Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақ халқының қолөнеріне, соның ішінде ағаш бұйымдарына, жасалу техникасына, түрлеріне, қолданылу аясына байланысты зерттеулер жазылған. Ревалюцияға дейінгі кезеңдерде жазылған еңбектер арасынан С.М.Дудиннің «Киргизский орнамент» , Е.А.Клодттың «Казахский народный орнамент», Е.Р. Шнейдердің «Казакская орнаментика », Б.А.Куфтиннің «Киргиз- казаки. Култура и быст» атты шығармаларын ерекше атап өтуге болады.
Қазақ халқының қолөнеріне қатысты зерттеулер ХІХ- ХХ ғасырларда зерттеле бастады. А.К.Акишевтің «Искусство и мифология саков», А.И.Левшиннің «Описание киргиз- казачьих, или киргиз- кайсацких орд истепей», Э.А.Масановтың «Очерки истории этнографического изучение казахского народа в СССР» атты еңбектері қазақ халқының қолөнері жайлы мол мәлімет береді.
1956 жылы ҚазССР ҒА- ның тарих, археология және этнология институтыны экспедициясы қазақ халқындағы ағаш бұйымдар, оларды өңдеу техникасы жайлы құнды дерек жинайды. Бұл экспедиция Қостанай және Ақтөбе облыстарының түрлі аудандарында зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу жұмыстарының қорытындысын жеке жинақ ретінде жариялайды.
Осы тақырыпқа байланысты ғылыми және жан- жақты терең пікірлерді академик Ә.Х.Марғұлан еңбектерінен көреміз. “Казахское народное искусство” атты 2-томдық альбом кітабының 1- ші томында ағаштан жасалған бұйымдардың суреттерін көрсетсе, 2- ші томында қазақ халқының қолөнерінің барлық түріне, соның ішінде ағаш бұйымдарға сипаттама берген. Сонымен қатар Х.Арғынбаевтің, Қасимановтың, Тәжімұратовтың, С.Қожамқұлов, Жаймұханов еңбктерінде ағаш бұйымдардың түрлеріне, жасалу технологиясына тоқталған. Х.Арғынбаев “Қазақ халқының қолөнері” атты еңбегінде қазақ халқының ағаш өңдеуді кәсіп еткен шеберлерін өндіретін бұйымдарына қарай даралап көрсетеді. Бекешов С.С. “Қазақтың дәстүрлі ағаш бұйымдары және оның аймақтық ортақ сипаттары”, “Ағаш өңдеу және бұйымдардың оймыш түрлері” атты мақалаларында ағаштан жасалатын бұйымдарға терең талдау жасаған. Ағаш бұйымдарын оюлармен безендіруге байланысты К.Ибраеваның “Казахский орнамент” еңбегінің алатын орны ерекше. Бұл еңбегінде автор қазақ жерінде орын алған ою-өрнектерді зерттеу ісінің шығу тегі және дамуы, мазмұны терең түрде қарастырылады.
Зерттеу жұмысы музей қорындағы жәдігерлерге байланысты болғандықтан, музей ісі теориясынан біраз ғылыми әдебиеттер зерделенді. Өкінішке орай бұл салада қазақ тілінде жазылған әдебиеттер жоқтың қасы. Бұл мәселеге байланысты К.Райымханова мен Д. Қатыранның “Музей ісінің теориясы мен практикасы” атты еңбегінің құндылығы өте зор екендігін айтып кету керек. Онда музей құрылымы, музей қорларын сақтау, музейдегі ғылыми- ағарту жұмыстар кең көлемде жазылған.
Зерттеудің теориялық бөлімін жазу барысында арнайы музейтанулық әдебиеттер қолданылды. Олардың ішінде К.Г.Левыкина, В.Хербстың редакциялығымен шыққан “Музееведение. Музей исторического профиля”, Т.Ю. Юреневаның “Музееведение” атты оқу құралдарын ерекше атап өткен жөн. Оларда музейтану ғылымының теориялық негіздері толығымен баяндалады.
А.И.Михайловскаяның “Музейная экспозиция” атты еңбегінде экспозицияны құруға қойылатын талаптар жазылған.
Музей қорындағы бұйымдарды қорғауға, сақтауға байланысты Н.Ребрикованың еңбегін айтып өтуге болады. Сонымен қатар, “Инструкция по учету и хранению музейных ценностей” инструкциясы музей бұйымдарын қорғау, сақтау тәртіптерін белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |