103
саналады. Аталған еңбек А.Ысқақов және Ә.Хасеновтің 1951 жылы
жарық көрген «Тыныс белгілері» атты кітабына дейін емле ережелеріне
байланысты бірден-бір қолданыста болған оқулық болып табылады.
С.Жиенбаев сонымен бірге оңашаланған мүшелерге байланысты
қойылатын тыныс белгілерге тоқталған.
Емле ережелері жайында жарық
көрген еңбектердің қатарына
Ә.Хасеновтің «Тыныс белгілері», Ф.Мұсабекованың «Жай сөйлем
пунктуациясының негіздері», «Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы»,
Ш.Әуелбаевтың «Пунктуацияның қиын мәселелері», Р.Сыздықованың
«Емле және тыныс белгілері» еңбектерін жатқызамыз.
Пунктуация – адамдар арасында қатынас құралы қызметін атқаратын
жазу тілінің маңызды бір саласы.
Тіл білімінде қазақ орфографиясының үш принципі негізге алынады.
Морфологиялық принцип бойынша сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары
сақталып жазылады. Мысалы:
жұмыс, бас деген сөздерге –
шы қосымшасы
жалғанғанда бұл сөздер
жұмышшы, башшы болып естіледі. Бірақ жазуда
оның бастапқы түбір тұлғасы сақталып,
жұмысшы, басшы болып
жазылады.
Фонематикалық принципке дыбыстардың бір сөз ішіндегі немесе сөз
аралықтарындағы бір-біріне тигізетін әсерлері ескерілмей,
негізгі
фонемалық түрі (мәні) сақталып жазылуы жатады. Мысалы:
қашанғы,
түнгі, күнге деген сөздердің естілуі
қашаңғы, түңгү, күңгө болады. Бірақ
бұлардың айтылуындағы (естілуіндегі) фонемалардың (дыбыстардың)
қосалқы реңкі есепке алынбай, сөз бөлшектерінің түпкі тұлғалары
сақталып, фонемалардың негізгі реңкі таңбаланады да,
қашанғы, түнгі,
күнге болып жазылады. Бұл емле ережелерінің фонематикалық
принципінің қолданылуын танытады.
77
Сөйлем соңына қойылатын нүкте,
сұрау белгісі,
леп белгісі, көп нүкте қойылады. Бұл тыныс белгілері
дараушы қызмет атқарады. Сөйлем ішіне қойылатын үтір, қос нүкте,
жақша, тырнақша, сызықша ерекшелеуші қызмет атқарады. Құрмалас
сөйлемнің жігіне қойылатын үтір, қос нүкте, нүктелі үтір, үтірлі сызықша
ойдың аражігін ажырату қызметін атқарады.
Фонетикалық принцип бойынша сөздердің айтылуы мен қолданылуы
негізге алынып жазылады. Мысалы:
бүгін (бұл+күн), белбау (белдің+бауы),
жаздыгүні (жаздың+ күні), биыл (бұл+жыл) және т.б. сөздер айтылуы
бойынша жазылады.
Тарихи-дәстүрлік принцип бойынша
сөздердің бір кездері
қалыптасып, үйреншікті болып кеткен түрі сақталады. Өзге тілден енген
сөздер қазақша айтылуынша емес, сол тілде қалыптасқан заңдылықтарын
сақтап жазылады. Мысалы:
хат, гауһар, жиһан, алгебра, химия және т.б.
Жазуда тыныс белгілері үш ұстанымға сүйенеді:
1.
Грамматикалық ұстаным бойынша тыныс белгілерін
77
Рабиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы.
Астана: Елорда, 2000.
532 бет.
104
қоюда сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктері негізге алынады. Мысалы:
Таң атқалы бұл бөлменің есігі ашылып, кісі кіргені осы еді (М.Әуезов)
деген сөйлемде күрделі ой беріліп тұрғандықтан, грамматикалық негіз
екеу. Сондықтан тыныс белгісі жай сөйлемдердің арасына және сөйлемнің
соңына қойылады.
2.
Мағыналық ұстаным. Тыныс белгілері сөйлемнің
ішіндегі кейбір сөздерді мағыналық
жағынан айқындап тұрады, яғни
сөздердің мағыналарын ашып көрсетіп тұрады. Сондықтан бұны
мағыналық ұстаным деп атайды. Мысалы:
Мәкіш, әкең оңай сапарға бара
жатқан жоқ,
деді (М.Әуезов) деген сөйлемде ойдың нақты кімге
арналғандығын нақтылап тұр.
3.
Интонациялық ұстаным. Сөйлемдерді оқуда дауыс
ырғағының құбылып қолданылуы тыныс белгілерінің қосымша,
көмекші
қызметін танытады. Яғни сөйлемнің айтылу мақсатын, сөйлемдегі
сөздердің мағыналарын ашып айқындауға ықпал етеді. Мысалы:
Ойбай,
жаратқан, Мәкіш-ай. Ділдәң не? Не деп кеттің? (М.Әуезов).
Достарыңызбен бөлісу: