10
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕГІ
СТАНДАРТТЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Зертханалық жұмыстардың жалпы қауіпсіздік техникасы және сақтық
шаралары
Зертханалық жұмысты өткізудің барлық стандартты ережелерін сақтаңыз.
Зертханаға азықты немесе сусындарды өзімен бірге алуға тыйым
салынады.
Суды розеткалардан, ток көзінен алыс ұстаңыз.
Қажет болғанда қорғаныс жабдықтарын (мысалы, қорғайтын көзілдірік,
қолғап, зертханалық алжапқыш) киюді ұмытпаңыз.
Бетіңізді қолғаппен ұстамаңыз. Егер түшкіргіңіз немесе бетіңізді
қасығыңыз келсе, алдымен қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуыңыз.
Үлгілермен, зертханалық ыдыспен және жабдықтармен жұмыс істегеннен
кейін қолыңызды жуыңыз.
Көзді жуу стансалары, алғашқы медициналық жәрдемін көрсету
жабдықтары немесе төтенше қызметінің телефоны тәрізді сіздің
зертханалық кабинетіңіздің кауiпсiздiгiн камтамасыз ету шараларын бiлу
кажет.
Зертханалық кабинетте шашыңызды және бос киіміңізді жинаңыз.
Зертханалық жұмысты бастар алдында жабдығыңыздың айналасында
жеткілікті бос орын бар екенін тексеріңіз.
Зертханалық кабинетте алды ашық аяқ киімді кимеңіз.
Ыстық заттар мен сұйықтықтарды бөлме температурасына дейін суығанша
орындарынан ауыстырмаңыз.
Зертханалық кабинетте ешқашан жүгірмеңіз және ойнамаңыз.
Рұқсат етілмеген эксперименттерді өткізбеңіз.
Жұмыс орны таза және артық заттардан бос болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: