43
Бұйрық мағына сөйлеу үстінде түрліше реңкте беріледі. Бұл сөйлем
тек бұйрық
рай етістік формасынан ғана, басқа формаларды да
қатыстырып жасалады. ІІІ жаққа қатысты бұйрықты білдіру үшін
келсін,
айтсын, жіберсін тұлғалы бұйрық рай етістіктер баяндауыш ретінде
жұмсалады:
Апаққа айтарсыңдар, аттарды суытып жіберсін!
(Ғ.Мүсірепов). Ауызекі тілде бұйрық мағыналы сөйлем
алғын, келгін
формалы баяндауыштардың қатысуымен де жасалады.
Лепті сөйлемдер. Сөйлемдер белгілі
бір ойды хабарлап қана
қоймайды, сөйлеушінің айтылған ойға көңіл күйін, сезімін қоса білдіру
мақсатымен айтылса, лепті сөйлем деп аталады.
Лепті сөйлемдер адамның алуан түрлі көңіл күйін (қуаныш, сүйініш,
өкініш, реніш, ыза, қарсылық, жалыныш, мысқыл-әзіл т.б.) білдіреді. Бұл
иннотациядан, баяндауыш формаларынан көрінеді. Мысалы:
Сол төрт
ұлдың ортасында бұлаңдап өскен Шұға дейтін қызы болды. Шұға десе
Шұға! Ой, шіркіннің өзі келбетті еді-ау (Б.Майлин).
Шіркін, Ербол!
Неткен жақсы едің?! Дос жақсысы сен екенсің ғой... Естен кетпес іс
еттің-ау! (М.Әуезов).
Жай сөйлем:
толымды және толымсыз, жалаң және жайылма
болып та бөлінеді. Тұрлаулы мүшелері түгел, мазмұны толық сөйлем
толымды сөйлем деп аталады:
Ол күн шақырайып тас төбеге көтерілген
кезде бір ауылдың үстінен түсті (Д.Рамазан). Ойға қатысты сөйлем
мүшесі жоқ сөйлемнің түрі толымсыз деп аталады
: Төрелеріңді соған
жинап отырған боларсың! (Ғ.Мүсірепов).
Толымсыз сөйлемдерде бас
мүшелердің біреуі немесе екеуі де, кейде тұрлаусыз мүшелер де түсірілгені
айқын байқалып тұрады. Бұл сөйлемнің синтаксистік құрылымынан да
көрінеді.
Жай сөйлем құрамына қарай
жалаң және
жайылма болып бөлінеді.
Жай сөйлем сөйлемнің негізі болып табылатын тек қана тұрлаулы
мүшелерден құралса, онда ондай жай сөйлемдер
жалаң сөйлем деп
аталады. Мысалы,
Мен келемін (М.Әуезов).
Ақбала тоқтай қалды
(Ә.Нұрпейісов).
Тұрлаулы мүшеден басқа тұрлаусыз мүшенің
бірі немесе
бірнешеуінен құралған сөйлем
жайылма сөйлем деп аталады. Мысалы
,
Қасында екі жеңгесі бар Ұлпан келіп кірді (Ғ.Мүсірепов).
Сөйлемдегі ойдың иесінің болу болмауына қарай
жақты және
жақсыз болып бөлінеді. Сөйлемде бастауышы бар немесе бастауышы
жасырын болса да сұрақ қою арқылы тауып алуға болатын сөйлемді
жақты сөйлем дейміз.
Қарғаның тұзын екі қолымен ұстап отыр
(Ғ.Мүсірепов).
Бастауышы жоқ, бастауышты баяндауыш арқылы
айқындауға болмайтын сөйлемнің түрі жақсыз сөйлем деп аталады.
Батпақты ауданының жеріне кіргелі жеті күн (Ғ.Мүсірепов).
Сөйлемде негізгі тірек мүшеден ғана тұрып, құбылыстың, заттың
атауын білдіріп тұратын сөйлемді
атаулы сөйлем дейміз.
Атаулы сөйлем
өзінен кейін ойдың жалғасы бар екенін білдіріп тұрады. Атаулы сөйлем
сөйлем мүшесіне талданбайды.