Р. С. Рахметова Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі



бет11/84
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126490
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   84
Байланысты:
Р. С. Рахметова-emirsaba.org

жазық дала типтес егіс даласы дегенді алалық. Егіс даласы. Жайқалған 
алқап көз тартады. Комбайндар егіс даласында сап түзеп барады деп
алсақ, осындағы бірінші сөйлемдегі “егіс даласы” атаулы сөйлем, ал
екіншісі - сөз тіркесі. Себебі, атаулы сөйлемдердің мазмұны осы шақтағы
болмысты, құбылысты білдірумен байланысты болады. Атаулы сөйлем
көбінесе мезгілді, айналамыздағы табиғат құбылыстарын, заттардың сол
заттық бейнелі қалпын айтуға арналады. Ал сөз тіркесі сөйлемнен тыс
қолданылмайды, ол тек сөйлем ішінде танылады.
Кез келген сөздер тіркесі атаулы сөйлем бола алмайды. Атаулы
сөйлем болу үшін оның айтатын ойға қатысы болу керек. Өзінен кейін
келетін атаулы емес сөйлеммен мезгілдес, сабақтас болуы шарт.
Сондықтан газет-журналдың, мекеменің маңдайшасына жазылған атаулар
атаулы сөйлем бола алмайды. Мұндай тіркестерді кейінгі кезде ғалымдар
“атаулық тіркестер” деп атап жүргенін айттып кеттік.
Сөз тіркесі және фразеологиялық тіркестер. Сол сияқты
фразеологиялық тіркестер де еркін сөз тіркесінің қатарына жатпайды,
өйткені фразеологиялық тіркестер грамматикалық мағынаны емес, басқа
бір лексикалық мағынаны білдіреді, орны жағынан тұрақты, бір ғана
сұраққа жауап береді, өзге тілге сөзбе-сөз аударуға көне бермейді.
Еркін сөз тіркесі құрамындағы сөздер бірігіп келіп, басқа бір
лексикалық
мағынаны
емес,
грамматикалық
мағынаны,
яғни
анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық қатынасты білдіреді.
Сөз тіркесінің әрбір сыңарларының арасындағы байланыс анағұрлым
еркіндеу болады. Бірақ бұл еркіндіктің де шегі болады. Ал фразеологиялық
35
Балақаев М. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2008.– 592. – 94б.
36
Аханов К Грамматика теориясының негіздері. – Алматы, 1996. – 240 б.


24
тіркестің сыңарларының арасындағы байланыс бекем болады. Еркін сөз


тіркесі сөйлеу кезінде жасалса, фразеологиялық тіркестер бұрыннан даяр
тұрған қалпында қолданылады.
Сол сияқты фразеологиялық единицалардың бір қатарының негізі
еркін сөз тіркестеріне келіп тіреледі, басқаша айтқанда, еркін тіркестер
көптеген тұрақты тіркестердің жасалуына ұйтқы болады. Мұны көптеген
тұрақты тіркестердің еркін сөз тіркестері модельдері негізінде
жасалғандығы, әрі ондай құбылыстың осы уақытқа дейін сақталғандығы
дәйектейді. Мысалы: етпетінен жату – етпетінен түсу; зат көру - қол 
көру (ойын); жіп жалғау – жүрек жалғау және т.б. Осылардың
алдыңғылары – еркін сөз тіркестері де, соңғылары – тұрақты тіркестер,
яғни тұрақты тіркестер еркін сөз тіркестерінің құрылымдық үлгілері
негізінде жасалып тұр.
Күрделі сөздер тәрізді тұрақты сөз тіркестері де сөйлеу кезінде
жасалмай, бұрыннан даяр тұрған қалпында сөз тіркесінің немесе сөйлемнің
құрамына енеді.
Тұрақты тіркестердің бір ерекшелігі – олардың тұтасымен бір ғана
лексикалық мағынаны білдіретіндігі. Ал еркін сөз тіркестерінің әрбір
сыңарлары дербес мағынаға ие.
Тұрақты тіркестердің тағы бір ерекшелігі

құрамындағы сөздердің
орны жағынан тұрақты болып келуі. Сондықтан да тіркес сыңарларын
басқа бір сөздермен ауыстыруға болмайды, ауыстырған жағдайда олар
тұрақты тіркес болудан қалады. Ал еркін сөз тіркестерінің сыңарларын
орны жағынан ауыстыруға болады, одан грамматикалық мағынаға нұқсан
келмейді, мәселен, ақ қағаз тіркесін, сары қағаз, қара қағаз, жасыл қағаз
және т.б. деп алмастыра беруге болады, өйткені бұл тіркестердің барлығы
анықтауыштық қатынаста жұмсалып тұр. Бірақ кез келген сөзбен ауыстыра
беруге болмайды, бұл жерде ескеретін бір жайт – мағыналық байланыс
негізге алынады.
Синтаксистік сөз тіркесі болу үшін мағына дербестігі міндетті болса,
ал фразеологиялық тіркес үшін мұның қажеті жоқ, өйткені тұрақты тіркес
құрамындағы сөздер лексикалық мағынасы жағынан не солғындап, не
айырылып, сол тобымен өзге бір лексикалық мағынаны білдіретіндей
болып қалыптасқан. Тұрақты тіркестер тұтас қалпымен сөз тіркесінің бір
сыңарының қызметін атқармаса, өзі дербес тұрып сөз тіркесі бола
алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет