды орындау 
барысында үдерістегі біліктілік, жобалар мен құрылымдарды білу және 
аналитикалық ойлау (графиктер құру, модельдеу, статистика) дағдыларын 
жобалайды;

білім беру жүйесіне заманауи технологиялық жаңалықтарды қолдану мен 
ендіру, ақпараттарды өндеу мен ұсынуды цифрлық форматта жеткізуді 
меңгереді; 

«PASCO» компаниясының «SPARK» сенсорлық құрылғысы мен 
«PASPORT Xplorer GLX» және «PHYWE» фирмасының «Кобра» өлшеуіш 
жүйесін зертханалық жұмыстарды орындауда қолдана алады; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет