24
Зерттеудің бірінші кезеңінде аулаңыздан немесе көрші ауладан топырақ
үлгісін жинап аласыз. Ғимараттар қасындағы бос учаскелерді,
бақтарды және
жол бойындағы бос жерлерді қараңыз. Орналасқан жері, топырақтың түрі және
онда өсіп тұрған өсімдіктер туралы толық ақпарат жинап алуға дайын болыңыз.
Жер бетінің үштен бір бөлігі сулы жер, ал қалған бөлігі құрғақ жер екенін
ескерсек, ауылшаруашылық топырақ адамзаттың тіршілігінде маңызды роль
атқарады.
рН-пен ерітіндінің қышқылдылығын не сілтілілігін өлшейді. Бұл көрсеткіш
сутек иондары концентрациясының теріс логарифмі болып табылады. Осы
өлшеу рН деңгейінің 0-ден (жоғары қышқылды) 14-ке дейінгі (жоғары сілтілі)
шкаласының диапазонына негізделеді. 7 рН деңгейімен дистилляцияланған су
бейтарапты ерітіндінің мысалы болып табылады. рН
деңгейінің шкаласы
логарифмдік, мұнда рН деңгейдің бір бірлігінің өзгеруі қышқылдықтың не
сілтіліктің он есе өзгеруін көрсетеді. 5.0 рН деңгейлі ерітінді 6.0 рН деңгейлі
ерітіндіден 10 есе қышқылдау және 7.0 рН деңгейлі ерітіндіден 100 есе
қышқылдау.
Топырақта рН деңгейі қоректік заттардың болуына тура тәуелді. Егер
топырақтың рН деңгейі аса жоғары не аса төмен болса, қоректік заттар ерімеуі
мүмкін және тамыр жүйесіне түспеуі мүмкін. Топырақтың рН деңгейі тым
жоғары не
тым төмен болса, қоректік заттар ерімеуі мүмкін және тамырлық
жүйелерге түспеуі мүмкін. Нәтиже ретінде өсімдіктер топыраққа қосылған
заттардан тәуелсіз нәрленуде кемшілік белгілерін көрсетеді. Азот (К),
фосфор
(Р) және калий (К) – өмірлік маңызды қоректік заттар болып табылады, бірақ
өсімдіктер оларды тек белгілі рН деңгейінде ғана сіңдіре алады. Азот
(нитраттар) 5.5 рН
деңгейіне жеткілікті, ал фосфор 6.0 және 7.0 рН
деңгейлерінде жақсы сіңеді.
Достарыңызбен бөлісу: