Махаббат,Байлық,Сәттілік
Бір әйел үйінен шығып, ауласында отырған бейтаныс үш шалды көреді. Әйел оларға былай дейді: «Меніңше, мен сіздерді танымаймын. Бірақ сіздердің қарындарыңыз аш сияқты. Үйге кіріп, тамақтанып алыңыздар». Үшеуі:
«Үй иесі ше, үйде ме?» - деп сұрайды.
– Жоқ, ол кетіп қалды.
– Онда біз кіре алмаймыз. Кешке күйеуі үйіне оралғанда, әйелі оған болған жайтты айтып береді. Күйеуі әйеліне ол үшеуін тағы да шақыр дейді, өйткені ол үйде болғандықтан, олар кіру керек деп ойлайды. Әйелі шақырады.
– Біз үйге үшеуіміз бірдей кірмейміз.
– Неге?
– Оның есімі Байлық, - дейді үшеуінің біреуі.
– Мынау Сәттілік, ал мен Махаббатпын. Енді үйіңе кір де, үйге қайсымызды кіргізетіндерің жайлы ақылдасып кел, - деді ол. Әйелі күйеуіне болған нәрсені айтып еді, күйеуі: «Ондай болса, Байлықты кіргізелік» - деді. Бірақ әйелі онымен келіспеді: «Одан да Махабатты кіргізелік, үйіміз Махаббатқа толсын» - деді. Сөйтіп екеуі де үйге алдымен Махаббатты кіргізуге келісті. Шал орнынан тұрып, үйге қарай бет алды. Отырған екеуі де орындарынан тұрып, Махаббаттың соңынан ерді. Әйел аң-таң болып: «Мен үйге тек Махаббатты шақырдым ғой. Сендер неге ілестіңдер?» - деп сұрады. Сонда үшеуі бірдей: «Егер де сіз Байлықты шақырсаңыз, қалған екеуі орындарында қалушы еді, бірақ сіз Махабатты шақырдыңыз... Ал Махаббат бар жерде үшеуі де бар. Махаббат бар жерде Сәттілік те, Байлық та бар», – деген екен.
Шыңға шығудың үш құпиясы: Өнімді айналымға енгізуге бел буыңыз.
Көптеген командалардың арасында көшбасшыға айналыңыз.
Сіз қазір жол торабында тұрсыз ба? Мүмкін сіз қазір өмірдің жол торабында тұрған боларсыз, жаңа адамдармен танысқыңыз келіп, өміріңізге жаңа нәрселер енгізгіңіз келетін шығар. Мүмкін басқа біреудің арманын орындаудан жалыққан боларсыз? Жолдың бірі оңай, төменге қарай түсетін, орташа жол болар, екіншісі өз-өзін жетілдірудің қиын-қыстау жолы болар. Соңғысы, жоғары жылдамдықпен жүретін жолға тез айнала алады. Онда сіз шыңға шығатын көптеген белгілер көре аласыз.