Қр президенті н назаРбаевтың Жолдауы ЖолдаРынан алмас арзықұлов


Қазақстандағы "электронды үкімет"



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата21.01.2017
өлшемі0,93 Mb.
#2402
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстандағы "электронды үкімет" 
жобасының таяу болашағын қалай 
бағалайсыз?
0%
35%
24%
24%
17%
мемлекеттік құрылымдар қызметінің ашықтығына қол жетеді
биліктегі бюрократизм мен жемқорлық  төмендейді
билік халықтың сұранысына жедел түрде жауап қатады
Азаматтар саяси шешім қабылдай алады 
басқа да 
 
 
Қазақстандағы  «электронды  үкімет»  жобасының  таяу  болашағын 
сарапшылардың  35%  –  биліктегі  бюрократизм    мен  жемқорлықтың 
төмендеуіне  ықпал  етсе,  ал  тепе-тең  бөлігі    24%  –    билік  халықтың 
сұранысына  жедел  түрде  жауап  қатуы  және  мемлекеттік  құрылымдар 
қызметінің ашықтығына қол жетеді деген оптимистік болжамдар жасады.  
Ресейде  «2002–2010  электрондық  Ресей»  бағдарламасында  электрондық 
үкімет  мемлекеттік  түрлі  қызметті  бақылау  механизмі  ретінде  жолға 
қойылуда.  Қазақстан  мен  Ресей  жағдайында  да  «э-үкімет»  әзірге  бастапқы 
қызмет  көрсету  деңгейінде  жүзеге  асуда.    Батыстық  «э-үкімет»  үлгісі 
коммуникация  үрдістерін  жеңілдетумен  қатар,  алдымен  үкімет  қызметіне 
бұқаралық  бағалау  көрсеткіштерін  енгізу,  азаматтардың  үкімет  үстінен 
бақылауын  күшейту  болып  саналады.  Дегенмен  Қазақстанда,  тіпті 
ақпараттық  технология  жағынана  озық  тұрған  Ресейде  де  осы  секілді 
бағдарлама әзірге дайындалған жоқ.  Тіпті Бүкіләлемдік банк жобасының бір 
бөлігі  болып  отырған «Жаһандық портал  дамуында»    электрондық үкіметті 
жүзеге асыруда азаматтарды біржақты ақпараттандыру, қызмет ұсыну, сосын 
барып азамат пен үкіметтің байланысу жүйесін жасаудың  бірнеше кезеңдері 
қарастырылған. 
Бүгінде Қазақстанда IT-индустриясы дамуы мен космосқа шығудың алып 
жобалары  жүзеге  асуда  [5].  «Kazsat»  серігінің  ұшырылуы  мен  Alatau-city 
ақпараттық технологиялар паркінің ашылуы «э-үкіметтің»   перспективалық 
бағыттарын болжауға мүмкіндіктер беріп отыр. Мемлекеттің байланыс және 
хабар  тарату,  телекоммуникациялық  қызметтердің  тиімді  де  қолайлы 
жолдарын  іздестіру  жобалары  болашақта  қазақстандық  бұқараның  жаңа 
технологияларды  меңгеру  мен  пайдаланауына  мол  мүмкіндіктер  тудырады. 
Әйтсе  де  жаңа  институционалдық  құрылымның  пайда  болуы  еліміздегі 
бұрынғы  саяси  институттардың  функциясын  жеңілдете  қоймайды. 
Ақпараттық  қоғамда  азаматтық  қоғам  мен  мемлекет,  тура  және  өкілетті 
демократия  арасындағы  байланысты  тасымалдау  механизмінің  қандай  болу 
керектігі  де  әлі  де  шешімі  табыла  қоймаған  прорблема  болып  отыр. 
Интернеттің  бұқаралық  саяси  коммуникация  құралы  ретінде  азаматтардың 
электоралды  мінез-құлқына  әсерін  де  бір  жақты  бағалауға  болмайды. 
Ақпараттық    қоғамда  демократияның  қай  түрі  қалыптасатындығы  саяси 
 

сарапшылар үшін әзірге беймәлім. Міне, осылайша, бүкіл әлемде, сондай-ақ 
Қазақстанда  да  ақпараттық  технологиялардың  дамуы  демократия 
теориясында қызу пікірталас тудырып отыр.   
БАҚ-тағы  саяси  ақпараттардың    қоғамдық  пікір,  қоғамдық  сананы  
қалыптастырудағы  рөлі  өте  маңызды.  Масс-медиа  саяси  ақпараттарды 
жариялап,  таратқанда  адам  мүддесі,    адамның  рухани  дүниесі,  ізгілік  пен 
шындық  принциптері,  өнегелік  нормалары  басты  орында  тұратындығын 
ұмытпауы тис.    
Демократиялық қоғамның алғышарты болып саналатын билік саясатының 
ашықтығы,  басқарушы  топ  пен  басқарылушы  топ  арасындағы  диалогтың 
келісім  мен  кері  байланыстың  болуы,  әрі  оның  мемлекеттегі  белгілі  саяси 
реформалар  мен  саяси  жүйесін  құрылымдауға  әсері  болса  саяси 
коммуникацияның ең игі қадамы болар еді.   БАҚ белгілі бір партия, топ не  
саяси  жүйенің  сөзін  сөйлеп,  қолпаштамай,  қалың  бұқараға  саяси  ақпаратты 
шынайы,  дәл,  әділ  жеткізсе,  аталмыш  екі  топтың  арасында  ақпараттық 
алмасу  үрдісінің  үздік  үлгісін  танытса  ғана  өзінің  шын  мәніндегі  міндетін 
орындағаны деуге болады.  
Жаһандану дәуірінде Қазақстанның саяси жүйесіндегі коммуникациялық 
стратегияның  жүзеге  асуы  мен  перспективасын  айқындау  маңызды  болып 
саналады.  Саяси  коммуникация  саласындағы  зерттеулердің  нәтижелері 
Қазақстан  мен  Еуразия    елдерінің  саяси  жалғастығының  ұқсастығы  мен 
айырмашылықтарын айқындауда және болашақта осы елдердің саяси қарым-
қатынастарының  коммункиациялық  тәсілдерінің    дамуы  үшін  де  аса  үлкен 
мәнге  ие.  Бұқаралық  коммуникация  саласындағы  қолданбалы  зерттеулер 
ТМД  елдері  арасындағы  саяси  қарым-қатынастарды,  олардың    арасындағы 
айырмашылықтарды  айқындауда, Еуразия елдерінің тарихи жалғастығының 
дамуында  өте  маңызды.  Қазақстанның  саяси  құрылысын  ескере  отырып, 
саяси  коммуникацияның  теориялық-методологиялық  және  тәжірибелік 
негіздерін  зерттеу  осы  аймақтың  одан  әрі    дамуын  жобалау  мен  болжауда  
мәнді де маңызды. 
 
 
     Әдебиеттер: 
1.  Грачев  М.Н.  Политическая  коммуникация//Вестник  российского 
университета дружбы народов. Серия политология, №1, 1999 
2.  Березин В.М. Массовая коммуникация: сущность, каналы, действия. -
М.: Рип-Холдинг, 2003.–101 с.  
3.  Вершинин  М.С.  Политическая  коммуникация  в  информационном 
обществе;  перспективные  направления  исследований/Актуальные  проблемы 
теории коммуникации//Сборник научных трудов. Спб. –СПбГПУ, 2004. 
4.  Панарин  И.Н.  Информационная  война,  PR  и  мировая  политика.  М.: 
Горячая линия-Телеком, 2006. -352 с. 
5.  Высокая  цена  престижа.  Эксперты  считают,  что  KazSat  может  не 
окупить вложенных $65 млн Курсивъ, 30 маусым, 2006. 
 
Қазақстандағы «электронды үкімет» жобасының таяу болашағын 
сарапшылардың 35% – биліктегі бюрократизм  мен жемқорлықтың 
төмендеуіне ықпал етсе, ал тепе-тең бөлігі  24% –  билік халықтың 
сұранысына жедел түрде жауап қатуы және мемлекеттік құрылымдар 
қызметінің  ашықтығына  қол  жетеді  деген  оптимистік  болжамдар 
жасады. 
Ресейде  «2002–2010  электрондық  Ресей»  бағдарламасында 
электрондық үкімет мемлекеттік түрлі қызметті бақылау механизмі 
ретінде  жолға  қойылуда.  Қазақстан  мен  Ресей  жағдайында  да 
«э-үкімет» әзірге бастапқы қызмет көрсету деңгейінде жүзеге асуда.  
Батыстық «э-үкімет» үлгісі коммуникация үрдістерін жеңілдетумен 
қатар, алдымен үкімет қызметіне бұқаралық бағалау көрсеткіштерін 
енгізу,  азаматтардың  үкімет  үстінен  бақылауын  күшейту  болып 
саналады.  Дегенмен  Қазақстанда,  тіпті  ақпараттық  технология 
жағынана  озық  тұрған  Ресейде  де  осы  секілді  бағдарлама  әзірге 
дайындалған  жоқ.    Тіпті  Бүкіләлемдік  банк  жобасының  бір  бөлігі 
болып  отырған  «Жаһандық  портал  дамуында»    электрондық 
үкіметті  жүзеге  асыруда  азаматтарды  біржақты  ақпараттандыру, 
қызмет ұсыну, сосын барып азамат пен үкіметтің байланысу жүйесін 
жасаудың  бірнеше кезеңдері қарастырылған.
Бүгінде  Қазақстанда  IT-индустриясы  дамуы  мен  космосқа 
шығудың  алып  жобалары  жүзеге  асуда  [5].  «Kazsat»  серігінің 
ұшырылуы  мен  Alatau-city  ақпараттық  технологиялар  паркінің 
ашылуы  «э-үкіметтің»      перспективалық  бағыттарын  болжауға 

45
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
мүмкіндіктер беріп отыр. Мемлекеттің байланыс және хабар тарату, 
телекоммуникациялық  қызметтердің  тиімді  де  қолайлы  жолдарын 
іздестіру  жобалары  болашақта  қазақстандық  бұқараның  жаңа 
технологияларды  меңгеру  мен  пайдаланауына  мол  мүмкіндіктер 
тудырады.  Әйтсе  де  жаңа  институционалдық  құрылымның  пайда 
болуы  еліміздегі  бұрынғы  саяси  институттардың  функциясын 
жеңілдете  қоймайды.  Ақпараттық  қоғамда  азаматтық  қоғам  мен 
мемлекет,  тура  және  өкілетті  демократия  арасындағы  байланысты 
тасымалдау  механизмінің  қандай  болу  керектігі  де  әлі  де  шешімі 
табыла  қоймаған  прорблема  болып  отыр.  Интернеттің  бұқаралық 
саяси  коммуникация  құралы  ретінде  азаматтардың  электоралды 
мінез-құлқына әсерін де бір жақты бағалауға болмайды. Ақпараттық  
қоғамда  демократияның  қай  түрі  қалыптасатындығы  саяси 
сарапшылар үшін әзірге беймәлім. Міне, осылайша, бүкіл әлемде, 
сондай-ақ  Қазақстанда  да  ақпараттық  технологиялардың  дамуы 
демократия теориясында қызу пікірталас тудырып отыр.  
БАҚ-тағы  саяси  ақпараттардың    қоғамдық  пікір,  қоғамдық 
сананы    қалыптастырудағы  рөлі  өте  маңызды.  Масс-медиа  саяси 
ақпараттарды жариялап, таратқанда адам мүддесі,  адамның рухани 
дүниесі, ізгілік пен шындық принциптері, өнегелік нормалары басты 
орында тұратындығын ұмытпауы тис.   
Демократиялық  қоғамның  алғышарты  болып  саналатын  билік 
саясатының  ашықтығы,  басқарушы  топ  пен  басқарылушы  топ 
арасындағы  диалогтың  келісім  мен  кері  байланыстың  болуы,  әрі 
оның  мемлекеттегі  белгілі  саяси  реформалар  мен  саяси  жүйесін 
құрылымдауға әсері болса саяси коммуникацияның ең игі қадамы 
болар  еді.      БАҚ  белгілі  бір  партия,  топ  не    саяси  жүйенің  сөзін 
сөйлеп,  қолпаштамай,  қалың  бұқараға  саяси  ақпаратты  шынайы, 
дәл, әділ жеткізсе, аталмыш екі топтың арасында ақпараттық алмасу 
үрдісінің үздік үлгісін танытса ғана өзінің шын мәніндегі міндетін 
орындағаны деуге болады. 
Жаһандану  дәуірінде  Қазақстанның  саяси  жүйесіндегі 
коммуникациялық  стратегияның  жүзеге  асуы  мен  перспективасын 
айқындау  маңызды  болып  саналады.  Саяси  коммуникация 
саласындағы 
зерттеулердің 
нәтижелері 
Қазақстан 
мен 
Еуразия    елдерінің  саяси  жалғастығының  ұқсастығы  мен 
айырмашылықтарын  айқындауда  және  болашақта  осы  елдердің 
саяси  қарым-қатынастарының  коммункиациялық  тәсілдерінің  
дамуы  үшін  де  аса  үлкен  мәнге  ие.  Бұқаралық  коммуникация 

46
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
әдебиеттеР:
1.   Грачев М.Н. Политическая коммуникация//Вестник российского 
университета дружбы народов. Серия политология, №1, 1999
2.   Березин В.М. Массовая коммуникация: сущность, каналы, дей-
ствия. -М.: Рип-Холдинг, 2003.–101 с. 
3.   Вершинин М.С. Политическая коммуникация в информационном 
обществе; перспективные направления исследований/Актуаль-
ные проблемы теории коммуникации//Сборник научных трудов. 
Спб. –СПбГПУ, 2004.
4.   Панарин И.Н. Информационная война, PR и мировая политика. 
М.: Горячая линия-Телеком, 2006. -352 с.
5.   Высокая цена престижа. Эксперты считают, что KazSat может не 
окупить вложенных $65 млн Курсивъ, 30 маусым, 2006.
саласындағы қолданбалы зерттеулер ТМД елдері арасындағы саяси 
қарым-қатынастарды,  олардың    арасындағы  айырмашылықтарды  
айқындауда,  Еуразия  елдерінің  тарихи  жалғастығының  дамуында 
өте маңызды. Қазақстанның саяси құрылысын ескере отырып, саяси 
коммуникацияның  теориялық-методологиялық  және  тәжірибелік 
негіздерін  зерттеу  осы  аймақтың  одан  әрі    дамуын  жобалау  мен 
болжауда  мәнді де маңызды.

47
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
Қазақстанда бизнес 
ортасын қалыптастыру 
бойынша саясат: саяси-
құқықтық аспектісі
Ғабит Матаев, 
С. Торайғыров атындағы Павлодар 
мемлекеттік университетінің ізденушісі, 
әлеуметтану ғылымдарының кандидаты 
Қ
азақстан  кәсіпкерлерінің  арасында  қазіргі  кезде 
еліміздегі  бизнестің  дамуына  кедергі  келтіретін 
әкімшілік  тосқауылдардың  көптігі  туралы  мәселе 
үнемі  көтеріліп  келеді.  Олардың  пікірінше,  бизнес 
ортаның ахуалын жақсарту – толығымен мемлекеттің 
міндеті. 
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған алғашқы күнінен 
бастап  мемлекеттік  саясат  алдымен  бизнес  ортасын  заңнамалық 
деңгейде қалып-тастыру мәселесіне баса назар аударып келеді. 
Азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың  кәсіпкерлік  қызметінің 
негізгі құ-қықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлары мен 
кепілдігін  анық-тайтын,  еркіндігін  қамтамасыз  ететін  алғашқы 
заңы, тәуелсіз Қазақстанның пайда болуына дейін қабылданғанын 
атап  көрсеткен  дұрыс.  Бұл  1990  жылғы  11  желтоқсандағы  Қазақ 
Кеңес  Социалистік  Республикасының  «Қазақ  ССР  шаруашылық 
әрекетінің еркіндігі және кәсіпкерліктің дамуы туралы» заңы бо-
латын. 
Тұңғыш  рет  кәсіпкерлік  туралы  осы  заңда  «Қазақ  ССР-нде 
кәсіпкерлік  –  қолданыстағы  заң  шеңберіндегі  бастамашыл, 
шаруашылық және өзінің жекеменшік, несиеге алған және басқа да 
мүлік пен қаржы есебінен кәсіпкерлік әрекетке қатысушылардың 
өзара тиімді нәтижеге жетуі мен табыс табуы» делінген.  Кәсіпкерлік 
әрекеттің субъектілері де анықталған болатын 
(2-бап): «Қазақ ССР кәсіпкерлік қызметінің субъектілері (бұдан 
әрі    –  кәсіпкерлер)  бола  алатындар:  Қазақ  ССР  Республикасы 

48
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
мен  өзге  де  одақтас  республиканың  заңды  тұлғалары,  сондай-
ақ,  орнатылған  заң  тәртібінде  құқықтық  қабілеті  шектелмеген 
азаматтығы  жоқ  тұлғалар;  шетелдік  заңды  тұлғалар;  Қазақ  ССР-
нің  немесе  Қазақ  ССР-і  мойындаған,  келген  елінің  заңнамалық 
тәртібінде құқықтық қабілеті шектелмеген шетел азаматтары» [1]. 
заңда кәсіпкерлік әрекет еркіндігі заңмен ғана шектелуі мүмкін, 
ал  кәсіпкерлер  өз  бастамасы  бойынша  шешім  қабылдап,  өз 
меншігіндегі мүлікті қолданыстағы Қазақ ССР  заңының  негізінде 
пайдаланатын  кез  келген  әре-кетті  іске  асыра  алатындығы  және 
мүліктік  немесе  басқаша  жауапкершілікті  қамтамасыз  ететіндігі 
көрсетілген. Жаңа страта қалыптастыру бойынша мемлекеттік са-
ясат негіздерін осы заң  қалайды. Атап айтқанда, 20 бапта былай 
делінген: «Қазақ ССР-і кәсіпкерлердің таңдаған ұйымдық форма-
лары  мен  меншік  формаларына  қарамастан  тең  құқықтылығына 
кепілдік береді. Кәсіпкерлер қаржылық, еңбек, табиғат, зияткерлік, 
ақпараттық  ресурстарға  қол  жеткізу  (бәсекелестік  және 
ақылы  жағдайда),  баға  белгілеу,  несиелеу,  қаржы  салу,  сыртқы 
экономикалық  және  басқа  да  әрекет  барысында  тең  құқықтарға 
ие  болады.  Кәсіпкерлік  әрекет  өндірушілерден,  делдалдық 
жабдықтаушы  ұйымдардан,  сондай-ақ,  басқа  да  көздер  есебінен 
еркін  сатып  алу  арқылы  материалдық  –  техникалық  ресурстар-
мен қамтамасыз етіледі.   Мемлекет орталықтандырып бөлетін ре-
сурстармен қамтамасыз ету Қазақ ССР Министрлер кабинеті  ар-
найы  шешімдермен  өзге  жағдайларды  қарас-тырмаған  болса,  тек 
кәсіпкер  қабылдап  алған  мемлекеттік  тапсырыс  арқылы  жүзеге 
асырылады. Қазақ ССР-нің заңнамасында қарастырылған жағдай-
лардан тыс мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен олардың ла-
уазымды тұлғаларының кәсіпкерлік әрекетке қол сұғуына тыйым 
салынады» деген кәсіпкерлікке қатысты кәсіпкерлікті мемлекеттік 
реттеу  туралы  заң  ережесі  мемлекеттік  саясатты  қалыптастыру 
көзқарасы  тұрғысынан  маңызды  болып  табылады.  Мемлекеттік 
басқару  ұйымдары  кәсіпкерлермен  өз  қарым-қаты-настарын  бы-
лайша қалыптастырады:
•  Мемлекеттік  несие  бойынша  заңнамаға  сәйкес  салық  пен 
мемлекеттік несиелер сыйақысының (мүдде) мөлшері мен жеңілдік  
белгілеумен  қоса,  салықтық  және  қаржылай  несиелік  саясатты 
пайдалану арқылы:
•  Баға белгілеуді заңмен реттеу саясаты арқылы;
•  Монополияға қарсы заң арқылы
•  Мемлекеттік мүлік және қор, лицензия, концессия, лизинг, 

49
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
әлеуметтік, экологиялық және басқа да нормативтер арқылы;
•  Сыртқы сауда және валюталық саясат арқылы;
•  Мемлекеттік тапсырыс арқылы;
•  Ғылыми-техникалық,  экономикалық  және  әлеуметтік 
бағдарламалар арқылы.
Кәсіпкер  мен  меншік  иесінің  кәсіпкерлік  әрекет  барысындағы 
өзара қатынастары Қазақ ССР-нің меншік, жал және басқа да актілер 
заңнамасымен  реттеледі.  Қазақ  ССР-і  кәсіпкерлер  арасындағы 
еркін  бәсекелестікті  қамтамасыз  етіп,  кәсіпкерлік  әрекеттің  кез 
келген  саласында  тұтынушыларды  монополизм  көріністерінен 
қорғайды [2]. 
Кәсіпкерлік  қызметті  қамтамасыз  ететін  және  «  Қазақ  ССР-
ндағы шаруашылық әрекет және кәсіпкерлікті дамыту еркіндігі ту-
ралы» заңның бірқатар ережелерін нақтылайтын келесі құқықтық 
акт 1992 жылдың 4 шілдесіндегі «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және 
қолдау туралы» заң болды.  Атап айтқанда, «Негізсіз салық салу 
үшін жауапкершілік» 27-ші, «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау 
туралы заңнаманы бұзған үшін жауапкершілік» 28-ші, «Өндірістік 
меншік құқықтарын бұзған үшін жауапкершілік» 29-шы баптарын-
да мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке қатысты  жауапкершілік ша-
ралары белгіленген болатын [3]. 
шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау саласындағы 
қоғамдық қатынастар үдерісінде Қазақстан Республикасының 1997 
жылдың 19 маусымында қабылданған « шағын кәсіпкерлікке мем-
лекет тарапынан қолдау көрсету туралы» заңы маңызды белес бол-
ды. Бұл заңда алғаш рет шағын кәсіпкерлікті заңнамалық деңгейде 
мемлекеттік қолдау қағидалары белгіленіп, бағыттары белгіленген 
болатын. (2 тарау,    4,5 бап) [4].
Осылайша,  заңда  шағын  кәсіпкерлікті  мемлекет  тарапынан 
қолдаудың негізгі қағидалары болып , мыналар көрсетілген:
•  Қазақстан  Республикасында  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту 
басымдылықтары;
•  шағын  кәсіпкерлікті  мемлекет  тарапынан  қолдау 
кешенділігі;
•  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  инфрақұрылымының  және 
шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілеріне арналып жүзеге асы-
рылып жатқан шаралардың қол жетімділігі;  
•  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  мен  қолдау  саласындағы 
халықаралық ынтымақтастық;
шағын  кәсіпкерлікті  мемлекет  тарапынан  қолдаудың  негізгі 

50
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
бағыттары да бекітілген болатын:
•  шағын  кәсіпкерлік  субъектілерінің  мемлекеттік  тіркеуден 
өткізу,  олардың  әрекетін  лицензиялау  рәсімінің  жеңілдетілген   
тәртібін орнату; 
•  шағын  кәсіпкерлік  субъектілері  үшін  салық  салудың, 
кедендік  баж  салығын  төлеудің  жеңілдетілген  тәртібін  қамтитын 
жағдайлы құқықтық тәртібін орнату;
•  шағын  кәсіпкерлік  субъектілерін  дамыту  мен  қолдауға 
шетелдік  инвестициялармен  қоса  қаржы  тарту  және  пайдалану 
жүйесін құру; 
•  шетелдік серіктестермен саудалық, ғылыми – техникалық, 
өндірістік және басқа да байланыстармен қоса, шағын кәсіпкерлік 
субъектілердің сыртқыэкономикалық  әрекетіне қолдау көрсету;
•  Қаржыландыру көздерін анықтай отырып, шағын кәсіпкерлік 
субъектілерді несиелеудің арнайы бағдарламаларын қабылдау;
•  шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік сатып алуды 
орналастыру барысында өнім өндіруге, жұмыс пен қызмет түрлерін 
атқару үшін жеңілдіктер (преференция) беру;
•  Қазақстан Республикасы Үкіметі жанында және жергілікті 
атқарушы  ұйымдарда  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  бойынша  ко-
миссиялар қызметін ұйымдастыру;
шағын  кәсіпкерлік  субъектілерінің  әрекетіне  мемлекеттік  ор-
гандар  өз  құзіреті  шегінде  Қазақстан  Республикасы    Үкіметі 
белгілеген тәр-тіпте тексеріс жүргізеді.
заңда (6,7 бап) бірінші рет «шағын кәсіпкерлікті мемлекет тара-
пынан  қолдау мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар 
негізінде  жүзеге  асырылатын,  шағын  кәсіпкерліктің  дамуы  мен 
қолдауына бағытталған шаралар кешені» деп атап көрсетілген бо-
латын. Сонымен қатар, үкіметтің шағын  кәсіпкерлікті дамыту мен 
қолдау саласындағы   мемлекеттік саясаттың  негізгі бағыттарын 
жүзеге асыру барысына есеп беру механизмі белгіленді: «Қазақстан 
Республикасының  Үкіметі  заңнамада  бекітілген  тәртіп  бойынша 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  алдында  мемлекеттік  және 
салалық шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағдарламаларын  
орындау  барысында  қол  жеткізген  нәтижелері  туралы  жыл 
қорытындысы бойынша есеп береді» делінген.
Мемлекеттік биліктің қызметтік міндеттері заңмен анықталған:
1.  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  шараларын  іске  асырушы 
Қазақстан Республикасының өкілетті органы:
•  шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдау  және  дамы-

51
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
ту  бағдарламаларының  орындалуын  ұйымдастырады  және 
үйлестіреді;
•  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  мен  дамыту  шараларын 
қамтамасыз  ететін  нормативтік  құқықтық  актілерді  әзірлеп, 
Үкіметке ұсынады; 
•  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  мен  қолдау  саласында 
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
•  Кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бағытталған заңнаманың 
бұлжытпай орындалуына қадағалау шараларын жүзеге асырады;
•  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  мәселелеріне  қатысты  мем-
лекеттік  органдардың  лауазымды  тұлғаларының  есебін  тыңдау 
арқылы  мемлекеттік  органдардың  тексерісін  жүзеге  асырады.  
Мемлекеттік  органдар  мен  олардың  лауазымды  тұлғаларының 
кәсіпкерлік субъектілердің әрекеттерін шектеу арқылы Қазақстан 
Республикасы  заңнамасын  бұзғандығы  жөнінде    Президент  пен 
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат береді;
•  шағын  кәсіпкерлік  әрекетті  қолдау  бойынша  мемлекеттік, 
салалық  бағдарлама  аясында  қаржыландыру  арқылы  шағын 
кәсіпкерліктің  инфрақұрылымына  қолдау  көрсету  мен  дамытуды 
қамтамасыз етеді; 
2.  Жергілікті  өкілетті  және  атқарушы  органдар  шағын 
кәсіпкерлікті дамыту бойынша комиссиялармен бірлесе отырып: 
1) облыстардың жергілікті өкілетті органдары (республикалық 
маңыздағы қалалар, астаналық қалалар):
•    шағын  кәсіпкерлікті    қолдау  және  дамыту  бойынша 
аймақтық бағдарламаларды бекітеді;
•  Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған 
құзірет  шеңберінде  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  және  дамы-
ту  салаларындағы  жергілікті  атқарушы  органдардың  есебін 
тыңдайды;
2)  облыстық  жергілікті  атқарушы  органдар  (республикалық 
маңыздағы қалалар, астаналық қалалар):
•  шағын  кәсіпкерлікті    қолдау  және  дамыту  бойынша 
аймақтық бағдарламаларды бекітеді;
•  Жергілікті  жерлерде  мемлекеттік  бағдарламалардың 
сапалыіске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді;
•  шағын  кәсіпкерлікке  қолдау  көрсету  мақсатында  техно-
парктар тораптарын, лизинг орталықтарын, шағын инновациялық 
әрекет орталықтарын, венчурлық фирмалар мен  инфрақұрылымның 
басқадай объектілерін ұйымдастыру бойынша шаралар әзірлейді

52
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
•  шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қолдау және дамыту 
үшін  шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне  коммуналдық  меншіктегі 
ғимараттарды,  құрылыс  құрылғыларын,өндірістік  үй  жайлар  мен 
басқадай  мүлікті  жеңілдетіп  беру  арқылы  қолдауды  қамтамасыз 
етеді;
•  шағын  кәсіпкерлікке  қолдау  көрсетуді  жүзеге  асыру-
шы  шағын  кәсіпкерлік  субъектілерінің  әрекеттеріне  байланысты 
жергілікті  жерлерде  бағдарламалардың  іске  асырылуы  туралы 
және басқа да ақпараттарды Қазақстан Республикасының өкілетті 
органдарына беріп тұру.
3)  Табиғи монополия субъектілері өндіріс саласындағы шағын 
кәсіпкерлік субъектілерінің шоғырлану мәселелері қарастырылған, 
салалық  бәсекелестікті  дамыту  стратегияларын  қалыптастыру  
ерекшеліктері ескерілген, сонымен бірге бекітілген тәртіп бойын-
ша    ірі,  тиімділігі  аз  өндірістерді  сегменттеу  шараларын  жүзеге 
асыратын бағдарламаларды әзірлейді.
4)  Қазіргі  таңда  кәсіпкерлік  әрекеттің  құқықтық  негізбен 
қамтамасыз  етілуінде  шағын  кәсіпкерлікпен  айналысатын  жеке 
және  мемлекет-тік  емес  заңды  тұлғалар  арасында  туындауы 
мүмкін  қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуші 2006 жылдың 31 
қаңтарында шыққан «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңның үлкен рөл 
атқарғаны  сөзсіз.  Бұл  заң  Қазақстан  Республикасындағы  шағын 
кәсіпкерліктің  еркіндігін  қамтамасыз  ететін  негізгі  құқықтық, 
экономикалық  және  әлеуметтік  жағдаяттар  мен  кепілдіктерді 
белгілейді.
Сонымен,  Қазақстан  Республикасында  бизнес  ортасын 
қалыптас-тыруға  арналған    құқықтық  актілерге  жасалған  талдау 
республиканың орнықты даму бағытына өте салиқалы назар ауда-
рылып келгенін көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет