Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020



бет75/102
Дата03.11.2022
өлшемі3,67 Mb.
#47231
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   102
Үрейге қарсы әрекет
Үнемі үреймен бетпе-бет кездесу арқылы үрейлерден арылып, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға болады. Осы ретте, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығуларды орындау маңызды.
Әлеуметтік педагог әлеуметтік қорқынышы бар оқушылардың үрейін тежеп, шешу үшін арнайы жаттығулар карточкасын дайындайды. Жаттығулар карточкасында көрсетілген жағдаяттар оқу-тәрбие процесі, тұрмыстық өмір, отбасы, құрдастарымен байланысты болуы мүмкін. Әр жаттығу белгілі тақырып аясында жасалады және 0–ден 100 –ге дейін үрей деңгейімен анықталады.
Мысалы,

  • Сыныптағы 5 оқушымен бірге үзілісте бутерброд жеу (70);

  • Кездейсоқ кездесіп қалған таныс немесе көршімен сәлемдесу (30);

Осындай жағдаяттарға байланысты жаттығулар карточкасын жасауға болады.
Үрей деңгейі оқушы бойында бар қорқыныштың себебі мен жағдаятты анықтауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік педагог үрейдің өсу ретімен орналастырып, әр деңгеймен жеке жұмыс жасайды.
Мысалы:


Жағдаят: шәй ішу.

  1. Менің үйімде қонақтармен пластмасс ыдыстан шәй ішу (40);

  2. Қонақта пластмасс ыдыстан шәй ішу (50);

  3. Менің үйімде қонақтармен шыны ыдыстан шәй ішу (65);

  4. Қонақта шыны ыдыстан шәй ішу (75);

  5. Мектепте шыны ыдыста шәй ішу (80).



Жағдаят: сабақ барысында өзін көрсету.
1. Сыныптасыңа сұрақ қою. (40)
2. «Мен сенің ойыңмен келіспеймін…» деп сыныптасыңа өз ойын айту. (60)
3. Мұғалімге сұрақ қою. (70)
4. «Мен сіздің ойыңызбен келіспеймін …» деп мұғалімге өз ойын айту. (80)
Барлық карточкалар күнделікті кездесетін, алайда үрей туғызатын жағдаяттардан құрастырылу қажет. Субъект жағдаяттармен жұмыс жасап үйренген сайын үрейді жеңуге қажет әлеуметтік дағдылар қалыптасып, іске қосылады.


Логотерапия

Логотерапия (грек тілінен аударғанда — «сөз», «ой», «мән» дегенді білдіреді) — бұл сөз арқылы белгілі бір дене, құбылыс, жағдайдың мәні мен маңыздылығын түсінуге арналған терапия түрі.


Терапияның авторыВиктор Эмиль Франкл кез-келген зат, дүние, құбылыстың мәнін түсіну, өзін-өзі тану қажеттілігі тұлғаның қозғаушы күші екенін түсіндіреді. Тұлға өзінің өмір сүру мәнін тек рухани деңгейде ғана түсіне алады.
В. Франклдің пікірінше адамзат өзін тануға бейім, өмірінің әр сәтіне мән беру арқылы ол өзінің өмір сүруінің себебеі мен маңыздылығын түсінуге тырысады.
Логотерапияның мақсаты тұлғаға ерік беру арқылы оның өмір сүру мәніне жету.
Логотерапия «ерікті болудың маңыздылығы?», «сен үшін ерікті болу маңызды ма?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Бұл әлеуметтік фобиясы бар тұлғалардың қорқу мен үрейден ерік болуының маңыздылығы мен мәнін түсінуге бағытталады. Мысалы, логотерапия «Не үшін мен өз қорқыныштарымнан ерікті болуым керек?»деген сұраққа жауап іздей отырып, әлеуметтік фобиясы бар тұлғалардың өмірінде қорқыныштың алатын рөлі мен орнын анықтап қана қоймай, қорқынышты жеңу немесе онымен бірге, оған бағына өмір сүрудің қаншалықты пайдалы немесе қауіпті процесс екенін анықтауға көмектеседі.
Анықталған сұрақтың жауаптары өз сезімдерін тежеп, жеңу барысында үлкен мотивация бола алады. Бұл мотивацияны негізі жеке тұлғаның ішкі жан дүниесі емес, ортасы ретінде қарастырылады.Тұлға «өзінің шеңберінен шығып, оны қоршаған орта, құбылыстарға мән беру» арқылы көзқарасын ауыстырады.
Бұл тұжырымдаманы түсіндіру үшін келесі мысалды келтіреміз.
Әнел ұзақ уақыт бойы тренинг өткізуге дайындалады. Бастығы да оған қолдау көрсетіп, барлығы ойдағыдай өтетінін айтып, иығынан қағады. Тренингке бір-екі күн қалған уақытта Әнел қобалжып, қорқа бастайды. Ол үшін: бастығы ол туралы не ойлайды, егер қателік жасаған уақытта қалай қабылдайды деген паразит ойлар басымдылық танытады. Әнел үшін тренинг емес, оны бастығының бағалауы мен пікірі маңызды рөлге ауысты, төмен бағаланып қалу үрейі Әнелдің тренинг өткізе аламын деген сенмін бұзып, оның кездесуден бас тартуына себеп болады. Дегенменен, Әнел тренингті керемет өткізіп шығады. Оған не себеп? Әнел қалай өз сезімдерін жеңе білді.
Әнел тренингтің өзгелер үшін маңыздылығын және оны күтіп отырған адамдар жайлы, олардың тренингтен алған білімін өз жұмыстарыңда қалай қолданғаны туралы ойлау арқылы ішкі үрейлерін жеңіп қашудын алдын алады.
Бұл жағдайда Әнел туындаған үрей мен қорқыныштан өзгелердің басымдылығы мен маңыздылығын арттырып, өз іс-әрекетінің мәнін ауыстырады.
Әлеуметтік қарым-қатынас және әлеуметтік жағдаяттар кезінде өз іс-әрекеттерін бағындыру үшін келесідей жаттығулар ұсынамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет