Мәліметтерді жинау Дене шынықтыру жаттығуларын орындауға дейін 10. Мәліметтерді жазуды бастаңыз.
�(6.2.)
11. Электрокардиограмма өлшенгенде не үшін босаң және тыныш күйде болу
керек?
Қолдағы бұлшық еттерінің белсенділігі жүрек сигналдарын баса алатын электр
сигналдарын тудырады.
12. 20 секундтан кейін мәліметтерді жазуды тоқтатыңыз.
�(6.2.)
13. 1-мәліметтер жазбасын «дене шынықтыру жаттығуларына дейін» деп
атаңыз.
�(8.2.)
14. Тәжірибеңіздің осы бөлігін сақтаңыз.
�(11.1.)
15. Барлық үш электродты тілікшедегі қысқыштарды алып тастаңыз.
Электрокардиограмма өлшенетін адамның үстіне электродты тілікшелерді
бекітіп қойыңыз.
16. Қысқыштар дене шынықтыру жаттығулары алдында не үшін алынады?
Қысқыштардың жалғанып тұрғаны қажет емес. Оқушыларға дене
шынықтыру жаттығуларын жалғанған қысқыштармен орындау ыңғайсыз
болады.
Дене шынықтыру жаттығуларынан кейін 17. Адам үш минут бір орында секірсін немесе «орында жүгіру» сияқты
басқа жаттығу жасасын
.
18. Қандай жаттығу орындадыңыз?
Орында жүгіру, қарғу, секіру сияқты әр түрлі жауаптар болуы мүмкін.
19. Үш минуттан кейін мәліметтері жазылып отырған адам орындыққа
отырсын немесе тақтай төсекке жатсын
. Металды қысқыштарды қайтадан
бұрынғыдай электродты тілікшелерге бекітіңіз.
20. Мәліметтері жазылатын адамға отыруды, босаңсуды, тыныш дем алуды
және жазылатын мәліметтерге қарамауды ескертіп отырыңыз.
21. Мәліметтерді жазуды бастаңыз.
�(6.2)
22.
20 секундтан кейін мәліметтерді жазуды тоқтатыңыз.
�(6.2)
Қысқыштарды
электродты тілікшелерден алып тастаңыз
. Электродты тілікшелерді ЭКГ
өлшенген адамның үстінде қалдырыңыз
.
23. Үш минут дене шынықтыру жаттығуларынан кейін өзіңізді қалай
сезінетініңізді сипаттаңыз.
Оқушылар жүрек соғуы жиілігінің жоғарылауын сезуі керек. Кейбір оқушылар
ентігіп қалуы мүмкін.
24. 2-мәліметтер жазбасын «дене шынықтыру жаттығуларынан кейін» деп
атаңыз.
25. Тәжірибеңізді сақтаңыз
�(11.1.)
және мұғаліміңіздің нұсқаулары бойынша
жұмыс аймағын тазартыңыз.