Р. Н. Куракова-Атырау, 2019. 80 б. «Өрлеу»


ЦИФРЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯНЫ БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ



Pdf көрінісі
бет5/69
Дата26.04.2023
өлшемі1,81 Mb.
#87128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
 
ЦИФРЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯНЫ БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ 
Мен елестету арқылы туған көптеген
пікірлерден гөрі бір тәжірибені жоғары қоямын.
М.В.Ломоносов 
Зерттеу әдісі оқытудағы басты үдеріс болып табылады.
Зерттеулермен 
айналысқан оқушылар сұрақтар құрып, олардың жауаптарының нұсқаларын 
ойластырады. Олар мәліметтерді жинап, оларды қалай көрсету керек екенін 
шешеді, мағлұмат алу үшін мәліметтерін біріктіреді, сонымен қатар алған 
білімдерінің дұрыстығын тексереді. Оқушылар өз міндеттерін анықтайды, сын 
тұрғысынан және логикалық ойлауды қолданады, сондай-ақ альтернативті 
түсініктерді қарастырады. Осылайша, оқушылар ғылымды түсінуін ғылыми 
білімдері мен ой жүгірту және ойлау дағдыларын қиыстыра отырып белсенді 
дамытады.
Зертханалық тапсырмаларды орындау барысында оқушылар сын 
тұрғысынан ойлау (сауатты сұрақтарды құру, тәжірибелік стратегиялар жасау
бар қателерді табу мен тіркеу), үдерістегі біліктілік (жабдықтарды калибрлеу, 



мәліметтерді жинау), жобалар мен құрылымдарды білу (құрал-жабдықтарды 
жинақтау, қауіпсіздік шараларын сақтау, ерітінділерді араластыру) және 
аналитикалық ойлау (графиктер құру, модельдеу, статистика) сияқты дағдыларын 
дамытады.
 
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ АРҚЫЛЫ СӘТТІ 
ОРЫНДАУ ПРИНЦИПТЕРІ 
 
1.Тәжірибелер арқылы оқытуға жағдай жасау 
Оқушылар зертханалық үстелде жұмыс істеудің дағдыларын, электронды 
мәліметтерді жинауды қолдануды, жабдықтарды көрсету мен мәліметтерді 
түсіндіруді меңгерулері тиіс болғандықтан, төмендегі стратегиялар оқушыларға 
зерттеу арқылы оқыту негізін жасауға көмектеседі: 

Оқушылармен бірге, олар қолданатын жабдықтар мен бағдарламалық 
жабдықтамаларға арналған оқу ақпараттарды қарап шығу.

Бір ғана датчикті қажет ететін және датчиктерді калибрлеуді қажет 
етпейтін жеңіл тапсырмалардан бастау. 

Жабдықтар мен материалдарды дұрыс қолданудың үлгісін көрсету үшін 
алғашқы бірнеше тапсырманың орындалуын көрсету.

Оқушылар өздерінен не күтетініңізді түсінгенше, олармен бірге бірнеше 
зертханалық тапсырмаларды орындау. 

Бірлесе оқуға ынталандыру. Оқушылар бірлесе жұмыс істегенінде түрлі 
дағдылары мен қызығушылықтары пайда болады. Оқушылардың бірлесе 
істеген жұмыстарын қолдап отыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет