Тырнақша. Тырнақшаның қойылуы кідіріске, интонацияға немесе
сөйлеудің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты болмайды. Сондықтан ол
шын мәнісіндегі тыныстық белгі де емес. Тырнақшаның мағынасы да,
функциясы да алуан түрлі, ол бір жағдайда тырнақшаға қоршалған сөздің я
сөйлемнің бөгде біреудікі екенін білдірсе, екінші бір жағдайда
тырнақшаның ішіндегі сөздің, сөздер тіркесінің өзінің тура мағынасында
114
қолданылмай тұрғандығын, болмаса бірдеңелердің шартты аталуы
екендігін білдіреді.
Басқа біреудің сөзінен алынған дәйексөз, мақал-мәтел, төл сөздің
ішіндегі бұлжытпай алынған сөздер тырнақшаға алынады. Мақал-мәтелдер
төл сөз ретінде алынғанда, сөйлемге қатысты басқа тыныс белгілері
қойылмайды, тек тырнақшаға алынады. Әуезов басын шайқады: – Тұрар аға-ай, айтқаныңның бәрі алтындай. Бірақ біз Эзоптың дәуірінен де қиын дәуірде тұрмыз ғой. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген мақалдың дәуірі өткен (Ш.Мұртаза). С.Аманжолов ана тіліміз туралы: «Қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын», - деген.
Кекету, мұқату, ажуалау және кері мағынада айтылған сөздер,
біреудің айтқанынан алынған сөздер, біреудің ойлағанын айтуға оқталып,
бірақ әлі айтпаған сөздері, ішкі ойы тырнақшаға алынады. Есік жақтағы үстелде осы Тайманның өзімен бірге оқитын студенттер «профессор Сапаровтың досы!» деп айтатын кішкене жігіт Арынғазы отыр (З.Қабдолов).
Газет, журнал, кітап, үлкенді-кішілі шығарма, қаулы және т.б.
аттары тырнақшаға алынады. «Қазақ әдебиеті» газетінен М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін оқыдым (З.Шашкин).
Зауыт, машина, құрал-жабдық және ұйым аттары тырнақшаға
алынады. «Ертіс» кемесі, «ИЛ-86» ұшағы, «Абай» ауылы, «Айнабұлақ» ықшамауданы, «Қазақ тілі» қоғамы. Ол өзінің бала кезінде, «Көктұма» мектебінде оқып жүрген кездегі оқиғаны айтқан (С.Бақбергенов).
Объекті етіп алынған жеке сөз, дыбыс, буын сөйлемде тырнақшаға
алынады. «А» – дауысты дыбыс. «Жаз» – бітеу буынды сөз. Қыстырма сөздің тыныс белгілері. Қыстырма сөздер (жалаң
және күрделі) сөйлем ішіндегі басқа сөздерден үтірмен бөлінеді.
Қыстырма сөз сөйлемнің сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін,
ортасында келсе, екі жағынан, соңында келсе, алдынан қойылады:
Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған (М.Әуезов).
Қыстырма болатын сөздер мен сөз тіркестері көбінесе мыналар:
Автордың түрліше сезімін: қуанышын, қайғырғанын, өкінішін,
сенімін, күмәндануын және т.б. білдіретін сөздер: амал қанша, несін айтасың, бәсе, әрине, рас, сірә, тегі және т.б. Мысалы: Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ (Абай).
Айтылған ойдың кімнің тарапынан шыққанын білдіретін
сөздер:....айтуынша,....айтқандай, жұрт айтқандай, меніңше, менің байқауымша , менің аңғаруымша ,.... айтқандай, жұрт айтқандай, меніңше, менің байқауымша, менің аңғаруымша, ұмытпасам және т.б.
Мысалы: Менің аңғаруымша, сіз тарихқа көп ат салысқан сияқтысыз. (М.Әуезов).
Ойдың желісін, ретін (бастамасын, түйінін) білдіретін сөздер:
115
біріншіден, екіншіден, әуелі, алдымен, демек, сөйтіп, қысқасы, сайып
келгенде т.б. Мысалы: Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз...
Не, немесе, қалай, ендеше, осы сияқты сөздер де сөйлем
мүшесі болмай, айтушының (автордың) белгілі бір сезіміне байланысты
қолданылғанда, қыстырма сөз ретінде үтірмен бөлінеді. Мысалы: Не,