Р. С. Касымова Әлеуметтік педагогтың ЖҰмыс технологиясы оқу құралы Алматы, 2020


БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ



бет5/102
Дата03.11.2022
өлшемі3,67 Mb.
#47231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
annotation177627

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
Әлеуметтік педагогтің білім беру ұйымындағы алатын орны ерекше. Әлеуметтік педагог - ол тәрбиеші емес, сынып жетекшісі, тәлімгер емес, ол белгілі бір нормадағы қызметті үйлестіруші.
Негізгі қызметі - адамды өмірге, қоғамға бейімдеу.Білім беру ұйымындағы әлеуметтік педагогтің басты мақсаты - оқушының әлеуметпен жан-жақты қарым-қатынас ортасын құру. Әлеуметтік педагогтардың жұмыс нысаны, балалар мен жасөспірімдер болып табылады. Ол әртүрлі әлеуметтік- мәдени орталардағы балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыратын маман, жеке тұлғамен оны қоршаған шағын ортаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді, оқушылар мен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен мұқтаждықтарын, мінез-құлқындағы ауытқушылықтарын, шиеленісті жағдайларды анықтайды және уақтылы көмек көрсетеді, жеке тұлға мен білім беру мекемесінің, отбасының, ортаның билік органының арасында делдал ретінде әрекет етеді, оқушылардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуына ыңғайлы және қауіпсіз жағдай құрады, олардыңөмірі мен денсаулығын қорғауға, жалпыға бірдей білім алуына, салауатты өмір салтын насихаттауға, қалыптастыруға көмектеседі, балалардың таланттарын дамыту үшін оларға жағдай жасауға құзыретті.
Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогтің көптеген қызметінің бір саласы - отбасымен жұмыс болып табылады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогтің іс-әрекеті отбасындағы немесе тәлім-тәрбие мекемелеріндегі көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталған. Әлеуметтік педагог отбасымен жұмыс істеу барысында «жеке тұлға-отбасы-қоғам» жүйесіндегі өзара қарым-қатынастарды реттеп отырады.
Осы қағидалар отбасы мен балаларға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Әр баланың әлеуметтік тұрмыстық жағдайын терең зерттеу оларды келешекте қорғап, қамқорлыққа алуға септігін тигізеді. Сондықтан мектепте азқамтылған отбасы оқушыларыныңәлеуметтік картасы жасалады. Осы карта бойынша аз қамтылған, көпбалалы отбасы, жетім, толық емес отбасы, жұмыссыз отбасы есепке алынады. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі мүгедек оқушылар да назардан тыс қалмауы керек. Білім мекемесіндегі әлеуметтік педагог мұндай балаларға жоспарлы түрде материалдық және рухани көмек ұйымдастырады.
Оқу-тәрбиесінде және қарым-қатынасында қиыншылығы бар оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Сондай-ақоқушының отбасылық тәрбие жағдайын анықтап, жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетуді ұйымдастырып, баланыңжеке дамуындағы ауытқуларының алдын алып, түзету жұмыстарын жүргізеді.
Жоғарыда әлеуметтік педагогтің бірлесе жұмыс атқаратын субъектілері көрсетілген, егер осы бірлескен жұмыс жүйелі жолға қойылса, мектептегі оқушыларды әлеуметтендіру жұмысы жоғары деңгейге ие болады.
Бүгінгі мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардыңалдында үлкен де, күрделі міндеттер тұр. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі мектеп психологы мен әлеуметтік педагогтің қызметі ерекше деп атауға болады. Өйткені, олардың бірігіп атқарған жұмысының нәтижесінде болашақ жеке адамның дұрыс, жан-жақты жетік қалыптасуына кең жол ашылады. Баланың шығармашылық, әлеуметтік қалыптасуына негіз беріледі.
Білім беру мекемесінде әлеуметтік педагог жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды жәрдемақылық, зейнетақылықжәне тұрғын үй жағдайын қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Қазіргі кезде елімізде экономикалық және әлеуметтік қиындықтар орын алғаны бәрімізге белгілі. Халықтың басым көпшілігі жұмыссыз болғандықтан әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың саны аз емес. Әлеуметтік тұрмыс жағдайы баланың білім мен тәрбие алуына ықпалын тигізеді. Мектептегі әлеуметтік педагог баланың өскен ортасы, жанұясы, қарым-қатынаста болатын жолдастары, сыныптастары туралы сараптап, оқу жылына жоспарын жасайды. Жоспар жасауда көптеген талапқа сай құжаттар басшылыққа алынады. Сонымен қатар оқу жылында мектептің әлеуметтік паспорты жасалынады.
Әлеуметтік тұрмысы нашар отбасына жұртшылық назарын аудару мақсатында «Мектепкежол» акциясын кең көлемде өткізіп, аз қамтылған, жетім, көпбалалы отбасыларына киім-кешектер мен оқу құралдарын алып беруді әлеуметтік педагог ұйымдастырып отырады.«Қайырымдылық жәшігі» мектеп, жоғары оқу орындарының ғимаратында орналастырылып, барлық ұжым мүшелері, мұғалімдер, студенттер қатысады, сонымен қатар «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылады. Акцияда мектеп ұжымының, оқушылардың, кәсіпкерлер мен демеушілердің көмек беруімен әлеуметтік аз қамтылған оқушыларға, балалар үйіне киімдер оқу-құралдары алып беріледі. Әлеуметтік педагогтің осындай ұйымдастырған іс-шаралары әрқашанда әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы әр балаға шаттық сыйлатыны баршамызға белгілі. Осы арқылы біз оқушыларымызға әрқашан қоғамнан тыс қалмағанын, әрдайым қолдау көрсетілетіндігін, қиын жағдайда қасынан табылатындығын дәлелдеймізжәнеде осындай жылылыққа бөленген оқушы да болашақта жақсылыққа ұмтылуға бейімделетінін көреміз.
Әлеуметтік педагог мамандығының иесі гуманист, биік рухани және жоғарғы деңгейдегі мәдениетті педагог, психолог, баланың білім алуына, тәрбиесіне, дамуына байланысты, оны корғауға өзін белсенді рөл атқаратынын түсіне алуы, тұрақты адамгершілік қағидасы, құзыреттілігі болуы тиіс. Белгілі бір нәтижеге жету үшін әлеуметтік педагогикалық жұмысты жоспарлауды, білім мен іскерлікті орынды пайдалану, педагогиканың жаңа белсенді әдістерін меңгеру, оқыту мен тәрбиелеудің формаларын білуі қажет. Әлеуметтік педагог ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, оларға жеке кеңес беріп, отбасылык мәселелерді бірлесе шешуге көмектеседі.Әлеуметтік педагог- диагностикалық қызмет; өз қызметінде көмекті қажет ететін балаларды анықтау;кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру, «қиын оқушылармен» жұмыс, сынып жетекшілері, медициналық қызметкерлер, ата-аналар комитетімен, пән мұғалімдерімен қарым- қатынасты үйлестіру.
Әлеуметтік педагогтің білуі тиіс нормативтік құжаттарына:
• Қазақстан Республикасының Конституциясы
• Білім туралыЗаң
• Бала құқығы туралы Конвенция
• Бала құқығын қорғау Заңы
• Неке және отбасы туралы Заң

  • Әдеп кодексі

  • Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық қолдау туралы нормативтік актілер.

1 сызба – Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметтегі рөлі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет