3. Тапсырмаға қосымша, сіздің пікіріңіз бойынша, ЭКГ көрсеткіштеріне қандай басқа ықпалдар әсер ете алады? Дене шынығушылығы, көңіл күйі, кофеин мен темекі, медитация, дене
қызуы және шаршау электрокардиограмма нәтижесіне ықпал етеді.
4.
ЭКГ электродтары қалай жалғанатынын және кернеу сигналдары қалай пайда болатынын талқылаңыз. ЭКГ датчигінің шетінде металдан жасалған, кішкентай қысқыштарымен,
үш кабелі бар. Қысқыштар теріге жапсырылатын кішкентай электродты
тілікшелерге бекітіледі. Датчик 0 мен 5 вольтт аралығында сигнал өндіру үшін
әзірленген, онда 1 вольтт изоэлектр сызық болып табылады. Изоэлектр сызықтан
ауытқу электр белсенділігін білдіреді.
5. Терінің электродты тілікшелер салынатын орындарын тазарту неліктен маңызды болып табылады? Жүректен шығатын электр сигнал мен терінің үстінде пайда болатын сигнал
әлсіз болғандықтан электрод сымының теріге жақсы жабысқаны өте маңызды.
Терінің электродты тілікшелер салынатын орындарын майдан тазарту үшін қағаз
сүлгімен сүртіңіз. ЭКГ жазбасы дұрыс емес болса, теріні медициналық спиртпен
жақсылап сүртіңіз. Спирт кеуіп кеткесін терінің тазартылған аймағына жаңа
электродты тілікшелерді салыңыз.
Зертханалық жұмысқа дайындық Бұл тапсырма үшін арнайы дайындық керек еместігіне қарамастан,
зертханалық жұмыс орындауға арналған жабдықты жинауға 10 минут
уақытыңызды бөліңіз.
Қауіпсіздік шаралары Қауіпсіздіктің мына маңызды ережелерін әдеттегі зертханалық жұмыс
тәртібіңізге қосыңыз:
Осы тапсырманы орындау үшін ЭКГ өлшенетін адам 2 минут ішінде
орнында жүгіру сияқты жаттығуды жасауы керек. Өзіңізді ыңғайсыз
сезінсеңіз, бұл жаттығуды жасамаңыз.
Оқушыларыңызды бақылап отырыңыз. Егер жаттығуды орындау
ыңғайсыздықты тудырса немесе ауыртса, оқушылардың мәліметтерді
жинауын тоқтатыңыз.