22
десек - сөйлем, ал, атқа мініп, атқа мінген десек - сөз тіркесі, дәлірек
айтсақ, сөз тіркесі болу үшін оның басыңқы сыңары есімше, көсемше
тұлғаларынан жасалуы керек
32
.
Қазіргі
қазақ тіл білімінде предикаттық емес (бастауыш-
баяндауыштық) қатынаста тұрған тіркестердің барлығы бірдей сөз тіркесі
бола алмайтындығы, байымдаудың грамматикаға емес, логика ғылымына
тән екендігі туралы пікірлер орныққан.
Сөз тіркесін жан-жақты зерттеген ғалымдардың бірі - Е.И.Убрятова
якут тілі синтаксисіне қатысты еңбегінде сөз тіркесінің негізгі түрлерін
синтаксистік байланысқа негіздей қарастырады
33
.
Ғалым сөз тіркесін
“предикативті”, “предикативті емес” деп қарастырады. Ғалым ұсынған
таптастыруды тек синтаксистік тіркестерге қатысты емес, жалпы бір-
бірімен грамматикалық байланысқа түскен сөздер тобына қатысты алсақ,
яғни тіліміздегі тіркеске түсуші сөздердің арасындағы синтаксистік
қатынастарды предикативті және предикативті емес деп топтастырсақ,
бастауыш пен баяндауыштың қатынасы – сөйлем предикативті қатынасқа,
ал сөз тіркесіне тән анықтауыштық (атрибуттық), толықтауыштық
(объектілік), пысықтауыштық (адвербиальдық)
қатынастар предикативті
емес қатынасқа негіз болады.
Сөйлем, оның ішінде жай сөйлем мен сөз тіркесі өзара ұқсас, бірақ
олардың елеулі айырмашылықтары бар. Сөйлем сөз тіркесінен
коммуникативті қызметі жағынан ажыратылады. Мынадай мысалдар
келтірейік:
1.
Марат келді. Ол жазды. 2.
Ауылдан келді, қаламмен жазды.
Біріншісі – сөйлем, екіншісі – сөз тіркесі.
Сөйлемнің өзіне тән құрылымдық үлгісі болады. Ол – бастауыш,
баяндауыштық құрылым. Сөйлемге мұнан басқа мынадай белгілер тән:
коммуникативтілік, предикативтілік, интонация, модальділік. Сонымен,
сөйлем сөз тіркесінен
коммуникативтілік қызметімен, предикативтілік
қасиетімен, интонациялық, модальділік белгілерімен ажыратылады. Ал
мұндай ерекшеліктер сөз тіркесінде болмайды.
Сөз тіркесін өзге құбылыстардан ажыратуға негіз болатын бірнеше
белгілер бар, соның ішінде ең негізгісі – бағыныңқы, басыңқылық қасиет.
Осы тұрғыдан предикативтілік қатынас негізінде жасалған тіркестерді сөз
тіркестерінің қатарына жатқызамыз ба деген сұраққа тіл мамандары осы
уақытқа дейін әр түрлі жауап беріп келеді. Бұл жайында О.С.Ахманова
былай дейді: “Байланыстың негізгі үш түрі – атрибутивті, комплективті
және предикативті түрлерінің ішінен біріншісі әрқашан да сөз тіркесін
тудырады; байланыстың екінші түрі
өздерінің тығыз байланысты
формаларында ғана сөз тіркесін туғызады, үшіншісі оны (сөз тіркесін)
ешқашан да тудыра алмайды”
34
.
Мұндай пікірді жақтаушылар предикативті қатынас негізінде
32
Баскаков Н.А. Историко-типологическая фонология тюркских языков.
М., 1988
33
Убрятова Е.И. Исследования по синтаксису якутского языка. –М-Л.: АН СССР, 1950. -38 с.
34
Ахманова О.С. Словосочетания.
СБ.
Вопросы грамматического строя.
М: , 1955.- 454-455с
23
жасалған тіркестерді сөз тіркестерінің қатарында қарамай, предикативті
конструкция немесе предикативті тізбек деп есептеп, бұларды сөз
тіркесінің синтаксисі емес, сөйлемнің синтаксисі
деп тану керек деп
санайды.
М.Балақаев: “Сөйлемді сөйлемдік қасиеттеріне қарап, сөз тіркестерін
де өзіндік қасиеттеріне қарап танып, мысалы
жазық дала дегенді сөз
тіркесі деп танысақ,
атқа мінді дегенді әрі сөйлем, әрі сөз тіркесі деп қарау
керек”, - дейді
35
.
К.Аханов М.Балақаевтың пікірін теріске шығарып: “…бір ғана
құбылысты
(атқа мінді) әрі сөйлем, әрі сөз тіркесі деп қарау сөйлем мен
сөз тіркесінің жігін ажыратпауға, оларды бір-бірімен араластырып
жіберуге әкеп соғады
36
”, - деген пікір айтады.
36
Біздің ойымызша,
атқа мінді деген – сөйлем емес, сөз тіркесі.
Өйткені
мұнда сөйлемге тән бастауыш, баяндауыштық құралымдық үлгі,
предикативтілік, модальділік, интонациялық қасиет жоқ, меңгерудің
бағыныңқы байланысына тән тәуелді септік тұлғасы бар.
Ал жоғарыдағы
жазық дала тіркесі тек сөйлем ішінде ғана сөз
тіркесі болады да, жеке тұрған кезде атаулы сөйлем болады. Мәселен,
Достарыңызбен бөлісу: