112
Бірыңғай мүшелерден кейін қойылатын сызықша. Сызықша бірыңғай
мүшеден кейін келіп, өзінің алдындағы мүшелердің мағынасын жинақтап,
топтастырып тұрған жалпылауыш сөздің алдына қойылады.
Үлкен үйде
Ұлжан, Айғыз, Ділдә – үшеуі ғана отыр екен (М.Әуезов).
Оңашаланған айқындауыш сызықшамен ажыратылатын жағдайлар.
Оңашаланған айқындауыш өз ішінде бірыңғай болып, үтір қажет
болғанда, оны бірыңғай мүшеден ажырату үшін екі жағынан сызықша
қойылады.
Біраздан кейін үйге Масғұттың тағы екі жолдасы – Жұмағұл
мен Ақтай – кірді (М.Әуезов).
Жалғаусыз зат есімнен болған бастауыш өзін айқындайтын
мүшеден сызықша арқылы бөлініп тұрады.
Бар тұлғасы Құнанбай тектес
бұл жас әйел – осы үйдің келіні, Абайдың апасы – Мәкіш (М.Әуезов).
Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша.
Жалғаулықтары түсіріліп айтылған қарсылықты салалас құрмалас
сөйлемнің арасына үтір мен сызықша қойылады.
Алдымызда Есімбектің
үйі тұр, - Шұға көрінбейді (Б.Майлин).
Жалғаулықсыз ыңғайлас құрмалас сөйлемдерде іс, оқиғаның бір
мезгілде, бір ыңғайда тез, шұғыл өткенін білдірсе, арасына сызықша
қойылады.
Оттың жарығына сағатын төседі – тоғыз болып қалған екен
(О.Бөкей).
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдердің баяндауышы
сонша,
соншалық, сондай, сол, мынау, себебі сөздерімен ақталса, олардан соң
сызықша қойылады.
Ашуланғаны сонша – өңінде ызаның ұшқындары
шашырап тұрды (Ғ.Мұстафин).
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы
шартты райдан жасалып, бағыныңқы сөйлемге ерекше мән бере айтылса,
одан соң сызықша қойылады.
Отың жанбаса – қорлық, құсың алмаса –
қорлық («Қазақтың мақал-мәтелдері» жинағынан).
Төл сөз бен автор сөзіне қойылатын сызықша.
Автор сөзі төл сөзден кейін келгенде, төл сөзден кейін сызықша
қойылады.
«Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік», - деді Абай.
Егер төл сөз диалог түрінде болса, әр сөйлеушінің сөзі жаңа
жолдан алдынан сызықша қойылып жазылады.
–
Бұл – әскери-барлау мектебіне баратын кезіңіз ғой шамасы...
–
Иә.
–
Оған қалай түсіп жүрсіз? Білетіндер аталмыш әскери оқу орнына
басқа ұлттың өкілдерін қабылдамайтын еді дейді ғой.
–
Ол рас. Оған мен денсаулығымның мықтылығы мен есте сақтау
қабілетімнің ерекшелігі арқасында ғана өттім. Мәскеу іргесіндегі әскери
бөлімшеде қызмет етіп жүр едім, комиссияға шақырды... (Ж.Аупбаев).
Автор сөзі төл сөздің ортасында тұрса, автор сөзінің екі жағынан
сызықша қойылады.
–
Жоғары шық, – деді үйге кірген Асқарға Балтабек. – Ағаңның
қолына су құй (С.Мұқанов).