Р. С. Оразбаева



бет22/48
Дата02.10.2023
өлшемі34,17 Mb.
#112711
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:Үйіңізді жылытуға және электрлендіруге энергияның ең негізгі көзі болып табылатын не? Экологиялық тазалау жолдарын ұсыныңыз.

  • 143 сызбанұсқаның тік бұрыштарын табиғаттағы оттегі айналымын бір-біріне байланысты төмендегі компоненттерімен толтырыңыз: атмосфераның көмірқышқыл газы, өсімдіктер, шөпқоректі жануарлар, бактериялар мен саңырауқұлақтар, жыртқыштар, вулкандардың атқылауы, адамдардың отынды жағуы, карбонатты кен байлықтар.

    143-сызбанұсқа



    1. Қалалық СЭС-тің мәліметті бойынша тұрғын үйлер ауданының ауасындағы тетраэтилқорғасын буының концентрациясы 0,0005 мг/м3. Жылдық жазғы кезеңдерінде (6 ай). Егер адам организмінен қорғасынның шығарылу коэффициенті 0,0001-ге тең болса, сіздің ағзаңызға қорғасынның қанша мөлшері түседі?




    1. Энергияны тиімсіз пайдалану- көптеген экологиялық келелі мәселелердің түбірі және негізгі себебі. Қандай энергия көздерін, сіздің ойыңызша қазір және болашақта аса рационалды пайдалануға болады? Көмір қышқылының газдарының шығарылуының төмендеуіне әсерін тигізетін факторларды атаңыз.




    1. Атмосферада көмірқышқыл газының көп мөлшерде жиналуы – парниктік эффектіге әкеледі. Биосфераға құрамында полиэтилендік пакеттері бар тұрмыстық қалдықтарды жағуда аса қауіптілікті тудырады. Егер бір пакетті жасау үшін 1г полиэтилен жұмсалса, пайдаланылған пакеттердің 500 данасын жаққанда, атмосфераға СО2 қандай көлемі шығарылады?




    1. Кәдімгі А сары зат жағылған кездегі пайда болған Б газы смог құрамына кіреді, осыдан суда жақсы еритін Д қышқылын түзетін С заты пайда болады. Егер осы Д қышқылына мырышты қоссақ, онда Б газы пайда болады. Ол Н2S- пен әрекеттескенде А заты түзіледі. Осы А, Б, С, Д заттарын анықтаңыз. Теңдеу реакцияларын жазыңыз? 11,25 л Б газын алу үшін қажетті Д (р= 1.84 г/мл), қышқылының 98 % көлемін табыңыз? А затының зиянды әсері қандай? А затын қалай пайдалануға болады?




    1. Зат айналымына энергия қажет. Энергияның негізгі көзіне не жатады? Неліктен энергияның сырттай ағыны тұрақты болуы қажет? Биосферада қандай

    энергияның айналымы жүзеге асады? Неліктен биосфераны ашық жүйе деп атайды?



    1. Табиғи газдың құрамы жиі кездесетін газ метан болып табылады.

    «Тенгизмұнайгаз» сияқты мекен орны үлкен табиғи газдың ошағы, мұнда көмірсутек газдарымен қатар, басқа да күкіртті сутектердің де едәуір мөлшері кездеседі. Бұл қоспалар өте қауіпті болып саналады, өйткені олар құбырлардың коррозиясына соқтырады, сонымен қатар осы газдардың жануы нәтижесінде күкірт (IV) оксиді пайда болып, атмосфераға зиянды заттарды шығарады. Ол газ бір жағынан зиянды болса, екінші жағынан күкірт қышқылы алынатын күкіртті сутек бағалы химиялық шикізат болып саналады. Сіздің ойыңызша, осы табиғи газды күкіртті сутектен тазартатын қандай тиімді әдістерді пайдалануға болады?

    139-сурет. Жаңа жағдайдағы ортаға ағзалардың бейімделушіліктері





    1. 144-суретті қараңыз. Суқоймасын мекен етушілердің тіршілік жағдайына қандай фактор келеңсіз әсер етті? Бақалар мен балықтардың кейбіреулері неліктен қырылып қалды? Мекен етушілердің қайсылары орын ауыстыра алады? Қай жануарлардың популяциясы жаңа шарттарға бейімделе алды?




    1. Дамыған елдердің ауылшаруашылығында зиянды бунақденелілерге қарсы қолданылған ДДТ препаратының іздері Антарктида жағалауларында табылған. Бұл препарат онда қандай жолдармен жануарларға келген?

    2. Көптеген сирек кездесетін түрлер- зоопарк мекендеушілері болып табылады.

    Суретте көрсетілген әрбір жануарларға байланысты кестені толтырыңыз. Мысалы: Прежеваль жылқысы (1), үнді пілі (2), африка пілі (3), суматра жолбарысы (4), үнді жолбарысы (5), сібір жолбарысы (6).

    145- сурет. Сирек кездесетін жануарлар


    28-кестені толтырыңыз. 28-кесте







    Құрлық және
    тіршілік ортасы

    Түрлердің күрт
    азаюының себептері

    Жануарлардың аман
    қалуына әсер ететін шаралар

    1










    2










    3










    4










    5













    1. Көмірқышқыл газы парниктік эффектінің пайда болуына үлкен әсерін тигізеді. Оның атмосферадағы шоғырлануы адамдардың өндірістік іс әрекетінің үздіксіз өсуінде. Табиғат мұндай шамаға қарсы тұра алмайды және бұл жағдай табиғат жүйесінің орнықсыздануына әкеліп соқтырады. Оның бір мысалы- климаттың жылынуы. Климат жылынуының ең бір қауіпті салдары – мұз айдындарының және полярлық шеңбердің еруі. Мұның салдары - әлемдік мұхиттың деңгейінің көтерілуіне әкеліп соқтырады. Атмосферадағы көмірқышқыл газының концентрациясын төмендететін факторларды көрсетіп, қоршаған ортаның жағдайына болжам жасаңыз.

    2. Халықаралық азық–түліктік және ауылшаруашылық ұйымы пиктограммалар ұсынады. Онда пестицидтермен жұмыс жасау ережесі анық көрсетілген. 146-суреттегі берілгендерді 29- кестеге аударып толтырыңыз

    146-сурет. Пиктограммалар


    29-кесте


    Пестицидтерді дұрыс қолдану

    Пестицидтерді дұрыс қолданбау









    80. Дұрыс жауапты таңдап, нүкте орнына қойыңыз.
    Биосфераны ластаушылар не бір ортада, не бір ортадан келесілеріне ауысып, әртүрлі қоректік тізбектер құрамына кіреді және ең соңғы деңгейде (адам, жыртқыштар, өлексемен қоректенушілер) олар жинақталып, редуценттер қызметі нәтижесінде қайтадан айналымға түседі. Егер ластанушылардың түсуі, келуі тоқталса, онда біраз уақыттан кейін өзекті. процессі жүзеге асады.
    А. Қоршаған нақтылы мекен орнының ластану. Б. Биосфераның ластану.
    В. Биосфераның өздігінен тазару.



    1. Зауытта аммиак өндірудің жоспары бойынша өнімнің шығымы 17 %-ды құрайды. Құрал-жабдықтардың дұрыс жөнделмеген бұзылған құрылғыларын пайдаланған жағдайда NH4 өнімінің шығымы 1%-ға кемиді. Қоршаған ортаға таралған NH4 массасын табыңыз. Егер реакция кезінде 60 кг су жұмсалған болса, атмосфераға және гидросфераға түскен аммиак қандай кері әсерін тигізеді?




    1. ДДТ және оның метаболиттерінің жалпы концентрациясы өзен суында 0,000005 бөлік/млн ға тең, ал ДДТ және оның метаболиттерінің аккумуляциялану коэффициенті қоректік тізбектерде 100- ге жақын екенін ескере отырып, шортан денесіндегі ДДТ мен оның метаболиттерінің концентрациясын есептеңіз.

    2. 147-суретті қараңыз. Бұл жерде қандай экологиялық мәселе суреттелген. Биосфера үшін бұл құбылыстың зияндылығы қандай? Суретте көрсетілген жердің жылулы сәулелерінің әртүрлі жағдайын түсіндіріңіз.



    147- сурет



    1. Климаттың жылынуының негізгі себептері қандай?



    84. 29-кестеде автокөліктің құрамына кіретін газ түтінінің зиянды заттарының тізімі көрсетілген. Мына кестені бір өлшемді етіп, аталған заттардың газ түтіндері бойынша кему ретімен орналастырыңыз.

    Автокөліктердің құрамына кіретін түтін газдары


    29кесте

    Күйе

    0,4 г/м дейін

    СО

    0,3-1,2 об %

    Альдегид

    0,2 мг/л дейін

    Бензпирен

    10-20 мкг/м

    Көмірсутек

    0,2-3,0 об%

    NO

    0,001-0,8 об%




    1. 1990 жылы біздің планетамызда 70 млн автомашина болды. Олардың өсу қарқындылығы тұрғындардың санының өсу темпінен 5 есеге артық. Өсу қарқындылығы бұрынғы деңгейде деп есептеп (кәзіргі кезде жер бетінде тұрғындар саны 7 млрд-астам адам бар) шамамен кәзіргі кездегіавтомашинаның санын анықтаңыз. Автотранспорттың қоршаған ортаға әсерлерінің негізгі түрлерін көрсетіңіз.

    2. Өрт нәтижесінде белгілі территорияда 104 тоннаға тең болатын бұрынғы биомассасының 20%-і ғана қалған. Қанша уақыттан кейін бұл экожүйе климаксті күйге қайтадан оралады? Зақымданған территорияда жыл сайынға биомассаның өсуі шамамен бұрынғы деңгеймен салыстырғанда 10%, ал экожүйенің тыныс алуына жұмсалатын энергия шығыны 8 %-ке тең.




    1. Оттегіні жеке тұтынушылар ретіндегі планетаның тұрғындарының атмосферадағы оның концентрациясы туралы мәліметті мен оны ластаушылардың типтерін атаңыздар. Оттегіні тұтынудың негізгі көздерін атаңыз және атмосферадағы О2-нің қайда жұмсалатынын көрсетіңіз.




    1. Теңіз транспортының әлемдік мұнайды тасымалдауы орташа есеппен жылына 10 млрд. тоннаны құрайды. Сарапшылардың бағалауы бойынша Әлемдік мұхитқа тасымалдау кезінде бүкіл тасымалданатын мұнайдың 1 %-на дейінгі мөлшері төгіледі. Жыл сайын Әлемдік мұхиттың қаншалықты ауданы мұнай қабыршағымен қапталады?




    1. Ас үй газ жанғышын пайдаланудың экологиялық салдарларын көрсетіңіз.




    1. Американдық ғалымдардың зерттеулері бойынша қазіргі уақытта асбесттің әсерінен пайда болатын аурулар бүкіл рак ауруларының 20%-н құрайды. Көптеген дамыған елдерде тұрғын үй құрылысында асбесті пайдалануда қатаң тиым салынған. Біздің елде бұрынғымен салыстырғанда қазір шектеулі қолданылады. Бірақ тұрғын үй құрылысында әлі де болса пайдалану жалғастырылуда. Бұл немен байланысты?



    92 . Адам организміне одоранттар қалай әсер етеді?



    1. Соңғы кездері неліктен фреондарды өндіру мен пайдалануға шектеу қою мәселесі өте маңызды және оның қауіпсіз орынбасарларын табу жолға қойылған?




    1. Неліктен синтетикалық жуушы заттарды дұрыс пайдаланбау қандай қауіп төндіреді?




    1. Полимерлі құрылыс материалдарын таңдауда қандай талаптарды басшылықты алу керек? Экологиялық әсерін сипаттаңыз.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет