11
Қышқылдар мен сілтілердің сұйылтуы температураның жоғарылауыменен
өтеді; жаңа жасалған ерітінділер мен шыныдан жасалған бұйымдармен
жұмыс істеген кезде абай болыңыздар, өйткені олар өте ыстық болуы
мүмкін.
Қойылтылған қышқылдар мен сілтілерді арналған қоймада сақтаңыз; түтін
улы және уытты.
Барлық қышқылдар мен сілтілерді канализацияға ағызар алдында олар
нейтралданған екенін тексеріңіз.
Қышқылдармен жұмыс істеу кезде қорғайтын көзілдірікті, зертханалық
алжапқышты, сондай-ақ қолғапты киіңіз. Тамшылардан қорғайтын
көзілдіріктерді және латекс пен нитрилден жасалған қолғапты қолдануы
ұсынылады.
Барлық химиялық заттардағы этикетканы оқыңыз және қауіпсіздік
техникасы бойынша белгілер мен ескертулерге ерекше көңіл бөліңіз.
Бактериялардың кез келген түрімен жұмыс істегенде, асептикалық
технологияларын сақтаңыз.
Зертханалық жұмысқа дейін және кейін қолыңызды жуыңыз.
Қышқыл ерітіндісі көзіңізге немесе теріңізге түскен кезде, сол жерді көп
ағыс суымен дереу жуыңыз (ең кемі 15 минут).
Химиялық заттарды пайдаға асыру, өңдеу жөніндегі мұғалімнің
нұсқаулықтарын сақтаңыз.
Зат болған сынауықтың ашық шетін өзіңізге қарай немесе басқалар
жағына ешқашан бұрмаңыз.
Бөтелкенің немесе банканың ауызын мұрныңызға тақап, демді ішке
тартпаңыз.
Ыдысты ашып, оның ішіндегі субстанцияның буы сізге жететіндей
алақаныңызбен жайлап желпіңіз де, демді сәл ішіңізге тартыңыз.
Пайдаланылмаған химикаттарды оригиналды контейнерге қайта салмаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: