ҚР орталық мемлекеттік музей қорындағы ағаштан жасалған бұйымдар мазмұНЫ



бет2/14
Дата27.02.2022
өлшемі287,5 Kb.
#26539
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
-dip -qr-ortalyq-memlekettik-muzey-qoryndagy-agashtan-zhasalgan-buyymdar

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОСЫМШАЛАР

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының мәдениеті ғасырлар бойы өзіне ата- бабасының дәстүрін, өмір сүру салтына тән ерекшеліктерін бойына сіңіріп қалыптасты. Халқымыздың көшпелі өмір салты, оның қолөнерінің қалыптасуына әсерін тигізбей қоймады. Күнделікті қажеттіліктерін өтеу үшін халық шеберлері тері өңдеп, жүннен жіп иіріп, тоқыма тоқып, іс тігіп, ағаш өңдеп түрлі бұйымдар жасады. Қазақ зергерлері темірді қамырдай илеп, ағаштан түйін түйе білді. Олар батырларға қару-жарақ, сауыт-сайман соқты, ат әбзелдерін жасады. Ағашты сүйекпен әшекейледі, күнделікті тұрмыста үйді, үй іші жиһаздарын жасады. Әсіресе, жүн мен түбітті жібектей, тері терсекті торқадай құлпыртып бұйым жасауға машықтанған ісмерлердің даңқы алысқа тарады.

Халық қолөнері- бағзы замандарда бері ұлы даланы мекен етіп келген тайпалардың заттық және рухани көне мәдениетінің дәстүрлі жалғасы. Оның дамуы қазақ қоғамындағы көшпелі өмір салты, әлеуметтік- эканомикалық жағдай, халықтық сана-сезім және тарихи үрдістермен тығыз байланыста өрбиді. Халықтың этномәдени болмыс бітімін айғақтайтын факторлардың біріне саналатын қолөнер туындыларында халықтың байырғы дүниетанымы мен символикалық, эстетикалық талғамы мен ою- өрнек түрлері бедер бейнелер арқылы орын тапқан. Кәсіпшіліктегі қолөнер бұйымдарының жасалуы қоғамдағы еңбек бөлінісі мен оны атқару тәсіліне байланысты шартты түрде мынадай түрлерге бөлуге болады:

Ұсталық және зергерлік, Ағаш өңдеу, Тері, сүйек өңдеу, Тас қашау, Жүн және киіз өңдеу, Тігіншілік, Кестелеу, Кілем тоқу және термелеу, Ши орау және тағыда басқалар жатады.

Бұл заттарда жасалған бұйымдар қазақ халқының күнделікті тұрмысына қолданылатын бұйымдары көші-қонға бейімделіп жасалған жеңіл, сынбайтын, ұзақ тұтынуға төзімді болып келеді.

Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалған бұйымдардың орны ерекше. Ағаштан жасалған бұйымдар төзімді, жеңіл, әрі күнделікті тұрмыс- тіршілікте қолдануға анағұрлымыңғайлы болып келеді. Өкінішке орай, бұл күндері ағаштан жасалған көне дәстүрлі бұйымдар өте сирек кездеседі. Халқымыздың ұмыт болып бара жатқан мәдениетін, салт- дәстүрін қайта жаңғыртуда музейлердің алтын орны ерекше.

Сондай музейлердің бірі Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Музейі өнер туындыларын болашақ ұрпақ үшін сақтап, қорғап, насихаттайтын бірден- бір орталық. Музейдің бай қоры көптеген жылдар бойында қалыптасып , қазір де ел арасынан жиналған көне жәдігерлерді толықтырумен келеді. Музей қорында ағаштан жасалған өте бай жәдігерлер сақталған.

Музейтанудың зерттеу нысанасы музей, музей ісі, музей заты десек те, осылардың негізгі атауын, ұғымын беріп тұрған музейдің өзі айналып келгенде музей затынсыз құрылмақ емес. Ендеше тақырыпқа өзек болып отырған ағаш бұйымдары музей жәдігерлері ретінде қазақ мәдениетінің аса маңызды бөлігі екені сөзсіз. Әсіресе, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарыда музейлерде ұлттық мұраны қастерлеуге , зерттеуге ерекше мән берілуде.

Қазіргі музей ісінің негізгі бағыттарының бірі- қазақ халқының ата- баба мұрасына ерекше құрметпен қарап, салт- дәстүрін сақтап, болашақ ұрпақтарға тәлім- тәрбие беру, қызыметін жүзеге асыру болып табылады. Сондықтан да музейді, оның қорындағы бұйымдарды зерттеу, сақтау, насихаттау ьүгінгі күні өзекті болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет