Р. С. Рахметова Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі



бет77/84
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126490
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   84
Байланысты:
Р. С. Рахметова-emirsaba.org

бәрің осы баланы мүйіздей бересіңдер? (Ғ.Сыланов).

Сөйлемдегі сөздермен синтакистік байланысы жоқ қыстырма
сөйлемдер көбінесе үтірмен бөлінеді: Ұмытып барады екем, жуырда
елінен Әміржан келіп қалды. (С.Мұқанов).

Сөйлемдегі негізгі ойды, не бір сөзді айқындау, дәлелдеу,
түсіндіру үшін қолданылған қыстырма сөйлемдер не сөз тіркестері
екі жағынан жақшаға алынады (бірінші сөзі жалпы есім болса, кіші
әріппен жазылады):
Бірақ менімен Раушанның (Рауза деп бірге оқитын
жолдастары атап кеткен көрінеді) оқысында үлкен айырма бар
екенін сезгендеймін (М. Иманжанов).

Оңашаланған мүшемен келетін мысалы, айталық, шынында
сияқты қыстырма сөзден кейін үтір қойылмайды.
Көктемде жыл құстарының алды, мысалы қаз бен үйрек, келе
бастайды. Географиялық атаулар айталық, тау аттары, бас әріппен
жазылады. 

Мағынасы жағынан қыстырма сөздерге ұқсас келетін, дауыс
кідірісімен айтылатын мынадай сөдер сөйлемнің басында не жай
сөйлем ішінде үтір арқылы бөлінбейді: ал, тіпті, дегенмен, алайда,
бірақ, сонымен қатар, сондай-ақ, әсіресе, тек. Мысалы:
Ырғызбай
ішінде әсіресе осы Қарашоқыға қызығушылар көп болатын. 

Сөйлем мүшелерімен синтаксистік байланысы жоқ, өз алдына
жеке сөйлем сияқты қыстырма конструкциялардың да екі жағынан
үтір қойылады. Ол конструкциялар көбінесе қасында, ішінде, басы,
болып деген тәрізді сөздердің қатысуымен жасалады, оларды алып
тастағаннан сөйлем мағынасы ойсырамайды. Мысалы: Бір топ адам,
басы Жомарт болып, егінге қарай беттеді. Газиктің рулін өзі ұстап,
қасында Жақып бар, Жомарт келеді  (Ғ. Мұстафин).

Жақшаға алынған қыстырма сөзді не сөйлемдерді енгізген кім
екенін білдіру үшін редакция деген сөз немесе автордың әріптерден
қыстырылып көрсетілген аты-жөні (инициалы) қойылады. Ондайда
қыстырмадан кейін нүкте мен сызықша қойылып, автордың
қысқартылған аты-жөні немесе редакция деген сөз бас әріппен
жазылады да, жақша жабылады: Шоқан Уәлиханов Қашқарда қалай
тұруы туралы былай дейді: "Қашқардың және Алты шаһардың
ғұрпы бойынша, шет мемлекетпен бұл елге келгендер үйленуге
міндетті, (Кейін анықтасам, бұл әдет мұсылмандар үшін ғана екен. 
С.М.). Кіші Бұхара (Қашқария – С.М.) имам Ханифке (мұсылмандар 
дүниесіндегі төрт мәзһәптің, орысша сектаның біреуі. – С.М.


116
бағынғанмен, ... бұл арада уақытша үйлену толық күшінде екен". Бұл 


мысалдардағы С.М. дегендер – Сәбит Мұқановтың инициалы.
Одағайлардың тыныс белгілері.

Одағайлар көбінесе сөйлем басында келеді де, үтірмен бөлінеді.
Мысалы: Е, Ойке апаны білмеуші ме ең? Өй, Жиренше, жаңағы осы 
Қодар кім? (М.Әуезов). Тәй, қылжақты қоя тұр (С.Мұқанов). Апырау,
сіздің ауыл Майқұдыққа қонбаушы еді ғой? (Ғ.Мүсірепов).

Егер одағайлар сөйлем ортасында келсе, екі жағынан үтір
қойылады, соңында тұрса, үтір одан бұрын қойылады: Мысалы:
Жүрегім, ойбай соқпа енді... 
Бүгінгі дос – ертең жау, 
Мен қылдым, япырмау?! (Абай)
О деген одағайдан кейін үтір қойылады: О, жауыз Қодар! О, шіркін, 
шіркін! (Ғ.Мүсірепов).

Одағай сөйлемнің басында келіп, көтеріңкі дауыспен айтылса, одан
кейін леп белгісі қойылып, келесі сөз бас әріптен басталады: Мысалы:
Пәлей! Мақұл-ақ! Ал ендеше мен нені айттым!? (М.Әуезов). Еhe! Сен өзің 
біздің қақпанға бұрын да түскен кәрі қасқыр екенсің ғой (А.С.Пушкин).

Одағай тәріздес бәсе, жә, қош, қой, құп (болады), жай, бәлем, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет