Р. С. Оразбаева


БИОСФЕРАНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК ЛАСТАНУЫ



бет21/48
Дата02.10.2023
өлшемі34,17 Mb.
#112711
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48

БИОСФЕРАНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК ЛАСТАНУЫ





  1. Мұнай құбырларын пайдалану топыраққа қандай экологиялық әсер етеді?




  1. Экологиялық тұрғыдан қағазды немесе мақтадан жасалған жаялықтардың қайсысымен тұтынған дұрыс?




  1. Қай іс-әрекетті дұрыс деп есептейсіз: қатты қалдықтарды өртеген бе, әлде оларды көмген бе?




  1. Еліміздің әрбір тұрғынына қажетті қағаздың жылдық мөлшері 31кг. Қағаздың бұл мөлшерінің 5кг-дайы макулатура түрінде қоршаған ортаға оралады. 20кг макулатура бір ірі ағашты сақтаса, 1 тонна макулатура 0,5 га орманды қорғайтыны белгілі. 1млн халқы бар қала тұрғындарына қажет қағаз жасауға қанша ағаштар саны мен орман массивінің ауданы қажет болады? Ескерту: қоршаған ортаға оралатын макулатура мөлшері назарға алыну керек.




  1. Германияда қоқыс жағатын 49 құрылғы бар. 500м3 шығарындысын түзетін 8 млн. т. қоқыстар жағылады. Әрбір құрылғының шығарындыларында орташа 0,15мг/м3 улы заттар кездеседі. Осы құрылғылардың қоршаған ортаға бөлінетін жалпы улы заттар мөлшерін есептеңіз.




  1. Ағаштардың қандай түрлері автомобильдің шығаратын газдарының улы заттарын тиімді түрде ыдырата алады?




  1. Қашықтау жерлерде өсетін дәнді дақылдармен салыстырғанда, автомобиль трассасынан 300м. қашықтықта өсетін дәнді дақылдар құрамында зиянды қорғасын концентрациясының 10 есе көп жинақталатыны зерттелген. Қорғасын мөлшерін азайту үшін міндетті түрде қандай шаралар қолдану керек?




  1. Саяжай кооперативті мүшелері орманды және өзен жағалауларын тұрмыстық қалдықтармен ластайды. Далаларда экологиялық әдет ғұрыптарды сақтау қажеттілігіне қалайша сендіруге болады? Бұл мәселенің шешу жолдарының нұсқаларын ұсыныңыз.




  1. Дұрыс жауапты көрсетіңіз. Қарамай қаласының территориясында орналасқан 80 тоғандардың кейбіреулерінің ауданы үлкен немесе нашар, мүшкіл күйде. Осы территорияларды асфальттау, топырақпен көму немесе құрылысқа арнау қажеттілігі туралы ойлар экологиялық тұрғыдан қате, өйткені:

А) планетаның биологиялық алуантүрлілігін сақтау мақсатында бұл су қоймаларының биотасын сақтау қажет;
Б) құрылыс пен асфальт салу сол жердің шөгуіне себеп болуы мүмкін деген пікір бар;
В) әрбір су қоймасы ауаға 10 % -ке дейін суды буландыру нәтижесінде қала атмосферасын ылғалдандырады;
Г) кез келген су көлемін апатты жағдайларда су қорларының стратегиялық қоры болып есептеледі.



  1. Өндірістің өсу қарқындылығын төмендетпей, қоршаған ортаның ластануының өсуін қалай тоқтатуға болады?




  1. Дұрыс жауапты көрсетіңіз. Су қоймаларының ерекше ластануын тудыратын, суға түсетін химиялық заттардың қауіпті болу себебін көрсетіңіз:

А) күн сәулесінің енуіне кедергі келтіре отырып, су қабатын ластайды.
Б) балықтардың уылдырық салуына су түбінің аймағында қолайсыз жағдай жасайтын іркілдек сілікпе тәрізді тұнба түзеді.
В) су қабатында сәулелердің спектральды құрамын өзгертіп, суды сиреневый түске бояйды. Г) оттегінің түсуіне кедергі келтіретін өткізбейтін
қабықша түзеді.

  1. Төменде келтірілген логикалық тізбекті толықтырыңыз:

Физкультура →бұлшық еттің белсенді жұмысы→??? → ауру тудыратың бактериялардан, организмдердің өзіндік тазаруы.



  1. Шуға қоршаған ортаның физикалық факторы ретінде сипаттама беріңіз. Тұрақты шамадан тыс шу қандай ауруларды тудыруы мүмкін?

Сурет-140. Шу-экологиялық фактор





  1. Ядролық энергетика энергия тапшылығының 80 % - ін қамтамасыз ете алады, бірақ оны пайдаланудың көптеген тәуекелділік жағдайлары бар. Территорияның радиоактивті ластануы көпшілікті толғандырады. Ал әдеттегі отын көздері (көмір, мұнай, газ) атмосфераға күйенің орасан зор мөлшерін бөледі. Ақмола облысында энергия алудың альтернативті мүмкінділігін көрсетіңіз. Дұрыс жауапты көрсетіңіз:

А) ашық участоктарда орналасқан желді электр станциялары; Б) су ағатын құбырларға орнатылған электрлік қондырғылар;
В) өзен кемелерінің жүрісі кезіндегі судың жылжу энергиясын пайдалану, Г) транспортты аккумулятор – жинағыштар.



  1. Табиғи ортаны ең қауіпті ластаушы қауіпті транспорт түрін көрсетіңіз: А) тепловоз

Б) автомобиль
В) реактивті самолет Г) турбовинтті самолет Д) пароход
Е) мотоцикл



  1. Құстар көптеген қоқыс орындарының болуына байланысты инфекциялық ауруларды, тіпті кейде эпидемияларды тудыратын урбанизацияланған територрияларда көп мөлшерде көбейеді. Инфекциялық ауруларды тарату мен адамның жаппай ауруын байланыстыратын себепті, салдарлы тізбектерін үзуге болады ма? Өз нұсқаларыңызды ұсыныңыз.




  1. Автомобилді жолдардағы қар құрамында өте көптеген ластаушылар кездеседі. Мысалы, тайғанақтыққа қарсы химиялық реагенттер, мұнай өнімдері, ауыр металдар және т.б. Экологиялық қауіпсіздік және экономикалық тұрғыдан осындай қарды өңдеудің нұсқаларын ұсыныңыз.




  1. Қаладағы жапырақтардың түсуі – ол тек аула сыпырушылардың ғана проблемасы емес. Орманның табиғи экожүйелерінде былтырғы жапырақтар мен шөптер орман төсенішін түзеді және ол біртіндеп гумусқа айналады, ал урбанизациялық территорияда өсімдіктер өзіне көптеген ластаушы заттарды жинақтайды, сонымен қатар жапырақтар астындағы қыстаушы кенелер мен басқа да зиянды бунақденілердің болуы да едәуір қоршаған ортаны ластайды. Экологиялық қауіпсіздігін және экономикалық тұрғыдан күзгі жапырақтарды жою және тазарту нұсқаларын ұсыныңыз.




  1. Кене инцефалиті, Лайм ауруы кенелердің шағуынан кейін адамда пайда болатын қауіпті аурулар. 1960 жылдары самолетпен кенелерді жою үшін ДДТ препаратын орманға шашқан. Экологиялық тұрғыдан бұл іс-шараға сіздің көз қарасыңыз қалай?




  1. Төменде келтірілген глобальді экологиялық проблемалар үшін себепті салдарлы тізбекті құрастырыңыз:

    • Таза ауыз суының жетіспеушілігі

    • Шөлдену

    • Ормандардың жойылуы

    • Дүниежүзілік мұхиттың ластануы

    • Түрлердің биоалуантүрлілігінің күрт азаюы.




  1. Екі эколог жергілікті тұрғындардың ұлттық баққа әсері туралы пікір таластырады. Біреуі олардың кері әсері зор және сондықтан олардың орманға баруын анағұрлым шектеу қажеттілігін талап етті. Басқа эколог жергілікті тұрғындардың орман массивіне әсері елеусіз, өйткені олар пішен шабар және жидек жинау кездерінде ғана барады. Ең зор үлкен шығын орман

шаруашылығының қызметкерлерінің іс-әрекеттері нәтижесінде келеді (жолдарда тексеріс және бақылау тексерістері кезіндегі автомобильдермен келу, санитарлық мақсаттағы ағаштарды кесу, көктемгі-жазғы мерзімдердегі ландшафтарды қалыптастыру үшін кесу шаралары және т.б). Мамандардың қайсысы дұрыс пікір айтты?



  1. Екі энтомологтар қорыққа насекомдарды санау және зерттеуді жүргізу үшін өз қызметтерін ұсынды. Дирекция жұмыс жүргізуге белгілі бір шарттар қойды. Сіз қалай ойлайсыз, дирекция қандай шарттар қойды?




  1. Біз қаламыздың ауылымыздың, көшеміздің таза болғанын қалаймыз. Бұған көшелерден қоқыстарды алып кетуге белгілі бір кемшіліктер кездеседі. Қоқыс тасушы машиналар шулайды, тар көшелерде басқа автомобилдер үшін кедергі келтіреді. Бактардан тасталынатын тамақ қалдықтары - иттер, егеуқұйрықтар, тышқандар мен шыбындар және т.с. сияқты инфекция таратушылар үшін негізгі қорек көзі болып табылады. Тіпті өкінішке орай,

жарлы адамдарды да кей жағдайда қалдықтардан өздеріне қажетті заттарды және тамақтарын алады,сонымен қатар іздеу, таңдау кезінде, оларды шашады. Нәтижесінде қоқыс желмен ұшып, жақын територияны ластайды. Егер қоқысы бар бактардағылар өртенсе, ауа қауіпті заттармен ластанады. Қалалардың
көшелерінен қоқыстарды тазалаудың басқа әдістерін табуға болады ма? Болса, қандай әдістер?

141-сурет. Қоқыс





  1. Екі эколог екі заводтардың: қант заводы және химиялық комбинаттың өзен биоценоздарына апатты ластаушыларының экологиялық әсері жөнінде таласты. Бірі химия комбинаттың қауіптілігі қант заводының ластауына қарағанда өте қауіпті. Ал екінші маман қарама-қарсы пікірде болды. Бұлардың қайсысы дұрыс пікір айтты?




  1. Қаңтар айында экологтарға қорықтық ормандағы түрлік алуантүрлілікті қорғау жөнінде орман шаруашылығының жұмыстарының күйін тексеру тапсырылды. Өте қатты аязды күндер тұрған. Мамандардың біріншісі барлық уақытын орманда өткізді және ауылға тек анда-санда ғана келіп жүрді. Екінші маман көп уақытын жергілікті базарда, ауылда, бухгалтерияда, орман

қызметкерінің жұмыс кабинетінде өткізді. Экологтардың қайсысы толық есеп дайындады? Бұлардың қайсысы маман ретінде біледі? Жауапты түсіндіріңіз.



  1. «Табиғат ескерткіші» дегеніміз не? Оны қашан және қандай мақсаттарда жүргізеді?




  1. Биосфераны қорыққа ғылыми зерттеулерді осы қорықта жүргізуге рұқсат сұраған хат келді. Сіз қандай мамандарға зерттеу жүргізуге рұқсат бересіз? Сіздің шарттарыңыз қандай?




  1. Сізге ауыл маңында жасылдандыруды жүргізу қажет. Ауыл тұрғындарының көп мал ұстайтыны және ауылға жақын жерде оларды бағатыны белгілі. Сіз өзіңіздің бағдарламаңызды жүзеге асыруды неден бастайсыз? Бағдарламаны орындауға қанша уақыт қажет?




  1. Қаланың бір көшесін кеңейту қажет болды. Ол үшін ескі үйеңкілердің (шетен жапырақты үйеңкілерді) аллеясын кесіп тастау керек еді. Бұндай жоспар көше тұрғындарының арасында алаңдаушылық тудырды, олар көшеге шығып наразылықтарын көрсетті. Экологтар қандай шаралар қолданды, олар жұмыс қажеттілігін қалай дәлелдеп негіздеді? Дұрыс жауапты көрсетіңіз.

А) митинг ұйымдастырып, мақсаттарын түсіндірді;
Б) тұрғындардың пікірін тыңдап, қала басшыларымен олардың кездесуін ұйымдастырды, жұмыстың қажеттілігін түсіндірді, жол көлік апаттарының себебінен адамдардың өлім-жітімінің сандарын мысалға келтірді;
В) тұрғындардың пікірін тыңдап, митинг өткізді, бүкіл адамдарға қала жолдарындағы жағдайлар туралы хабардарды жіберді, қала басшыларымен кездесуді ұйымдастырды, жоспарларының түпкі мақсат-мәнін түсіндірді.



  1. Неліктен топырақ эрозиясын «ландшафт дерті», ал шөлденуді- «оның өлімі» деп атайды?




  1. СССР-де «тыңды игеру» деген атпен Солтүстік Қазақстандағы ірі кең көлемді тың және тыңайған жерлерді жырту 1950 жылдардың аяғында орын алды. Бұл жағдай қандай процестерді тудырды? Дұрыс жауапты таңдаңыздар.

А. Батпақтану процесін дамытатын топырақтағы ылғалдың артық мөлшерінің жиналуын тудырды.
Б. Жел эрозиясы
В. Топырақтың тығыздануы
Г. Топырақтардың тұздануын дамытатын топырақ ылғалының булану процестерін тездетті.



  1. Реттелінбеген ағысы бар ірі мал шаруашылығы кешендерін (құс фабрикалары мен 5000-нан аса жануарлар басы болатын шошқа фермаларын) салу қалай әсер етеді?

А) ауыспалы егістікті енгізуге
Б) беткі және грунт суларының химиялық құрамына В) ауыл- шаруашылықты аймақтық әдіспен жүргізу Г) су мелиорациясын жеделдету.



  1. Қысты күні жолдарда қатқан мұзды еріту үшін тұз пайдаланады. Бұл көптеген жолда болатын апаттарды, әртүрлі жағдайларды анағұрлым азайтуға септігін тигізеді. Жолға жақын орналасқан су қоймалары мен топырақта қандай өзгерістер болатыны сипаттаңыз. Жолға жақын жерлерде ағаштар мен шөптердің күйі қалай және неге өзгереді?




  1. 2010ж. апрельде бүкіл әлемнің хабарлау агенствалары, телекомпаниялар Мексика бұғазында Луизиана америка штатының жағалауында мұнай платформасында апат болғанын хабарлады. 26 апрельде 36-сағаттық өрттен, сосын жарылыстан кейін «Deepwater Horizon» мұнай платформасы суға батты. Апат кезінде 11 мұнайшы қайтыс болды. Бұзылған істен шыққан скважиналардан бұғаз суына жақын территорияда орналасқан АҚШ штаттарына да (Луизиана, Алабама, Миссисипи, Флорида және Техас) шығын келтіріп, мұнай төгіле бастады. Кейінірек мұнай Мексика мен Куба жағалауларына да жетті.

Мексика бұғазындағы су астында жиналған мұнай өлшемі ұзындығы 16км, ені 5км және биіктігі 100м. Оның үстіне бұл жердің мұнайы – ауыр, құрамында битум мен асфальттың мөлшері жоғары деп есептелінеді. Оның табиғи ыдырауына көптеген жылдар қажет болады. Көптеген сарапшылар апат салдарына қатысты әртүрлі қауіптілікті айтады (жылы теңіздің Гольфстрим ағынымен байланыстырады). Биофералық масштабта бұл апат қандай қауыптілікті тудыруы мүмкін?



  1. Дұрыс жауапты көрсетіңіз. Микробиологиялық ластану дегеніміз-

а) адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің барысында өзгерген ортада немесе антропогендік субстраттарда көп мөлшерде көбеюіне байланысты ортада микроорганизмдердің шектен тыс пайда болуы
б) теңіз ортасының өздігінен тазару қабілеттілігінен асатын ластаушылардың мөлшерінің дүниежүзілік мұхитқа түсуі
в) адамдардың қоршаған ортасының сипатын қолайсыз өзгертетін атмосфералық ауаға, суға, топыраққа микробиологиялық, химиялық қосылыстардың түсуі
г) табиғи антропогендік, табиғи процестер барысында тікелей түзілетін ластаушылардың қоршаған ортаға түсуі
д) антропогендік ластаушылардың тау жыныстарына түсуі



  1. Табиғатты қорғау мақсатындағы белсенді лайдың ролін көрсетіңіз? Дұрыс жауапты көрсетіңіз.а) белсенді лай су қоймасының органикалық заттармен ластануының сезімтал индикаторының бірі болып табылады

б) белсенді лай тұрып қалған ластанған суды-аэротенкпен тазалау үшін арнайы құралдарда пайдаланады
в) белсенді лай радиоактивті заттар, әртүрлі ауыр металдардың аккумуляторы болып саналады
г) табиғатты қорғауда белсенді лайдың ешқандай мәні жоқ.
д) биоценоздың фитогенді факторы ретінде функция атқарады



  1. Тұрғындардың назарын экологиялық проблемаларға аудару мақсатында бағытталған акциялар идеяларын ұсыныңыз.




  1. Үй қажеттігінің заттары, аяқ киім, сумка, әшекей заттарды пайдаға асыруға болады ма? Егер болса, сіз өз моделіңізді ұсыныңыз.




  1. Көптеген экологиялық тазалық талаптарына толығымен сәйкес келетін заттардың жаңа түрін ойлап табыңыз? Тауар зат қалпына келетін қорлардан жеңіл жөнделетін, ал тұтыну мерзімі аяқталғанан кейін, түгелімен ыдырайтын материалдан жасалуы тиіс.




  1. «Экологиялық үй» деген ұғымды қалай елестете аласыз? Ол қандай материалдардан жасалуы тиіс? Қандай функцияны атқаруға бағытталған? Армандаңыз. Мүмкін, сіздің бұл идеяңыз бірнеше жылдан соң жүзеге асырылуы мүмкін.




  1. Өздеріңізге таныс энергияның альтернативті көздерін естеріңізге түсіндіріңіз және оларды кеңінен пайдаланудың оң және теріс жақтарын талдаңыз. Нәтижелерді кесте түрінде белгілеңіз.




  1. Қоршаған табиғаттың қандай нысандарын сіз сұлу деп есептейсіз?




  1. Жануарларды үйге әкелу немесе оларды табиғатта қалдыру сияқты әрекеттердің қайсысы адамгершілікке, дұрыс іс-шараларға жатады?




  1. Пластиктен жасалған немесе тасбақа терісінен жасалған әмиянды пайдаланудың қайсысы адамгершілікке, дұрыс іс-шараларға жатады?




  1. Қандай организмдер сыртқы ортамен пайдалы байланысын жоғалтады?

  2. Бұрын бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешенін атаңыз.




  1. Ақаба сулардағы ерігіш қосылыстың А концентрациясы СаА қосылысының ШРК- сы белгілі болса, оны канализация құбырларына төгу үшін, бұл ақаба суды қаншалықты сумен сұйылту қажет?

Кесте-27

№ нұ
сқа

Қосылыс А





СА моль/л

ШРК, мг/л



1

2

3

4

1

Алюминий

0.5

0.5

2

Аминин

0.05

0.1

3

Ацетон

0.5

2.2

4

Бензол

0.01

0.5

5

Берриллий

0.001

0.0002

6

Бром

0.03

0.2

7

Висмут

0.004

0.1

8

Бензол гексахлоры

0.0005

0.05

9

Темір

0.01

0.3

10

Кадмий

0.0005

0.001

11

Мыс

0.015

1.0

12

Нафталин

0.00052

0.01

13

Нитраттар

0.01

45

14

Нитриттер

0.5

3.3

15

Сынап

0.0005

0.0005

16

Қорғасын

0.0003

0.03

17

Формаальдигид

0.02

0,05

18

Ционит

0.003

0.1

19

Цинк

0.2

1

20

Этиленгликол

0.01

1

21

Сірке қышқылы

1.2

1.2

22

Мочевина

1

1

23

Күкіртті сутек

0.001

1

24

Диметиламин

0.01

1.0

25

Этилендиамин

0.02

0.2




  1. Sr–90 (стронций) элементінің топыраққа түсуінің негізгі жолы - атмосферадан радиоактивті жауынның жаууы. Егер оның топырақтағы концентрациясын 1 деп алсақ, қоректік тізбек арқылы таралу нәтижесінде концентрациясының жинақталуынан астық тұқымдастарында Sr–90 концентрациясы шамамен 27 бірлікке, ал қойлардың етінде шамамен 500




142-сурет. Қоқыстар
бірлікке дейін жетеді. Қой етімен тамақтанатын адамдардағы Sr–90 мөлшерін есептеңіз.



  1. Қатты тұрмыстық қоқыстардың жинақталуынан кәзіргі қалаларда жылына олар әрбір тұрғынға 250-350 кг-нан келеді, жыл сайынғы адам басына шаққандағы қоқыстардың өсуі 4-6%-ды құрайды, ал бұл көрсеткіш тұрғындардың өсу жылдамдығынан 3 есе артық. Неліктен қоқыстар – ғасыр проблемасы қатарына жатады? ҚР қоқыстар проблемасы қалай шешілуде?




  1. Агроценоздарға жыл сайын жасанды түрде фосфорлы тыңайтқыштар беріледі. Құстар және балық өндірісінің өнімдерімен құрылыққа ауысу жылдамдығы шамамен 0.01 млн/т. екені белгілі болса, фосфордың гидросферадағы максималды ағынын бағалаңыз. Фосфордың гидросфераға артық мөлшерінің туғызатын негізгі көздері мен салдарларын тізіп көрсетіңіз.




  1. Фунгицидтер ретіндегі сынап қосылыстарын қолдануда, тұқымдарды өңдеуде төмендегі қорек тізбек бойынша сынаптың концентрациялануы жүзеге асады. Дән қоректі құстар→ жыртқыш құстар→і рі жыртқыш құстар. Жоғарыда келтірілген организмдердегі сынаптың аккумуляциялану коэффиценті 100-ге тең. Дәндегі сынап концентрациясын шартты түрде бір бірлікке теңеп, бүркіт денесіндегі сынап қосылыстарының концентрациясын анықтаңыз.




  1. Өзен суында сынап концентрациясы 1мкг/л. Егер шортанның массасының 70% балық етін құраса (шортаның орташа массасы 2кг тең), осы өзенде ауланған шортанды балықшы қауіпсіз демей жей алады ма? Адам организмінде сынап мөлшері 2мг/ кг мөлшерге жеткенде, жүйке жүйесінің бұзылуы байқалады. Апта бойы балықшы екі шортаннан жесе, организмдегі сынаптың қауіпті дозасы жинақталуы үшін балықшы қанша балық жеу қажет?




  1. Парламентке қоршаған ортаға энергияның кез келген формасын бөлу шығаруға тыйым салатын заң жобасын бір топ депутаттар ұсынған деп ойлайық. Бұл заң жобасын сіз қалайсыз ба? Егер ия десеңіз, онда неге?

  1. Қазақстанның Солтүстік облыстарында жыртылатын топырақтың гумус орташа мөлшері 1.9%. Гумустық қабаттың жұқару дәрежесін анықтаңыз және бұл өңірдің топырақтарының құнарлығын жақсарту шараларын ұсыныңыз.




  1. Қазіргі уақытта адамзат шамамен 10 млн. қосылысты синтездеуге қабілетті, 50-дей қосылыстарды өте көп масштабта, ал ерекше орасан зор масштабтағы қосылыстардың 5 мыңдайын өндіреді. Литосфера және топырақ организмдері үшін бұл қосылыстардың әсерлерінің мүмкін болатын салдарларын сипаттаңыз.




  1. Қазіргі уақытта гумустық қабаттың жойылу жылдамдығы орташа есеппен жылына 1см-дей. Гумустық қабаттың 1см. азаюы қарашірікті топырақта астық тұқымдастылардың потенциалды өнімін 1га-да 100кг-ға дейін кемітеді. Егер дүние жүзі бойынша астық тұқымдасты өсімдіктердің орташа өнімі 28 ц құрайтыны белгілі болса, әлемдік бірлестік үшін гумустық қабаттың жұқару құбылысының салдарын бағалаңыз. Гумустық қабаттың азаюының негізгі себептерін атаңыз, сол себепті негізгі алдын алу шараларын көрсетіңіз.




  1. Топырақта анаэробты жағдай туғанда өсімдіктердің темір мен марганецтің күрт сіңіруі жоғарылайды, бірақ сонымен қатар осы уақытта осы элементтердің өсімдіктерге улы әсері де артады. Осындай жағдай жиі батпақтанған күрішті алқаптарда кездеседі. Бұл құбылысты түсіндіріңіз және химиялық реакцияларын келтіріңіз.




  1. Өз өңіріңізде қант қызылшасын тұрғылықты адамдарды қантпен қамтамасыз ету мақсатында өсіруді жоспарладыңыз. Бірақ бұл өңірде жыртылатын топырақ калийге кедей. Сізге ұсынылатын КСL, KNO3 немесе K2CO4 тұздарының қайсысын сіз тыңайтқыш ретінде таңдайсыз? Өз таңдауыңызды негіздеп дәлелдей отырып, топырақтағы жүретін химиялық реакциялар теңдеуін көрсетіңіз.




  1. Дұрыс жауапты таңдаңыз. Онкологиялық аурулар тырысқақ мен СПИД

  • ке қарағанда, адам демографиясына азырақ әсер етеді, себебі: а) бұл аурумен көбінесе ересек адамдар ауырады;

б) бұл аурудан адамдар аз өледі;
в) қазіргі заманғы медицина көмегімен тез емделеді.



  1. Неліктен: а) автомагистральға жақын өсірілген; б) азот тыңайтқыштары өте көп қолданылған көкөністерді жеу қауіпті?



62. Жабайы өсімдіктердің ішінде бунақденелілермен қоректенетін
«жыртқыш» өсімдіктер бар. Мәдени өсімдіктердің ішінде «жыртқыштары» бар ма? Мысал келтіріңіз.
61. Нитраттармен бүлінген азық – түліктерді қолдану неліктен қауіпті?



  1. Кейбір дала қорықтарында шөптер жиі шабылады және аз көлемде үй жануарлары жайылып отырады. Бұл жағдайда қорықтарда табиғатты қорғау принциптері бұзылмайды ма? Дала бірлестіктері жабайы тұяқты жануарлардың үнемі әсерлесуінен құралады.




  1. Пәтердің немесе тұрғын үйдің ішкі ортасы физикалық, химиялық, биологиялық факторлардың әсерлерінің жиынтығы. Олар адамның физикалық, психикалық денсаулығына және эмоциялық жағдайына әсер етеді. Адамдарға әсер ететін әрбір факторды суреттеңіз. Бұлардан туындайтын қиыншылықтарды атаңыз. Осылардың біреуін таңдап, одан туындайтын қиындықтарды шешудің әртүрлі нұсқасын ұсыныңыз.




  1. 2012 жылы маусым айында «Таза ауа» москвалық ортақ қоры

«автомобильдегі таза ауа» атты акция өткізген болатын. Акцияға қатысушылар ауаны тазартуға арналған машиналалардағы жаңа құралдардың жетілдірілмегендігін дәлелдеді. Жер асты туннельдерде ауаның ластануы одан да жоғары. Жаңа машинаға салынған фильтрлер автожүргізушілерде тек шаңнан ғана қорғайды. Бұл саладағы соңғы қорғаныс – фильтр, ол ұзындығы 3 мкм болатын аллергендерді немесе бірнеше канцерогендік заттардың белгілі ғана бір бөлігін ұстап қалады. Бірақ улы қосылыстарды мысалы, көмірқышқыл монооксидін, азот оксидін бұл фильтрлер ұстай алмайды. Дәрігердің айтуынша адам автомобиль ішінде екі сағаттан көп отырса, олардың бастары ауырып, ұйқы қысады, олардың жүректерінің айнуына осы екі сағаттың өзі жеткілікті. Бұл мәселенің түйіні осы акцияға қатысушылырдың ойынша ешбір автомобильдік корпорация және олардың дилерлері, фильтрдің мықтылығына жауап бере алмайды. Бұған қосымша Ресейдегі қабылданған норма (көміртек оксиді 15 мг/м3) мамандардың ойынша өте жоғары. Осы мәселені шешуде мына факторлардың: экологиялық, медико-биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, заң мәселесіне назар аудару керек. Осы мәселені шешуде тапсырмаларды топтарға бөліп беруге болады. Химиялық топ 3 мкм бөлшектерді ұстайтын фильтрлер автомобильдің салонын зиянды заттардан CO, NO тазарта алмайтынын ескере отырып, өз нұсқаларын табу қажет. Қандай жағдайда автомобильдегі ұшқыш газдарды көміртек монооксиді және күйе пайда болады? Неге олар адамдардың денсаулығын ойламайды? Медико-биологиялық топ көмірқышқыл газымен уланғанда неге адамды бас ауыру, жүрек айну, ұйқы қысу пайда болады деген сұрақтарға жауап іздестіру керек? Неге осы аурулардан арылу үшін таза ауа қажет? Экологиялық топ ауаның ластану проблемасын шешуде заңды құжаттарға негізделген шараларды ұсынуы керек.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет