ҚР орталық мемлекеттік музей қорындағы ағаштан жасалған бұйымдар мазмұНЫ


II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МУЗЕЙ ҚОРЫНДАҒЫ АҒАШ БҰЙЫМДАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ТӘСІЛДЕРІ



бет8/14
Дата27.02.2022
өлшемі287,5 Kb.
#26539
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МУЗЕЙ ҚОРЫНДАҒЫ АҒАШ БҰЙЫМДАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ТӘСІЛДЕРІ.
2.1 Ағаштан жасалған музей бұйымдарды сақтау тәртіптері мен талаптары.
Музей қорында сақталатын бұйымдардың өзіндік ерекшеліктері болуы себепті, сақталу режімдері соған сәйкес жасалынады. Ол жәдігердің мазмұнына, қордың құрылымына, сапасына, санына сақталған мерзіміне сай ерекшеленеді. Әрбір музей, әрбір қор сақтау қоймасы өзінің арнайы бағытына қарай жұмысын ұйымдастырады. Жалпы нормативтік құжаттарға негізделіп, ішкі музейлiк құжаттар, нұсқаулар қабылданады [16,25]. Музей қорындағы жәдiгерлердi сақтау тәртiптерi: температуралық-ылғалдылық режимі, ауадағы зиянды заттардан қорғау, биологиялық және механикалық бұзылудан, нұқсаннан қорғау, апаттан алдын ала сақтандару шаралары, экстремальдық (аяқ астынан шыққан) қиындықтарға баланысты алдын-ала дайындық шаралары жасалынады.
Температуралық-ылғалдылық тәртіп.

Температура мен ауа ылғалдылығы заттардың табиғи ескіруіне өте қатты әсерін тигізеді. Бұл әсердің сипаты мен күші заттың жасалған материалынан, оның құрылымынан, қандай ортада болғандығынан, музей жәдігеріне айналғанға дейінгі сақталуына тығыз байланысты.

Органикалық ылғал тартқыш (гигроскопиялық) материалдардан (ағаш, тері, қағаз, мата) жасалған жәдігерлер өте жоғары немесе өте төмен ылғалдылықтан қатты зардап шегеді. Төмен ылғалдылықта бұл материалдарды сызат пайда болады, сығымдалып, беріктілігі, төзімділігі азайып, зат деформацияға (өзгеріске) ұшырайды. Өте жоғары ылғалдылықта бұл заттар ісініп, талшық жіптердің байланысы, жабысуы бұзылады, химиялық өзгерістер күшейеді, зат деформацияға ұшырайды. Өте жоғары ылғалдылық заттың тез құрып кетуіне әсер етеді. Мысалы, суретсалуға (майлы бояумен) арналған кенептің көлемі өзгерсе, бояу қабаты түсіп қалуы мүмкін. Төмен және жоғары ылғалдылықтемір мен эмальдан жасалған заттарға да өте зиян. Темірлерді тат басып қалуы осыдан болады. Кейбір материалдар ауаның температурасына сезімтал. Мысалы, қалайыны +18 градус С-ден төмен температурада ұстауға болмайды. Егер температура +13 градустан төмендесе, ол өзінің құрылымын өзгертіп «қалайы обасымен» ауырады. Жәдігерде сұр дақтар пайда болады, тіпті тесілуі де мүмкін. Ал, пластилин мен балауыз (воск) материалдары +25 градус С-тан жоғары температурады еріп кетеді [17,12].

Төменгі ылғалдылық пен жоғарғы температура гигроскопиялық заттардың жойылып, құруына әкеп соғады. Жоғарғы ылғалдылық төменгі температурада күшея түседі.

Температураның кенеттен өзгеруі жәдігерлерге қатты әсер етеді. Бір бөлмеден екінші бөлмеге немесе басқа жерге ауыстырғанда (аклиматизация), жәдігер сол ортаға үйренгенше ылғалдылығы аралық температурадағы бөлмелерде ұсталуы тиіс.

Әсіресе, археологиялық жәдігерлерге өте көп өзгерісті басынан кешіруге тура келеді. Темір заттарында топырақ коррозиясы болады. Археологиялық шыны зеттерын да төменгі ылғалдылықта ұстаған жөн, себебі олар да топырақ суының ықпалына шалдыққан. Археологиялық ағаш жәдігері, керісінше, жоғары ылғалдылықта сақталуды қажет етеді. Әрбір жәдігерге байланысты темпеатуралық режимді мамандар анықтайды.

Температуралық ылғалдылық режиміне байланысты қалыптасқан бірегей көзқарас жоқ. Көптеген ғылыми еңбектердегі нұсқаулар бойынша темір заттары үшін +18 градус +20 градус С, 50 %-ке дейінгі ылғалдылықта, шыны, эмаль, керамика заттары үшін +12 градус +20 градус С және 55-65 % ылғалдылық, та, тастар (бағалы, жартылай бағалы) +15 градус +18 градус С және 50-60 % ылғалдылықта, тері, аң терісі бұйымдарын +16 +18 градус С, 50-60 % ылғалдылық, та, қағаз +17 +19 градус С 50-55 % ылғалдықта, өнер суреттері +12 +18 градус С және 60-70 % ылғалдылықта қара суреттер +12 градус С, 40-50 % ылғалдылықта, түрлі-түсті сурет +5 градус С, 40-50 % ылғалдылықта, маталар үшін +15 +18 градус С, 55-65 % ылғалдылықта, сүек, мүйіз, тасбақа заттары үшін +14 +15 градус С, 50-60 % ылғалдылықта устауды қажет етеді.

Қағаздар ылғалды ауа жағдайында және суықта қалып қойғанда қауіпті зақымдарға душар болады.



Керамика, фаянс заттары да осындай. Теспература өзгерістері ылғалдылықты да өзгертеді. Сол себепті температуралық режимді комплексті сақтауға мынадай температура қажет: орташа температура +18 градус С +1 градус С, орташа ылғалдылығы 55 - +5 %. Қажетті температураны сақтау үшін музейде ауа кондиционері болуы шарт. Егер музейлерде кондиционер жоқ болған жағдайда, жылу жүйесі, желдету, ылғалдандару, құрғату т.б. әдістер мен қажет температураны ұстап отыруға тырысу керек. Қорлардағы бұйымдарға маусымдық өзгерістер де, экспозициядағы экспонаттарға музейге келушілердің саны да әсер етеді. Жоғары ылғалдылықта жылуды күшейту қажет. Суық күндері музейдегі бөлмелерді жиі желдету зиянды, аязды ауа жылы бөлмеде сулы буға айналып, ылғалдылықты өзгертеді. Желдеткен кезде кірген ауа музей жәдігердеріне тура тимегені жөн және де сыртқы теспература мен ішкі температура көрсеткіші жақын болғаны дұрыс. Ыстық күндері желдетудің қажеті жоқ. Температуралық-ылғалдылық режим психрометр, гигрометр, термометр, гигрограф, термограф сияқты аспаптар көмегімен тексеріледі және прибор көрсеткіштері сөткесіне бір рет, бір уақытта тексеріліп, жазылып отырады [17,23].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет