әдебиеттеР:
1. Қазақ ССР-нда шаруашылық әрекет пен кәсіпкерлікті дамыту
еркіндігі туралы. 1990 жылдың 11 желтоқсанындағы ҚССР-ның
Заңы. 2004 жылдың 20 желтоқсанындағы № 12-ші Заңымен күші
жойылды (2005 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енгізілді) //
Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңесінің ведомостары,1990ж,№51,
483 б .
2. Қазақ ССР-ның 1990 жылғы 11 желтоқсанындағы «Қазақ ССР-
нда шаруашылық әрекет пен кәсіпкерлікті дамыту еркіндігі
туралы» Заңның 21-бабы. 2004 жылдың 20 желтоқсанындағы
53
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ІШКІ САЯСАТ
№ 12-ші Заңымен күші жойылды ( 2005 жылдың 1 қаңтарында
қолданысқа енгізілді) // Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңесінің
ведомостары,1990ж,№51, 483 б .
3. Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы. 1992 жылдың 4
шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Заңы. 2006 жылдың
31 қаңтарында № 124( Z060124) ҚР Заңымен күші жойылды (
енгізу тәртібін Заңның ( Z060124) 51-ші бабынан қараңыз// Қазақ
ССр-ның Жоғарғы Кеңесінің ведомостары, 1992ж., № 16, 424-ші
бап.
4. Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы. 1997
жылдың 19 маусымындағы Қазақстан Республикасының Заңы,
№ 131. 2006 жылдың 31 қаңтарында № 124( Z060124) ҚР
Заңымен күші жойылды ( енгізу тәртібін Заңның ( Z060124) 51-
ші бабынан қараңыз// Қазақстан Республикасы Парламентінің
ведомостары, 1997ж., № 12, 182 бет.
54
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
Экономика
Коммуникациядан
ақпараттық-
коммуникциялық
кеңістікке
Санат Сатаев,
Т. Рысқұлов атын. ҚазЭУ-дың
оқытушысы, э.ғ.к.
О
сы уақытқа дейін «коммуникация» термині жолдар,
көпірлермен, теңіз маршруттары мен өзендер және
құбырлармен ғана байланысты болатын, бірақ қазіргі
электрондық жетілген заманда ол «ақпараттың қозғалуы»
терминін білдіреді. Маршалл Маклюеннің жеделдік
және тәжірибелік көзқарастағы пікірі бойынша, коммуникация құралын
хабарлама деп есептеледі. Бұл пікірге сәйкес, кез-келген коммуникация
құралының жеке тұлғалық және әлеуметтік салдары жаңа технологияның
мүмкіндіктерінен пайда болады және оның көмегімен кез-келген іс-
әрекет жүзеге асырылады. Автоматтандырумен бірге пайда болған
адамдық қатынастардың жаңа үлгісі түсініктер мен өзара қатынастарда
белгілі өзгерістер алып келеді. Автоматтандыру адамдар үшін рөлдер
немесе оларды өз жұмысына қызықтыруды және басқа да адамдармен
байланысты қайта жасауды қарастырады деп белгілі бір мөлшерде айтуға
болады. Машинаның маңызы немесе жаңалығы болып оның өзі емес,
керісінше, адамның оған жасағандары болып табылады. Осы көзқарасқа
сәйкес, машинаның біздің бір-бірімізге және өз-өзімізге деген қарым-
қатынасымызды өзгертуін қарағанымызда, ол арқылы шығарылғандардың
ешқандай маңызы болған жоқ. Машиналық технологияның мәнін құрайтын,
адам жұмысын және қауымдастықты қайта құрастыру үлгісі фрагментация
үлгісімен анықталынған. Автоматты технологияның мәні қарама-қайшы.
Ол дәл сондай дәрежеде интегралды және орталықсыздандырылған,
қандай да машина болмасын, оған деген адамдық өзара қарым-қатынастар
үзінді, орталықтандырылған және жоғары сатыда болған.
Коммуникация құралы адамгершілік қауымдастықтың және
адамгершілік іс-әрекеттің ауқымы мен үлгісін анықтап, бақылайды.
55
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
Кез-келген барлық коммуникациялық тәсілдердің мазмұны бізден сол
тәсілдердің сипатын жасырады. Қазіргі уақытта өнеркәсіп салалары
бизнестің әр түрлі сипатын, негізгі жұмысы жинау болып табылатын,
өңдеу, орын ауыстыру, ақпараттың аудио видео трансляциясы сияқты
түрлерін түсіне бастады.
Осы заманғы бизнесті телефонсыз, компьютерлік және көшіргі
техникаларынсыз және оларды қолдану бағдарламаларынсыз елестету
қиын. Интернет жердің әрбір тұрғынына тек ақпаратты алу құралы ретінде
ғана емес, сонымен бірге берілген ақпаратты жеткізу құралы ретінде,
жарнаманы үйлестіру және т.б, әсіресе бизнесте маңызды.
Маклюэн қоғамға теледидардың әсер ету салдарын айтып кеткен,
жарнаманың табиғатын және мәнін, сонымен бірге қоғамдағы өзгерістердің
интернеттің пайда болуымен басталғанын айтқан. Маклюэннің негізгі
идеясының түйіні «Laws of Media», «Бұқаралық ақпарат құралдары
заңдары» атты кітабында бейнеленген, ол кітап оның өлімінен кейін
жарыққа шыққан, онда ол коммуникацияның төрт маңызды қағидаларын
технологияның көмегімен орнатқан:
1. Әрбір технология белгіленген ұйымның немесе белгіленген
пайдаланушының қабілеттілігнің мүмкіндіктерін кеңейтеді.
2. Бір аймақтың түйсігі күшейтіледі немесе қарқындатылады,
басқасы әлсірейді немесе қосылады.
3. Өзінің мүмкіндіктеріне дейін жеткен әрбір үлгі өзінің сипаттамасын
өзгертеді.
4. Кез-келген БАҚ-тәсілдерінің мазмұны көне тәсіл болып табылады,
яғни жаңа берілім тәсілі өзіне барлық көне үлгіні қосады.
Басқару циклін ақпараттық қолдауға бағытталғын тапсырмалар
кешенін шешу үшін пайдаланатын жүйелер еңгізілү уақытына және
функционалға қарағанда 20–50 % артығырақ бола отырып, жабдықтаушы
және пайдаланушы тұрғысынан пайдалануда сенімді болып келеді.
Мұндай жүйелер холдингтің ішкі жұмыстарын қосқанда компанияның
бүкіл шаруашылық операциялар тізімін жүргізіп отыруына, барлық
бюджеттік және қаржылық шаруашылық қызметтің көрсеткіштер
жүйесін құруға, жобаларды іске асыруға, сонымен қатар бизнестің жаңа
түріне өткенде икемділік танытуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта
ақпаратты өңдеу және алу қарқыны жеделдетілгені соншалық, осы
мәселеге байланысты біздің қоғамды «электрондық қоғам» деп белгілеген
Маршалл Маклюэннің енгізген «ғаламдық ауыл» атты ұғымы пайда
болды. Аталған ұғым Маклюэн тарапынан телевидеокоммуникацияның
таратылу дәуірінде 1962 ж. енгізілген, алайда бұл ұғым XXI ғасырда
да өзекті болып қалады, осыған байланысты басқарушылық, инженерлік
56
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
Экономика
және менеджериалдық тәсілдің күшеюіне қажеттілік туып отыр. Егер
электрдің жылдамдығы, мысалы ретінде, 300 мың км/сек құрайтын
болса, электрондық байланыс өте шапшаң, тіпті бұл кезекте кеңістік
түсінігі жоғалып кетеді. Электронды пошта немесе Қазақстаннан
АҚш-қа трансферт бірнеше секундта жүзеге асырылады. Қазіргі таңда
телекоммуникациялық сала әлемдегі ең қарқынды дамушы салалардың
бірі болып табылады, ал телекоммуникациялық инфрақұрылым арқылы
жіберілетін ақпарат көлемі әрбір 2–3 жыл сайын екі еселенуде. Дамыған
елдерде телекоммуникациялық саладағы инвестицияның өсу қарқыны
өңдеуші және өндіруші салалардағы инвестиция қарқынын басып озады.
Ақпараттық өнеркәсіптің жаңа салалары пайда болып табысы дами туседі,
осыған байланысты экономикалық нарық субъектілерінің белсенділігін
құрайтын ақпараттар елеулі түрде өседі және ақпараттық технологияның
ғылыми-техникалық, зияткерлік әлеуетке әсері, ақпараттық ресурстардың
қоғамның тіршілік қарекетінде алатын орны маңызды болып табылады.
Телекоммуникациялық қызмет көрсету нарығының негізгі даму факторы
болып көбінесе мемлекеттің экономикалық жағдайынан анықталатын,
тұтынушының төлемқабілеттілігі табылады. Телекоммуникациялық
сектордың дамуына әсер ететін факторлар, нарықтың ауқымын анықтайды.
Ағымдағы тенденцияда XXI – ғасырдың басы өзінің нәтижелі дамуы
үшін жаһандық телекоммуникациялық инфрақұрылымның құрылуын
талап ететін информациялық қоғам дәуірі ретінде қарастырылады, оның
даму қарқыны жалпы экономиканың даму қарқынына қарағанда жоғары
болу керек. Дамыған және дамушы елдерде экономикалық өсуді 1 %-ға
қамтамасыз ету үшін телекоммуникация саласы 3 %- дан кем болмайтындай
өсімге жетуі керек. Берілген жағдайда дамыған және дамушы елдердің
экономикалық көрсеткіштерінде телекоммуникациялық саланың маңызы
жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) әрдайым өсуінен көрінеді. Өнеркәсібі дамыған
елдерде телекоммуникация қызметінің көлемі ЖІӨ-нен 5 – 8 % жетеді,
ал ТМД елдері бойынша берілген көрсеткіш жоғары өсу қарқынына
қарамастан орта есеппен ЖІӨ-нен 2,8% - ды құрайды ( Қазақстанда – 2,9
% ).
Бүгінде әлемде болып жатқан ауқымды қайта құрылулар ақпараттық-
телекоммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуына себеп
болады. Жаһандық ақпараттық қоғам Хартиясында белгіленгендей
ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар XXI – ғасырдағы
қоғамның қалыптасуына әсер ететін аса маңызды фактор болып табылады.
Олардың революциялық ықпалы адамдардың өмір сүру салтына,
олардың білімі мен жұмысына сонымен қатар Үкімет пен азаматтық
қоғамның қарым-қатынасына қатысты. Ақпараттық-коммуникациялық
57
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
технологиялар әлемдік экономикалық дамудың маңызды бір бөлігіне
айналады. Көптеген дамыған және дамушы елдер ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың дамуы мен тарауы өз артынан
аса маңызды артықшылықтар қалдыратынын мойындады. Ақпараттық
қоғамға қарай қозғалыс – бұл болашақтағы адами өркениетке апаратын
жол екеніне ешкімге күмән келтірмейді [6,c 2].
Жаңа ақпараттық қоғамның негізгі сипаттамасының бірі болып оның
жаһандық сипаттамасы табылады. Жаңа ақпараттық қоғамның қалыптасу
үрдісінде жайлап ақпаратпен алмасу мен таралудың әдістері мен тәсілдері
жаңарады, уақыт қысқарады, ұлттық шекаралар мен барьерлар бұзылады,
әлемдік ақпараттық кеңістіктің, экономиканың, сауданың, қаржының
және басқа да адами тіршілік салалардың құрылымы өзгереді, адамдық
құндылықтар мен адамдардың дүниеге көзқарасының интенсивті өзгерүі
байқалады, мәдениет пен мәдениеттік модельдердің әмбебабтылығы,
динамика күшейіп бәсекелестік асқынады.
Әлемдік дамудың қазіргі кездегі кезеңінде жаһандық ақпараттық желі
Интернет бүкіләлемдік ақпараттық кеңістіктің ең көлемді және массалық
сегменті болып табылады. Соған қарамастан уақыт өте келе жаһандық
ақпараттық желі Интернет ақпаратты алу мен алмасу бойынша қолжетімді
болып барады.
Қазіргі кезде Интернет ақпараттық кеңістігінің қызмет етуіне жауап
беруші халықаралық ұйымдарға келесілер жатады [6,c 2]:
1. The Internet Corporation for Assigned Names and Numbers (ICANN) –
протоколдардың параметрлерін, IP-мекен-жайларды бөлу үшін, домендік
аттар жүйесін әкімшілдеу (Domain Name System, DNS), түбірлі серверлік
жүйелер деп аталатын қызметті қолдау және әкімшілдеу (Root Server Sys-
tem);
2. Интернет желісіндегі сандарды бөлу бойынша уәкілетті ұйымдар
(IANA, The Internet Assigned Numbers Authority);
3. Еуропалық Желілік Координациялық Орталық (RIPE NCC) IP-
мекен-жайлардың тіркеушілер үшін тіркелу мен анықтауды (бөлуді)
қамтамасыз етеді. RIPE NCC, Еуропа, Қиыр шығыс, солтүстік Африка
мен Азияның бір бөлігінің тіркеушілеріне қызмет көрсетеді және қызмет
көрсету аясында жаһандық ресурстардың әділ бөлінуіне кепілдік береді.
4. The Internet Engineering Task Force (IETF) желілік протоколдарды,
операторлады, өндірушілер мен зерттеушілерді шығаратын ашық
халықаралық бірлестік, олар интернет сәулетін дамыту мен қолданыстағы
инфрақұрылымның үздіксіз қызмет етуімен біріктіріледі;
5. Интеллектуалды меншіктің бүкіләлемдік ұйымы (ИМБҰ).
Жоғарғы деңгей домендері (TLD, Top Level Domain) екі үлкен бөлікке
58
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
Экономика
бөлінеді. Біріншісі – ортақ пайдалану домендері (generic TLD немесе-
gTLD), және екіншісі ұлттық екіәріптік домендер (country code TLD
немесе ссTLD). Ортақ пайдалану домендеріне COM, NET, ORG, INFO,
BIZ, MUSEUM, AERO, COOP, PRO, INT, GOV жатады. Қазіргі кезде
ұлттық домендер саны 250 – ISO 3166-1 халықаралық стандартқа сәйкес
мемлекет пен территориялардың екіәріптік кодтарының саны болып
табылады (RU-Ресей үшін, DE- Германия үшін, UK-Ұлыбритания үшін).
Ұлттық домендерді басқару бойынша өкілеттілік интернет-бірлестіктегі
мемлекеттердің келісімі бойынша IANA ұйымы арқылы беріледі.
Ұлттық домендердің дамуының ортақ тенденциясы мынадай:
біріншіден, ұлттық домендердің академиялық желілерден операторлардың
бірлестігіне өтуі және мемлекеттің интернет-қоғамдық тіркеу ережелерін
жасауға қатысуы: нарықтың, тұтынушылардың, қоғамдық ұйымдардың
мамандандырылған қатысушылары; екіншіден, әкімшілік процедураларға
назардың күшеюі, домендік аттарды тіркеуде операторлардың қатысуы,
коммерциялық схемаларды жасау. Үшіншіден, домендерді тіркеудің ашық
ережелеріне жайлап өтуі, шектеулердің алынып тасталуы.
Кез келген субъектінің интернеттегі қызметі көптеген құқықтық
мәселелерді тудырады. Олар тұтынушы қызметін реттеуге, сайттың статусы
мен оның мазмұнына (заңсыз, реттелмеген, рұқсат етілген); авторлық
құқықтарын сақтау; «киберэкономиканы» қалыптастыру.(электронды
ақша, төлеу жүйелері, бағалы қағаздар, электронды банктер, жарнама,
маркетингэлектрондық келісімдер, салықтар); жеке және мемлекеттік
қызығушылықтардың қауіпсіздігі.
80-жылдардың басында Еуропа мен АҚш-та (және басқа да шетел
мемлекеттерінде) Интернет желісінің нормативті негіздерін үйлестірү
мен құру бойынша үрдіс басталды. Қазіргі кезде Интернет желісінің
қатынастарын құқықтық реттеудің бірнеше деңгейлері қалыптасты [6, c.
2]:
1. Халықаралық;
2. Аймақтық (Еуропалық одақ пен ТМД шеңберінде);
3. Ұлттық.
Осы деңгейлердің әрқайсысында өкілетті заң шығарушы қарастырылып
отырған саланың құқықтық қатынастарын реттеуге ұмтылады.
Интернет желісінің трансшектеулігі Интернет желісінде құқықтық
қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу және қолданыстағы
ережелердің унификациясы қажеттілігін тудырады. Нормалардың
унификациясы ЕО шеңберіндегі сияқты халықаралық деңгейде де БҰҰ
шеңберінде (жеке құқық унификация институты), ИМБҰ, Халықаралық
сауда палатасы, БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы, БҰҰ
59
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
орталығының электронды бизнес пен саудамен әрекеттесуі шеңберінде
жүргізіледі.
Домендік аттар жүйесінің пайда болуы TCP/IP желілік протоколдарының
ыңғайсыз сандық мекен-жайларын тез есте сақталатын әріптік сөз
тіркесіне ауыстыруға мүмкіндік берді; соңғы жылдары Интернеттің
белсенді коммерциялануы мен танымалдылығы доменнің белгілері
бойынша қолданыста бар – тауарлық белгілермен фирмалық атауларына
ұқсас материалды емес активтердің белгілерін иемденді. Домендік
аттың мазмұны дара болып келетін жарнамалық тақталар көп кездеседі.
Қымбат тұратын интернет-жобалар үшін домен – олардың коммерциялық
жетістіктерінің аса үлкен үлесі болып табылады. Және сол домен
тұтынушыға сол немесе басқа тауар екенін елестетуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық-коммуникациялық қызметтің коммерциялық сипаттамасы
XX ғасырды сипаттайтын берілген қызмет саласының дамуының
артықшылықтарын қажет етпейді. Өткен жүзжылдықта адамдар осы
салада адам дамуының өткен кезеңдердегі дамуына қарағанда үлкен
нәтижеге жетті. Осыған байланысты ақпараттық-технологиялық қызметтің
диверсификациясының зор болашағын болжауға болады.
әдебиеттеР:
1. Маклюэн Г. M. Понимание Медиа: Внешние расширения чело-
века / Пер. с англ. В. Николаева; Закл. ст. М. Вавилова. — М.;
Жуковский: «КАНОН-пресс-Ц», «Кучково поле», 2003. — 464 с.
2. Мадисон А. Маршалл Маклюэн и информационные войны //
www.smi.ru. – 2009.
3. Marshall McLuhan. The Gutenberg Galaxy. New-York, 1962.
4. Медеуова Д. Маршалл Маклюен и «электронное общество» //
Евразийское сообщество. – 2004. – №4 (48). – С. 113-117.
5. Қазақстан Республикасының 2006-2008 жылдарына арналған
телекоммуникация саласының даму бағдарламасын бекітү ту-
ралы 7 маусым 2006 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
N 519 қаулысы. // Казахстанская правда. – 2006. – С. 2.
6. Постановление Правительства Республики Казахстан от 17
апреля 2008 года № 358 О Концепции формирования и развития
единого информационного пространства казахстанского сегмен-
та сети Интернет (Казнета) на 2008-2012 годы // Казахстанская
правда. – 2008. – С. 2.
60
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
Экономика
үні бүгінге дейін корпоративті басқару көбіне
толығымен игерілмеген көрініс болып қала беру-
де. Эксперттің көбісі осы ұғымға біртекті дәл ұғым
бере алмауда, бірақ олар бұл тұста корпоративтік
басқарудың маңызы мен роліне сенімді. 2005 жылы 8
шілдеде ҚР заңымен «Акционерлік қоғам туралы» заңына, сонымен
қатар корпоративті басқару кодексінің Қазақстанның акционерлік
қоғам қызметінің тәжірибесіне қосымша толықтырулар енгізілді.
«Акционерлік қоғам туралы» ҚР заңы 1 бабының 6.1 тармақшасында
көрсеткендей тап осы құжат акционерлер мен қоғамдық органдардың
арасындағы, мүдделес тұлғалар мен қоғам арасындағы қарым-
қатынасты реттеп отырады. Кодекс акционерлердің жалпы жиналы-
сымен бекітіледі және сонымен қоса 2007 жылы 19 ақпаннан бастап
ҚР заңының талап етуіне сәйкес қоғамдық компаниялардың міндеті
болып табылады [1].
Кейбір эксперттермен корпоративті басқарудың негізгі және
әйгілі үш анықтамасы бөліп көрсетіледі.(1-кесте)
1 - кесте. Корпоративті басқару деңгейіндегі негізгі анықтамалар
1-анықтама
Корпоративті басқару – бұл сәйкесінше әрекет ететін заң шығарушылар
мен халықаралық стандартты есепке алғандағы пайданың өсу мақсатындағы
акционерлердің, директорлар кеңесінің, менеджерлер мен басқа да мүдделес
жақтардың (қызметкерлердің, кредиторлардың, жабдықтаушылардың, жергілікті
биліктердің, қоғамдық ұйымдардың және т.б.) әрекеттестігі мен өзара есептесу
нәтижесінің жүйесі болып табылады.
Қазақстанның
корпоративті басқару
моделін таңдаудағы
мәселесі
ләзиза ҚҰРМанова,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
Ұлттық Университетінің
аға оқытушысы
К
61
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
2-анықтама
Корпоративті басқару – бұл барлық акционерлердің, сонымен қоса өзге мүдделес
тұлғалардың арасындағы қызмет нәтижесін бөлудегі тепе-теңдік пен әділеттілікті
қамтамасыз ететін компанияның басқару әдісі болып табылады.
3-анықтама
Корпоративті басқару – бұл кәсіпорынның құны мен пайдасын максималдылықа
жеткізу мақсатында менеджментке әсер ету және компанияның басқармасына
бақылау жасауға көмектесетін акционерлердің жиынтық өлшемдері мен ережелері
болып табылады.
Дерек көзі: мәліметтер бойынша автор арқылы құрастырылған [2] .
Қазақстандық заң шығарушылардың түсінігі бойынша
корпоративті басқарудың мәні танымалдылыққа сәйкес келеді, яғни
корпоративті басқару өз кезегінде органдардың, компаниялардың
арасындағы және оларды басқару бойынша қарым қатынастың
жүйесін көрсетеді. Корпоративті басқару рейтингісіне (КБР)
сәйкес компания органдарының өзара қарым-қатынастарын және
олардың жұмыстары мен тәжірибесінің нәтижелілік моделі, яғни
тап осы жүйенің бағасы болып табылады [3]. Standard & Poor’s
рейтингтік агенттіктің ойынша кредиттік рейтингті анықтағандағы
корпоративтік басқарудың есептік жағдайының қажеттілігін рас-
тайтын кредиттік рейтинг пен КБР арасында байланыс болатынын
айтады [4].
Корпоративті басқару жүйесінің бағалануы корпоративтік
құрылымның тұрақтылығы мен бизнесті басқару жүйесіне талдау
жасауға көмектеседі және әр түрлі топтардың қызығушылықтары
мен өзара органдарды басқару нәтижелілігін тепе-теңдікке
келтіреді. КБР-ге акционерлік қоғам мен акционерлердің өздері,
потенциалдық инвесторлар мен кредиторлар, компаниялардың ла-
уазымды тұлғалары мен мемлекеттік реттеу органдары және т.б.
қызығушылықтарын танытуы мүмкін.
Корпоративті басқарудың толық жетілдіруін көптеген қарым-
қатынастарда инвестициялық климат жақсарта алады. Корпоративті
басқарудың жетілдірілуі шешімдерді қабылдаудағы жылдамдатуға,
компанияның тактикасы мен оның нәтижелігін жоғарылатуға, со-
нымен қатар алаяқтыққа әкелетін оқиғалардың қысқаруына алып
келеді [5].
Корпоративті басқару қағидаларын біздің елімізде заң шығарушы
деңгейін енгізу негізінде 1998 жылғы «Акционерлік қоғам туралы»
ҚР заңынан басталды. 2005 жылы жазда корпоративті басқарудың
толық жетілдірілуі сұрақтары бойынша 2003 жылғы «Акционерлік
қоғам туралы» ҚР заңына және «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР
62
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
Экономика
заңына біраз түзетулер енгізді. Осының ішіндегі ең негізгі түзетулер,
бұлар ақпарат алуға құқығы бар инвесторлардың құқықтарын
бұзбауы үшін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың
жауапкершіліктерін және акцияларды сатып алғандағы ережелердің
сақталмауын болдырмау үшін акционерлік қоғамдағы лауазымды
тұлғалардың жауапкершіліктерін, сонымен қатар бағаларды шектеу
мақсатында жүргізілетін келісімдердің болуын қарастырады.
Акционерлердің жалпы жиналысында олардың шығаратын ак-
цияларын сатып алу кезіндегі акциялардың құнын анықтайтын
әдістерді қабылдады және акцияларды сатып алғандағы дауыс беру
мен сатып алу процедурасын анықтады. заң шығарушылармен
аудиттік ұйымдарды дербес таңдауда және сол таңдалған аудиттік
ұйымға қоғамның барлық құжаттарымен қамтамасыз ету міндетін
атқаруға болатын ірі акционердің құқығы бекітілген болатын.
Корпоративті басқару Кодексінің моделі 2005 жылы 21 ақпанда
Эмитенттер Кеңесінің жиналысында ресми түрде көрсетілді, содан
бастап корпоративті басқару бойынша мамандар мен реттеуші ор-
гандар корпоративті басқару Кодексін енгізуді және оны өңдеудегі
компанияда туатын қиындықтар мен ол бойынша пайда болатын
сұрақтарды қадағалап бақылап отырды. Енді осы бойынша 2007
жылы 3 шілдеде Эмитенттер Кеңесінің жиналысында корпоративті
басқару Кодексіне түсінік беріліп кеткен болатын.
2006 жылы маусымда Қазақстанда бастаушы компаниялармен
және ұйымдармен корпоративті басқару бойынша Ұлттық кеңес
құрылды. Оның қызметі заңдық инициативаларды әрі қарай дамы-
тып, жергілікті компаниялармен бірге әрекеттесу арқылы олардың
инвестициялық тартымдылығын жоғарылатуға бағытталған [6].
2007 жылы ақпанда «миноритарлық инвесторлардың құқықтарын
қорғау сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір
заңдық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы»
заң қабылданды. Тап осы заңдық жобаны дайындау кезеңінде Еу-
ропа елдерінде пайда болған корпоративті басқарудың тәжірибесі
қолданылған болатын, сонымен қатар заң өзіне тағы Лондон
биржасында қабылданған эмитенттерден бағалы қағаздарды та-
лап ету мен нарықтың кәсіпқой қатысушыларын реттейтін біраз
жағдайларды кіргізеді [7].
Бірақта, күні бүгінге дейін қазақстандық компанияларда
корпоративті басқару жүйесі енді ғана құрылуда, сонымен қатар
директорлардың кеңесінде міндетті барымен (наличию) талап
ету бойынша 2005 жылдың жазында оларға тәуелсіз директорлар
63
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
енгізілді, ондай комитеттердің міндеттемелері қоғамдық компания
деген статусы бар қазақстандық компаниялар үшін директорлар
кеңесінің бірінші кезеңінде орнатылған болатын.
Қоғамдық компаниялар кіші инвесторларды тартатын және
бағалы қағаздар нарығында тұрғындардың ауқымды бөлігінің үлкен
инвестициялық процеске қатысуына алып келе алмаған «халық
акционерлік қоғамы» қызметін алмастыруға шақырды. Активтердің
көлеміне талап ету мен 500-ден кем емес акционерлердің санын
кезіндегі халық акционерлік қоғамының негізгі белгілері болды, ал
қоғамдық компаниялардың бірінші кезегіндегі белгілері кіші инве-
сторларды тартумен бірге Қазақстанның ашық нарығындағы тап
осы компаниялардың бағалы қағаздармен сауда-саттықты жүргізу
міндетін ұсыну болып табылады.
Одан басқа, инвесторлар мен акционерлердің қызметтері ту-
ралы ақпараттың жету тәртібіне талап етудің жоғарылауы және
қоғамдық органдар қызметінің толық жетілдірілуі бағытына
қатысты жоғарыда айтылған заңмен келесі қадам жасалады:
• Жыл сайынғы акционерлердің жалпы жиналысын-
да қаржылық ағымдық кезеңінің соңында қоғамның таза табы-
сын орналастыру тәртібі мен бір жай акцияға келетін дивидент
көлемдерінен басқа тағы акционерлердің қоғамдағы лауазымды
тұлғаларға әсер ететін айналымдары және шағымдары болып та-
былады;
• Миноритарлық акционерлерге акционерлердің жалпы жи-
налысында көрсетілген күн тәртібіндегі басқа акционерлермен
бірігу мақсаты жөніндегі сұрақтарды шешу барысында қоғамдық
тіркеушіге айтуына қосымша құқық беріледі;
• Қосымша қоғамдық «корпоративтік сайты» түсінігі
енгізілуі тиіс, бұның «бұқаралық ақпарат құралдары» түсінігінен
айырмашылығы,бұқаралық ақпарат құралдары есебінде тіркелмеуі
мүмкін,бірақ құзіретті органдардың талаптарына жауап береді
және акционерлер мен инвесторлар алдында ақпаратты ашуда заң
нормаларын орындауды қамтамасыз етеді.
Акционерлер құқығын қорғау көзқарасымен және заң
нормаларының тобы бойынша, бағалы қағаздарды төлеу тәртібін
анықтаудағы жағдайды қарастырады және акционерлерге
артықшылығы бар сатып алу құқын береді.Көбіне,бұл заң келесідей
нормаларды қарастырады:
• Квартал және жарты жылдық мерзім қорытындысымен
дивиденттерді төлеуге тыйым салу, себебі дивиденттер жай ак-
64
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
Экономика
циялар бойынша акционерлік қоғамның таза табысы сомасынан
төленеді, оны қаржылық жылдың қорытындысымен ғана анықтауға
мүмкіндік бар;
• Аталған құқықтың бағалы қағаздардың бір меншік иесінен
басқаға ауысуын жүзеге асыру тәртібін реттеуде жүзеге асуы. Мыса-
лы, акционердің акцияны отыз күн ішінде иелігінен шығару кезінде,
артықшылығы бар сатып алу құқығына сәйкес акцияны иемдену
өтініші, егер бұрынғы акцияның меншік иесі мұндай өтінішті бер-
месе, аталған құқық акцияның жаңа меншік иесі арқылы жүзеге асы-
рылады. заң алдында, акционерлер алдында менеджмент міндетін
реттейтін, оның орындалмауына жауап беретін топ негізгі орын
алады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, ақпаратты беру
нәтижесінде келтірілген шығындар, сонымен қатар заңда бекітілген
ақпарат тәртібін бұзу мен шатыстыруға алып келетін, қызметтері
арқылы келтірілген зияны үшін қоғамның міндетті тұлғалары
қоғам алдында және акционерлер алдында жауап береді.
2006 жылы алғашқы заңдық деңгейде «инсайдерлік ақпарат»,
«инсайдер» ұғымы енгізілді, «инсайдердің» негізгі принципі:
«ақпаратты қолдана біл немесе саудадан бас тарт» болып табылады.
Осыған орай инсайдерге тиісті емес әрекеттер:
• инсайдерлік ақпаратты қолданып, өзінің немесе үшінші
тұлғаның жағдайы үшін бағалы қағаздармен келісім шарт жүргізеді;
• үшінші тұлғаға инсайдерлік ақпаратты беру немесе оларға
қол жетімді ету және заңмен қорғалған шараларды ұйымдастыру;
• инсайдерлік ақпарат негізінде үшінші тұлғаларға бағалы
қағаздармен келісім жасауды ұсыну.
Қаржылық делдалдар жауапкершілігін жоғарылататын және
оларға көрсетілген қызметтер сапасы талабы жөніндегі заң жағдайы,
инвесторлар құқын қорғау көзқарасы бойынша аса маңызды емес.
Бағалы қағаздардың Қазақстан қор биржасындағы арнаулы тізімге
енгізуіне үміткер болуы, акционерлер қоғамдар үшін корпоративті
басқарудағы кодекстің болуы міндетті [8]. Осыған байланысты
листингтік компаниялар арқылы корпоративтік басқаруға талдау
жүргізді, яғни көрсетілгендей өздігімен құрылған корпоративтік
басқарудың 21 пайызы ғана листингтік компанияларды алатынын
көрсетті [9].
Тәуелсіз директорлар корпоративтік басқарудың жетілдірілуіне
үлкен үлесін қосты – бұл ең аз дегенде талқыланатын сұрақтар бой-
ынша директорлар кеңесінің обьективті ойларының құрылуына әсер
етеді, сонымен қатар директорлар кеңесінің жұмысының тиімділігін
65
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
жоғарылатады, себебі ол ішкі менеджментке де, аффилирленген
тұлғаларға да, компания контрагенттеріне де бағынбайды [10].
Үкімет тәуелсіз директорлар институтының даму процесіне
белсенді түрде әсер етеді, корпоративті басқарудың базалық
негізін заңды түрде реттейді. Нормадан басқа, қазіргі Қазақстан
Республикасындағы жүзеге асып жатқан заңдарға сай (Қазақстан
Республикасының
заңы
1-баптың
12-тармақшасындағы
«Акционерлік қоғам туралы»), негізгі жағдайлары компанияның
ішкі құжаттарында көрсетілуі керек, ең негізгісі ретінде Жарғы,
Корпоративтік кодекс, сонымен қатар директорлар кеңесі жөніндегі
жағдай болып табылады.
Тәуелсіз директордың негізгі рөлі – шешім қабылдаудағы
ережелері мен процедуралардың сақталуын қадағалау, сонымен қатар
миноритарлық акционерлердің құқын қорғау мүдделерін көрсетеді.
Осыған байланысты тәуелсіз директорлар институтының қалыптасуы
директорлар кеңесінің институтының толығымен қалыптасуына
байланысты екендігін атап көрсетуге болады. Өкінішке орай, бүгінгі
күндері акционерлік қоғамдардың көбісі (әсіресе шағын компани-
яларда) директорлар кеңесі формальды қызметтерді орындайды:
заңда қарастырылған шешімдерді қолдайды. Соған сәйкес тәуелсіз
директор рөлі тәжірибе жүзінде нөлге тең.
Директорлар кеңесі нақты жұмыс істейтін, басқа компани-
яларда қабылданатын шешімдер жиі өткізілетін жиналыстар-
да қарастырылады, әр түрлі комитеттер құрылады. Мұндай
компаниялардағы директорлар кеңесі басқару есебінің негізінде
компания қызметінің тиімділігін көтеру үшін топ-менеджментке
ұсыныстар береді, тәуекелді бақылауды жүзеге асырады. Мұндай
компанияларда тәуелсіз директорлар маңызды рөлді атқарады.
Негізгі қызметтерді орындаумен қатар тәуелсіз директорлардың
акционерлер алдындағы жауапкершілігін жоғарылатуға ұмтылуы,
мысалға директорлар кеңесінің жұмысы жөнінде жылдық есеп беру
міндеттемелерін көрсетуде, соның ішінде компания қызметінің
жақсы және жаман жақтары жөнінде мәліметтер беріп отыру. Негізгі
рөлді тәуелсіз директор атқаруы тиіс. Тәуелсіз директорлардың
институтының дамуын тежеу кезіндегі маңызды аспектілердің
бірі Қазақстандағы нарықта тәуелсіз директорларға қойылатын,
талаптарға сәйкес, кәсіби мамандардың болмауы болып табыла-
ды. Кең тараған қателіктердің бірі ретінде дос немесе жақсы таныс
немесе туысқан болып келетін адамды тәуелсіз директор есебінде
тағайындау болып табылады. Мұндай адамды басқару қиын бола-
66
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
Экономика
ды, ал оның жұмысын бағалауда қиындықтар туады, сондықтан да
мұндай адамды «тәуелсіз» деп санай алмаймыз. Жақсы нәтижелерге
жету мақсатында және компанияның табысты қызмет етуі үшін
корпоративті басқарудың ең жақсы тәжірибесі ретінде компанияда
білікті корпоративті хатшының болуын қамтамасыз ету болып табы-
лады. Білікті корпоративті хатшы корпоративті басқарудың тиімді
жүйесін дамыту және құрудағы негізгі қызметтерді біріктіруші
негізгі тұлға болып табылады. Корпоративті хатшының басты
жұмысы директорлар кеңесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз
ету, яғни соған қоса компанияда жұмыс тиімділігін арттыру болып
табылады. Корпоративті хатшы директормен ақылдаса отырып,
компания бизнесіндегі пайдасын арттыруға байланысты тиімді
бағыттарды ұсынуына, соған орай компания және оның акционерлері
мен қызметкерлерінің мүддесін қорғау кезіндегі тәуелсіздікті және
обьективтілікті сақтауы тиіс [11].
Қазақстандағы корпоративті хатшы институты заңның жаңаша
түрі бойынша 2007 жылы ақпан айында акционерлік қоғамдарда
жүргізіле бастады. «Қазақстан Республикасының Акционерлік
қоғам» туралы заңына сәйкес корпоративті хатшыға анықтама беретін
болсақ «директорлар кеңесінің немесе атқарушы орган мүшесі бо-
лып танылмайтын, директорлар кеңесінің есеп берушісі, соған қоса
өзінің қарекеті есебінен директорлар кеңесі мен акционерлік қоғам
жиналысын бақылап ұйымдастырушысы, күнделікті шикізаттарды
пайдалану бойынша сұрақтарды қарастыратын акционерлік
компанияның жұмысшысы» болып табылады.
АҚ туралы заңына сәйкес корпоративті хатшы тікелей директор-
лар кеңесіне есеп беруге міндетті. Бұл жағдайда корпоративті хат-
шы обьективті түрде жағдайды бағалауына және компания мен оның
акционерлерінің мүддесін үшін менеджерлер мен басқа да тұлғалар
алдында тікелей әсер етуін сақтауға мүмкіндігі бар.
АҚ туралы заңда көрсетілгендей хатшы тек өзіне тиісті
жұмыстарды атқаруы тиіс. Компанияны корпоративті түрде
басқару және компания саясатында, сонымен қатар акционерлік
қоғамдар корпоративті хатшының компетенциясын ескеру қажет. Өз
тәжірибесі шегінде келесідей проблемалармен кездеседі [12]:
1. Корпоративті хатшының лауазымын анықтау керек, себебі
корпоративті хатшы мен жай хатшы арасындағы жұмыстың
атқарылуы кей кездері түсініксіз болады. Қазіргі таңда көптеген
АҚ-да корпоративті хатшының қарекетін заңгер мамандар атқарады.
67
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
Сол себепті заңгер маман екі жақты келіспеушілікте қалады, біреуі
басшы болса, екіншісі директорлар кеңесі. Бұндай жағдай болмауы
тиіс;
2. Корпоративті хатшыға байланысты лауазымдылығын,
міндеттерін, функцияларын бекіткен құжаттардың жоқтығы.
Кейбір Қазақстандық АҚ тек қана техникалық функцияларды ғана
белгілеген (директорлар кеңесінің мәжілісінің хаттамасын жүргізу);
3. Директорлар кеңесінің мүшелерімен, әсіресе тәуелсіз
директорларға кездесе алмаушылық. Корпоративті хатшының
мұндай компаниядағы тәуелсіз директорлармен байланысы, дирек-
торлар кеңесінің төрайымы арқылы қолданады;
4. АҚ штаттық кестесінде корпоративті хатшы лауазымының
болмауы (аппарат) қызметіне әкеледі;
5. Корпоративті хатшы міндетін ауыстырудағы кең тараған
тәжірибенің бірі еншілес компаниялардың қызметін бақылау, басты
кеңсе жағынан басқару тетігі ретінде пайдалану ;
6. Корпоративті хатшының кәсіби біліктілігін көтеру мәселесі –
аз түрдегі арнаулы тренингтер мен семинарлардың болуы, соның
әсерінен жеке компетенция мен кәсіби білім деңгейін көтеру ;
7. Кәсіби корпоративті хатшыны іріктеу мәселесі қазақстандық
компаниялар үшін басты болып табылады.
Еуро Одақта АҚ-ды басқаруда екі буынды жүйе қолданылып
келеді. Бұрында Қазақстанда кейбір ауытқулар болған, яғни акция-
лар тек қана бір адамда болды [13].
Бұл жағдайда заңнамалық актілер директорлық кеңесін құруға
рұқсат берген жоқ. «АҚ қоғам туралы» заңның өзгертілгенінде бір
буынды жүйені құруға болмайды деп айтылған.
Жоғарыдағы өзгертулерге дейін жалғыз акционерлердің
директорлық кеңесін құрған еді. Соған қоса көптеген акционерлік
компаниялар директорлар кеңесін тек қана заң талабы керек еткесін
ғана құрған еді.
Басқарудағы сұрақтарды тек қана басқарушы орган тәуелсіз
түрде немесе акционерлердің өздері шешті. Басқаруға байланысты
сұрақтарды акционерлердің өздері директорлық кеңеске қарамастан
шешті. Қалған жағдайларда акционерлердің өздері директорлар
кеңесі құрамына кіріп, компания іс-әрекеті бойынша күнделікті
шешімдерді өздері қабылдады. Осыған орай жоғарыда айтылғандай
Қазақстанда корпоративті басқарудың базалық моделін таңдай оты-
рып, компаниялардағы моделіне қарсылық білдіруге болмайды.
Бұнда айтылғандай отандық компаниялардағы басқару тәжірибесі
68
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
Экономика
көрсеткендей корпоративті басқарудың екі буынды моделі болмай-
ды және қазіргі кезеңде жалғыз ғана мүмкіндігі бар деп айтуға бол-
майды. Оны қазір біз акционерлік қоғаммен байланыстыра алмай-
мыз. Ағымдағы тәжірибе көрсеткендей, көптеген компанияларда ди-
ректорлар кеңесі және оны басқару бір буынды жүйеде жүзеге асып
жатқан бірыңғай директорлар кеңесі режимінде жүзеге асатындығын
көрсетеді.
Корпоративті басқару жүйесін және корпоративті қатынастарды
ары қарай жетілдіруде корпоративтік қатынастарды реттеуде,
заңдарға өзгерістер енгізбеу мүмкін емес.
Осыған байланысты Қазақстанда жеткілікті түрде көп пайызын
көптеген қатысушылар саны бар акционерлік қоғамдар құрайды,
мұндай құқықтық нормаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
қажет, ол аздаған қатысушылары бар акционерлік қоғамның
құқықтық жағдайларын реттейді.
Осыған қарамастан соңғы уақыттары Қазақстанда Акционерлік
қоғамдар көп болғандықтан, яғни олардың құрамы аз адамнан
тұрғандықтан, соған байланысты заңнамалық актілерді де соған сай
бейімдеу керек. Қазіргі таңда Қазақстандық компания, фирмаларды,
отандық кәсіпкерлікті дамыту туралы көптеген ақпараттар таралып
және ақпаратты дамыту жөнінде шаралар жүргізіліп жатса да АҚ ту-
ралы заңнамалық актіге өзгертулер енгізген жөн болады, оның ішінде
АҚ жылдық есебінің мазмұнын талап ету туралы және оны бекіту
жөнінде «Акционерлік қоғам туралы» заңда өзгерту енгізу қажет.
Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың
заңды мүддесі үшін және құқықты бұзу кезінде жауапкершілікке
тартуда нормаларды қолдануды жетілдіру мақсатында келесілерді
ұсынуға болады:
• ақпараттың минималды көлемін бекіту, егер инвестор
ақпаратпен толық қамтамасыз етпесе заңға сай әкімшілік құқық
бойынша жазаланады;
• жеткілікті құқық бұзушылықты анықтап, оларға өзгертулер
енгізіп, инвестор қолдана алатындай етіп жасау керек.
Акционерлер жиналысына қатысты мәселелер мен қарама-
қайшылықтарды жою үшін, акционерлердің жалпы жиналысын
дайындап, оны өткізу тәртібін реттеу үшін келесілер қажет:
1. «Акционерлік қоғам» туралы заңында күн тәртібінде енгізілген
акционерлік сұрақтар жөніндегі тәртіпті қайтадан қарастыру қажет,
онда қоғамдық бақылау және басқару органдарын таңдау үшін, кан-
дидаттарды қайта қарастыру және оған дейін көрсетілген сұрақтар
69
№2(42) 2014
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
ЭКОНОМИКА
мен кандидаттарды қайта қарастыруды анықтауға мүмкіндігі бар;
2. АҚ туралы заңда бюллютенді жарамсыз деп тану мәселесін
бекіту. Бұл тікелей есеп комиссиясына қатысты, себебі ол сайлау-
шылар қорытындысын шығарады.
Корпоративті басқару саласы жүйесін жетілдірудегі пайда бола-
тын дауды шешуде келесілерді ұсынуға болады:
1) Ішкі құжаттардың қателігі, акционерлік жиынды өткізу
қателіктерінен акционерлік жиналысты жарамсыз деп тануы;
2) Акционерлік қоғамдар жөніндегі заңдарды толықтыру, яғни
акционерлердің өткізген жиынындағы келеңсіздіктерді анықтап
оны жарамсыз деп тану;
3) Акционерлер жиынында болған нақты ауытқуларды дәлелдеу,
яғни бұл сот бойынша жарамсыз болып табылады.
Осы айтылған кезеңде бір буынды модельді қолданған дұрыс па
әлде екі буынды ма: соған сай дұрыс альтернативаны таңдаған жөн.
Айта кететін болсақ елімізде бір буынды модель жасырын түрде бар
және көп таралған. Осыған орай жаңа кезеңде директорлық кеңесінің
бірігуі жағдайында компанияда жеке атқарушы органын құруды қажет
етпейтін мүмкіндіктерін заңды түрде қарастырған жөн( «Акционерлік
қоғам туралы» заңының 33 бабының 1-тармағының 4-тармақшасы)
Достарыңызбен бөлісу: |