Тапсырмаларға шолу
Оқушылар қолдарын екі әдіспен жаттықтырады, бұлшықеттік жиырылудың
әрбір түрінен кейін қолдың қысу күшін датчик арқылы өлшеңіз:
Күштің бұлшықеттік жиырылуына дейін және жиырылудан кейін датчикті
қысу кезіндегі өзгеруін өлшеңіз (изотониялық және изометриялық
жаттығу).
Бұлшықеттік қысқарудың екі түрінен кейін бұлшықеттік қажу деңгейін
анықтау үшін өзгерген қысу күшін салыстырыңыз.
Сіздің басым қолыңыздың жаттығудан кейінгі қысу күші басқа
қолыңыздың жаттығудан кейінгі қысу күшімен салыстырғанда қалай
өзгереді?
Орындауға берілген уақыт
Дайындыққа берілген уақыт
10 минут
Зертханалық жұмыстың алдында
орындалатын тапсырмаға және
талқылауға берілетін уақыт
30 минут
Зертханалық тапсырма
50 минут
Материалдар мен жабдықтар
Әр оқушыға немесе топқа:
Мәліметтерді
жинау
жүйесі
Рәзінке доп, теннистік доп не
олардың эквиваленті (диаметрде
шамамен 7 см)
Күш датчигі
Таймер (секундомер не оның
эквиваленті)
Оқушыларды алдын ала таныстыратын ұғымдар
Оқушылар келесі ұғымдармен таныс болуы керек:
Бұлшық ет жасушалары, басқа да жасушалар сияқты, қалыпты жұмыс
істеуі үшін оттегі мен энергияны қажет етеді.
Бұлшық ет изометриялық және изотониялық жаттығуларды қосқанда түрлі
әрекеттерді атқарады.
Берілген нұсқаулықтағы ұқсас зертханалық жұмыстар
Берілген тапсырмаға тұжырымдамалы ұқсас зертханалық жұмыстар:
Физикалық жүктеме және тыныс алу жиілігі:
Физикалық жүктеме және жүрек қағысының жиілігі.
Қысқаша ақпарат
Біздің әрқайсысымызға жетілу шыңына ұмтылған, культуристтің бұлшық
еттері бар дене бітімінің үлгісі таныс, алайда біз көре алмайтын бұлшық
56
еттердің басқа да көптеген түрлері бар. Жүрек бұлшық еттері қаңқа
бұлшықеттері сияқты тарамдардан тұрады. Жүрек бұлшық еттері өздері
жиырылады, адам оларды бақылай алмайды.
Бірыңғай салалы бұлшық еттер өздері жиырылады да, автономды жүйке
жүйесімен реттеледі. Олар ішкі мүшелердің қабырғасында орналасқан, соның
қатарында өкпенің бронхыларын, қуықты, асқазанды, қантамырларды, көздің
қарашығын және жатырды да астарлайды. Адам ағзасында болатын басқа
үрдістер сияқты, бұлшық еттердің жиырылуы да энергияны қажет етеді.
Бұлшық еттерді қозғайтын энергия АТФ (аденозинтрифосфата) молекуласынан
алынады. АТФ гидролизденеді де аденозиндифосфаттан (АДФ) және фосфат-
ионнан (Фи) тұрады. ATФ → AДФ + Фи
+
Бұлшық еттер жүйкелер мен нейробұлшықеттің бірігуі бар қозғалыс
бірліктерінен тұрады, олар жүйке мен бұлшық еттерді байланыстырады.
Осындай ұйымдасу жалғыз жүйкеге аталған қозғалу жүйесіндегі барлық бұлшық
ет клеткаларына белгі беруді және қозғалу бірлігіне бір уақытта қысқаруды
мүмкін етеді.
Бір жүйкенің серпіні бұлшық еттің тырысуына әкеп соғады; бұлшық ет
ынталандырылады, содан кейін максималды созылуға дейін босайды. Егер
серпінді беру тоқтаусыз жалғасса, онда бұлшықеттік тырысу артады, өйткені
бұлшық ет бұлшықеттік тырысулар арасында тынығуға үлгермейді. Жасушалық
бұлшықеттердің тынығусыз, ұзақ созылмалы бұлшықеттік қысқаруы «түйілу
(спазма)» деп аталады. Бұл ретте АТФ деңгейі төмендейді де, бұлшықеттік қажу
пайда болады.
Күштік бұлшықеттік жаттығуларды арттыру бұлшықеттік талшықтардың
мөлшерінің артуына байланысты, бұлшықеттік салмақтың артуына әкеп соғуы
мүмкін. Ауырлатылған жаттығулар да бұлшықеттік талшықтарды арттыруы
мүмкін. Сондықтан да, изотониялық және изометриялық жаттығулар
бұлшықеттік салмаққа айтарлықтай әсерін тигізуі мүмкін.
Созылмалы жаттығулар сүтқышқылының жиналуын туындата отырып,
оттегінің деңгейін төмендетуі мүмкін. Бұлшық еттердің қажуын туындататын
факторлар бұлшық ет талшықтарындағы сүтқышқылының жоғары деңгейі
болуы мүмкін. Адамдар сүтқышқылын созылған бұлшық еттермен, түйілумен
және шаршаумен байланыстырады. Алайда, сүтқышқылы бұлшықеттік
белсенділік кезінде энергия шығаруға ықпал етеді. Ол сондай-ақ, оттегін
шығаруға ықпал етеді және бауырда глюкоза мен гликогенді шығаратын
энергияның көзі болып табылады, әсіресе күйзеліс кезінде.
Адам өзінің анаэробтық шегінен асқан кезде сүтқышқылы пайда болады.
Әдетте бұл шектің қарқындылығы жүрек қағысының максималды жиілігінің 85-
90%-ға тең. Оттегінің деңгейі нормаға келгенде, сүтқышқылы тез арада
жүзімқышқылына айналады және ақырында көмірқышқыл газға, суға және АТФ-
қа. Физикалық жаттығудың мақсаты оттегінің бұлшықет жасушаларына
57
жеткізуді күшейту және көрсеткіштерді жақсарту арқылы сүтқышқылының
тұрақтылығын арттыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |