Р. С. Оразбаева



бет20/48
Дата02.10.2023
өлшемі34,17 Mb.
#112711
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48

ТҰРАҚТЫ ДАМУ





  1. Дұрыс жауапты таңдаңыз. «Тұрақты даму» - бұл:

А) артықты алмау және қажетін қайтару
Б) жаңа ерекше қорғалатын территорияларды ашу В) дені сау өмірді насихаттау
Г) өнеркәсіптік өндірістердің тұрақтылығы.



  1. Транспорт - экономикалық және әлеуметтік дамудың елеулі факторы, оған қажеттілік күн сайын сөзсіз өседі, бірақ ол атмосфераны күшті ластайды. Рио-де-Жанейро конференциясында: энерготиімділіктің және атмосфераны ластаушылардың деңгейінің ұлттық стандарттарын енгізуді ынталандыруды; қоғамдық транспорттың қауыпсыз және аз ластайтын тиімділерін дамытуды; қоршаған ортаға шығын келтірмейтін және атмосфераны аз дәрежеде ластайтын траспорт түрлерін қолдауды; қоршаған ортаға қалалар мен аймақтық мекен жайларды жоспарлауда қоршаған ортаға транспорттың зиянды әсерін төмендету мақсатында шараларды ұсынды.

Жоғарыда тізілген ұсыныстардан Қазақстанда қандай шаралар жүзеге асырылуда?



  1. Қазіргі таңда жер бетінде ғалымдардың бағалауы бойынша халықтардың өсу жылдамдығының бәсеңдеуі байқалуда. Олардың болжамы бойынша, адамзаттың саны 10-12млрд. адам саны деңгейінде тұрақталады. Бұл құбылыстың атын көрсетіңіз.

А) «жасыл революция»
Б) «демографиялық ауысу»
В) «тұрғындардың депопуляция процесі» Г) «демографиялық жарылыс».



  1. Г.Х. Брунтландтың жетекшілігімен тұрақты даму бойынша БҰҰ-ң комиссиясы берген «тұрақты даму» түсінігінің анықтамасына сәйкес, тұрақты дамудың негізгі принципін көрсетіңіз.

А) Адамдардың өмірінің үнемі жақсаруы;
Б) Табиғи катаклизмдерсіз адамзат қоғамының дамуы; В) Адамдардың болашақ ұрпақтарына шығынсыз дамуы; Г) Өндірістік потенциалды тұрақты дамыту;



  1. Дұрыс жауапты көрсетіңіз. БҰҰ-ң Стокгольм конференциясында қабылданған ЮНЕП-ң негізгі міндеттерін атаңыз.




  1. Республика президенті Н.Ә. Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты

шаралар туралы мәлімдеді. Біздің Республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызды қандай мәселелерге ерекше назар аударылуда?

  1. Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық бірлестіктер қандай?




  1. Нүктелер орнына сәйкес хаттаманың атын жазыңыз.

БҰҰ-ның қоршаған орта мен дамуы бойынша қабылданған «ХХI ғасырдың күн тәртібінің» негізгі бағыттарының бірі - адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту. Дегенмен соңғы уақытта, әлемде кең таралған генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдерді әкелу Қазақстан үшін елеулі сыртқы қатер болып отыр. Бүкіл әлем бойынша генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдердің кең таралу қауіптілігін ескере отырып, Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияның Биоқауіпсіздік жөніндегі
................хаттамасы қол қоюға алынды. Қазақстанның хаттамасына
қол қоюы өзге елдердің біздің еліміздің аумағында генетикалық өзгерген организмдер мен өнімдерді трансшекаралық өткізуімен байланысты қызметті жүзеге асырудағы жауапкершіліктерін арттыруға, оларды елге әкелуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға, зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер ісінде өзара көмекті, сондай-ақ биотехнологиялар саласындағы ақпарат алмасуды қоса, халықаралық тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы Тұжырымдаманың айтылған ережелерін іске асыру қоршаған орта объектілерін сақтауды, оны белгілі бір тұрақтылық деңгейінде ұстап тұруды, өзін-өзі реттеу қабілеті мен жанды және жансыз табиғат түрлерінің, оның ішінде жойылу қаупі төнген тіpі организмдер геноқорының көптүрлілігін сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
...............хаттамасын Қазақстан 2008 жылы 17-маусымда ратификациялады.



  1. Дұрыс жауапты көрсетіңіз. Мексика бұғазында Луизиана америка штатының жағалауында мұнай платформасында апат болғаны мәлім. Сіздің ойыңызша, бұл апаттың салдары:

А) Мұнай өндіруші компаниялардың үлкен экономикалық шығынымен шектеледі;
Б) Мексика бұғазындағы флора мен фаунаға ғана елеулі әсерін тигізеді;
В) Атлант мұхитының бетінен судың булану процестеріне елеусіз дәрежеде ғана әсер етеді;
Г) «Глобальды сипаттағы экологиялық апат» ретінде анықтама беруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет