31
ЭКГ жүрек электр әлеуетті толқындарының (кернеу) үш аралығының
физикалық жүктемеге дейінгі және
одан кейінгі уақыт бойынша
ұзақтығын анықтау.
Ер адамдар мен әйел адамдардың денесіне түсетін жүктемелерге дейінгі
және кейінгі ЭКГ бойынша уақыт аралықтарын салыстыру.
Тапсырмалардың осы деңгейіне қосымша ретінде жүрекке әсер ете
алатын басқа әсерлерді ұсыну.
Тапсырмаларға шолу
Оқушы төмендегі тапсырмаларды орындағанда дағдыланады:
Жүрек жиырылуына байланысты электрокернеуді өлшеу үшін ЭКГ датчигін
қолданыңыз.
ЭКГ датчигінен жүрек кернеуінің сигналдарын жазып алып, көрсетіңіз.
PR аралығының ұзақтығын тыныштық күйінде және денеге түскен
жүктемеден кейін анықтаңыз.
QRS аралығының ұзақтығын тыныштық күйінде және денеге түскен
жүктемеден кейін анықтаңыз.
QT аралығының ұзақтығын тыныш күйінде және денеге түскен
жүктемеден кейін анықтаңыз.
Орындауға берілетін уақыт
Дайындық
уақыты
10 минут
Зертханалық жұмыс алдында
орындалатын талқылаулар мен
тапсырмалыр
40 минут
Зертханалық
тапсырма
50 минут
Материалдар мен жабдықтар
Әр оқушы немесе топ үшін:
Мәліметтерді жинау жүйесі
Электродтар (датчикпен бірге
жиынтықта)
EKG датчигі
Оқушылар алдын ала танысатын ұғымдар
Оқушылар келесі түсініктермен таныс болуы тиісті:
Адамның қан айналымы жүйесі жүректен, қан тамырларынан және
онда ағатын қаннан тұрады.
Дене шынықтыру жаттығуларын жасап,
дұрыс тамақтану және
темекі шекпей жүрек қантамырлары ауруларының алдын алуға және
бақылауға болады.
Дене шынықтыру
жаттығуларын орындау кезінде, дене бұлшық
еттерін қан мен оттегімен көбірек мөлшерде қамтамасыз ету үшін жүрек
тезірек соғады. Жаттығу
неғұрлым қарқынды болса, соғұрлым жүрек тез
32
соғады. Сондықтан, жүректің жаттығу кезінде соғу жиілігін бақылау –
жаттығу қарқындылығын бақылау үшін тамаша әдіс.
ЭКГ жүрек соғу жиілігін көрсетеді. Ол жүректің (тұрақты және
тұрақсыз) ырғағын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: