26
Реттілікке берілетін тапсырма
Жұмыстың келесі кезеңдері осы зертханалық жұмыстың бір бөлігі болып
табылады. Олар дұрыс емес ретте көрсетілген. Олардың тәртібін анықтап,
шеңбер ішіндегі сандарды тапсырманың дұрыс реттілігін көрсететіндей
жазыңыз.
Жұмысты орындау тәртібі мен сұрақтар
1-бөлім. Сынамаларды іріктеп алу және алдын ала бақылаулар
(Зертханалық жұмысқа дейін бір күн бұрын)
1. Топырақ үлгілерін келесі техника бойынша іріктеп алыңыз:
a. Күрекшені тазалаңыз.
b. Жапырақтардан және басқа ластайтын бөлшектерден тазалаңыз.
c. Күрекшені пайдаланып шамамен 8 сантиметр жерді қазыңыз.
d. Шамамен 60 мл (4 шай қасық) топырақты пластик пакетке салыңыз.
e. Ылғалдықтан қорғау үшін пакеттің аузын жабыңыз.
f. Топырақтың үлгісін белгілеңіз, мысалы, «шөл аумағы» немесе
«серуендеу аяқ жолы».
2.
Осы техниканы пайдаланып, топырақтың тағы екі үлгісін алыңыз.
3. Үш түрлі топырақтың үлгілерін алғанда неліктен бір техниканы ұстану
керек?
Осы техника тәжірибенің бақылау мәндеріне әсер етуге мүмкіндік бермейді.
4. Бақылауларыңызды
Мәліметтерді
талдау
тарауындағы
1-кестеде
көрсетілген нұсқаулықтарға жазыңыз.
5. Үлгілерді алу үшін неліктен дәл осы жерлерді таңдап алдыңыз?
Оқушылар рН деңгейі әр түрлі топырақ алатын
жерлерді дұрыс таңдай білуі
тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: