45
ашық күндерінің бірінде Арман екеуіміз бұзау бағуға шықтық. 7. 16
желтоқсан. 1986 жыл. Автобекет. Сапырылысқан халық.
4-тапсырма. Мәтінді оқып, жазушының еліне, жеріне деген
сағынышын, көңіл күйін білдіретін сөздерді тауып жазыңыз, талдаңыз.
Қазақ даласы
Жол!Жол! Адамның үміті тәрізді ешқашан таусылмас, ұшы-қиыры
жоқ. Ұзақ жол.
Отарба танауы делбеңдей, жүйтки шапқан өгіз тәрізді, буы
бұрқырап, ырсылдай ағызып келеді. Телеграф бағаналары бірін-бірі қуалап,
кейін қалып барады. Жан-жағымыз ұшан-теңіз, байтақ дала. Қазақ
даласы! Менің далам! Әке-шешем, ата-бабам даласы!
Қазақ даласына қарап тұрсаң, домбырадан күй тыңдап отырғандай,
көңілің сан саққа жүгіреді. Міне, мынау – біз қойнауына кіріп бара
жатқан жасыл тау алқабы «келші, құлыным» деп, құшағын жайып қарсы
алғалы саған ұмтылады. Кешегі біз өткен бозаң шөпті, сортаңды дала
көрінісі қайғыдан әжімделген қарт әжеңнің түріндей болып, әлденелерді
есіңе түсіреді, көңіліңді босатады. Бір ғажабы, сол даланы, алыстаған
сайын, сағына түсесің. Өйткені оның түр-келбеті бетін күн мен жел
сүйген қарт әженің жарқын жүзін елестетеді (І.Есенберлин.).
Достарыңызбен бөлісу: