Р. С. Рахметова Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі



бет73/84
Дата25.11.2023
өлшемі0,57 Mb.
#126490
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   84
Байланысты:
Р. С. Рахметова-emirsaba.org

Нүктелі үтір – хабарлы сөйлемдерден кейін қойылатын нүкте мен
үтірдің аралығындағы тыныс белгісі. Мұның мәні, нүктеден дәрежесі
төменірек те, үтірден жоғарырақ. Бұл – аралары үтірмен бөлінген
сөйлемнің күрделірек бөлшектері арасында да, мағыналары өз ара
байланысты, ортақ немесе бірыңғай тұлғалы мүшесі (әсіресе баяндауышы)
бар талдап, саналап, пункттеп баяндау түрінде айтылған тиянақты
сөйлемдер арасында да қолданылады.

Мағына жағынан жақын, бірін-бірі толықтырып тұратын және
бірінші сөйлемдегі ойға екінші сөйлемдегі ой жалғас болып келетін, соған
қарамастан, тәуелсіз, дербес мағыналы болғандықтан, жеке бөліп алып
қолдануға болатын салалас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдердің
арасына нүктелі үтір қойылады. Құбылып бурыл гуледі; Тау мен тасты 
өрледі; Төрт аяқты сермеді; Құлақтың түбі терледі («Қобыланды батыр»
жырынан).

Мағына жағынан жақын және бір-біріне тәуелсіз, кейде
басыңқылары да, бағыныңқылары да бір сөзден жасалған не тұлғалас
болып келетін, байланысу тәсілдеріне қарай аралас құрмаластың
құрамындағы жай сөйлемдерінің басыңқысынан кейін нүктелі үтір
қойылады. Тақыр жерге су төксең, тайғақ болар; Жаманға сырыңды 
айтсаң, тар жерде айғақ болар (Мақал).

Өз ішінде үтірлері бар құрмалас сөйлемдердің баяндауыш
тұлғалары әртүрлі болса да, жай сөйлемдердің арасын ажырату үшін
нүктелі үтір қойылады. Ол аз десең, ақ бүйірін солқылдата жаншып
боздап тепловоз өтеді; соңында жылан құйрығындай шұбаған көмір, 
темір, сексеуіл тиеген төбесі ашық қызғылт вагондар (М.Сүндетов).

Мағыналық тұтастығы бар болғандықтан, рет-ретімен әріптер не
цифрлар арқылы санамаланып айтылатын сөйлемдерден кейін нүктелі үтір
қоюға болады. Өмір шындығын қамтуға адам мінезін ашу 
мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді; 1) шағын 


111
көлемді эпикалық түр; 2) орта көлемді эпикалық түр; 3) кең көлемді 


эпикалық түр (З.Қабдолов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет