Жеке тұлғаны тәрбиелеудің жобалық тәсілі
Кім ақпаратқа ие, сол әлемге иелік етеді. Сондықтан, жеке тұлғаны тәрбиелеудегі жобалық тәсіл балаға үлкен ақпарат ағымы жағдайында жобалық іс-әрекеттің ұтымды тұсын таңдауға және оны тәжірибеде белсенді пайдалануға мүмкіндік береді.
Соңғы кездерде балаларды әдебиетті оқуға үйрету қиын, алайда дәл осы әдіс бұл мәселенің алдын алуға және оқуға деген сүйіспеншілікті оятуға көмектеседі.
Жобалық тәсілдің мақсаты - қайшылықты анықтау және оны іс жүзінде шешу. Оған 5П = Мәселе (Проблема) + Жоспарлау (Планирование) + Іздеу (Поиск) + Өнім (Продукт) + Таныстырылым (Презентация) және 6 Портфолио кіреді.
Жобалық тәсіл кезеңдері:
Жобалық тапсырманы әзірлеу (тақырып, қосалқы тақырыптар; шығармашылық шағын топтарды қалыптастыру, зерттеу жұмыстарына материалдар дайындау, топтарға тапсырмалар беру, ұсынылған әдебиеттер мен веб-сайт беттерін таңдау);
Жобаны әзірлеу.
Нәтижелерді даярлау.
Таныстырылым.
Рефлексия (ой)
Жобалық тәсілді жүзеге асырудың негізгі шарты - теорияның практикамен байланысы
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
«Педагогикалық қолдау» технологиясы
Әлеуметтік педагогтың балалар үйіндегі балалармен жұмыс жасаудағы рөлі – өзін-өзі дамыту кезеңінде уақтылы көмек көрсету болып табылады. Педагогикалық қолдаудың мақсаты - баламен бірге баланың қызығушылығын, мақсаттарын, мүмкіндіктерін анықтау және адами қасиеттерін сақтауына, оқуда, өзін-өзі тәрбиелеуде, қарым-қатынаста, өмір салтында қажетті нәтижелерді өз бетінше қол жеткізуге кедергі келтіретін (күрделі мәселелерді) жеңу жолдарын бірлесе анықтау үдерісі. Педагогикалық қолдау теориясының негізгі сөзі - бұл баланың күрделі мәселесі.
Зерттеуші О.С. Газман педагогикалық қолдау тұжырымдамасында келесі элементтерді қамтиды: (13-сызбаны қараңыз)
БІЛІМ
Достарыңызбен бөлісу: |