Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет4/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

жайылыңқы, сыйысыңқы іргелестер), жалғаулықты салалас құрмаластар, 
салалас 
сөйлемдерді 
байланыстыратын 
жалғаулықтар, 
салалас 
құрмаластардың мағыналық түрлері (ыңғайлас, қарсылықты, себеп салдар, 
талғалмалы), сабақтастағы жай сөйлемдердің өзара қатынасы, бағыныңқы 
сөйлемнің басыңқымен көсемшелер, есімшелер, шартты рай арқылы 
байланысу жолдары, сабақтастардың жіктелуі (мезгіл пысықтауыш 
бағыныңқы, себеп пысықтауыш бағыныңқы, амал пысықтауыш 
бағыныңқы, мақсат пысықтауыш бағыныңқы, шарт бағыныңқылы 
сабақтас, қарсылықты сабақтас, салыстырмалы сабақтас), үйірлі 
мүшелі сабақтастар, сыйыспалы сөйлем және қайырмалы сабақтастар, 
аралас құрмалас сөйлем мәселелері осы кезеңде ғылыми айналымға енді. 
Грамматика теориясының негіздерін айқындауға күш салған 
К.Ахановтың синтаксистік зерттеулері сөз тіркесіне тән басты белгілер 
мен оның өзіне ұқсас құбылыстардан айырмашылықтарын анықтауға, сөз 
тіркесі құрамындағы синтаксистік қатынастың түрлерін ажыратуға, 
сөйлемге тән басты белгілерді тануға және т.б. арналады. Ғалым: «сөйлем 
5
Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1948. – 86 б.



предикативтілік 
деп 
аталатын 
грамматикалық 
мағынасымен, 
коммуникативтік деп аталатын қызметімен және бастауыштық-
баяндауыштық деп аталатын құрылымдық үлгісімен сипатталады да, осы 
жағынан келгенде ол (сөйлем) әр түрлі айтылыстардан ажыратылады» деп, 
сөйлемді құрылымдық, грамматикалық, коммуникативтік белгілері 
бойынша саралайды
6
. Сөйлем мен байымдаудың арақатынасын сөйлемдегі 
айтылатын ойдың иесі тұрғысында анықтауға болатынын көрсетеді. Оны 
логикалық субъект және грамматикалық бастауыш ұғымдарының мәні 
арқылы анықтауға болатыны жөнінде былай дейді: «Логикалық субъект 
грамматикалық бастауышқа жақсыз сөйлемдерде сәйкес келмейді. 
Мысалы, Оған темекі тартуға болмайды деген мысалда оған (қарамен 
көрсеткен біз) деген мүше байымдаудың логикалық субъектісі болса, 
сөйлемнің бастауышы емес, толықтауыш мүшесі». Олай болса, сөйлемдегі 
логикалық субъекті сөйлем мен байымдаудың арақатынасын айқындайтын 
логикалық бастауыш ретінде жұмсалады деген қорытынды жасауға 
болады. Сөйлемдегі логикалық субъектінің грамматикадағы көрінісі 
тіліміздегі жақсыз сөйлемдердің табиғатын ашуға мүмкіндік берді. Қазіргі 
қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер туралы арнайы зерттеу жүргізген 
Ғ.Мадина: «Субъект грамматикалық бастауыш арқылы берілмеген және 
оны баяндауыш формасы арқылы тауып алуға болмайтын сөйлемді жақсыз 
сөйлем дейміз» деп, грамматикалық бастауыштың жоқтығын жақсыз 
сөйлемді танудың басты ұстанымы ете отырып, грамматикалық 
бастауыштың болмауы баяндауышқа байланысты екендігін; субъект 
грамматикалық 
бастауыш 
формасында 
берілмегенімен 
басқа 
грамматикалық бастауыш бола алмайтын формалар арқылы білінуі мүмкін 
екенін түсінуге болады деген қорытынды жасайды
7
. Ғалым көрсетіп 
отырған бастауыш бола алмайтын формалар қатарына барыс септік 
жалғауы мен ілік септік жалғауын жатқызуға болады. Ғ.Мадина жақсыз 
сөйлем құрамындағы баяндауыштардың жасалу жолдарын он үш топқа 
бөледі. Баяндауыш формасы негізгі етістікке «бол» көмекші етістігі 
тіркесіп жасалған жақсыз сөйлемдердің құрамындағы барыс септік 
жалғаулы субъект логикалық бастауыш бола алады. Мысалы, Бұрын қанша 
парықсыз болса да, бұл жолы ойланбасқа болмайды (М.И). Сөйлемде 
логикалық бастауыш түсіріліп тұр (саған, оған, маған). Баяндауыш тұйық 
етістік пен керек сөзінің тіркесінен болған жақсыз сөйлемдердегі субъект 
логикалық бастауыш қызметін атқарады. Мысалы, Білмегенді сұраудан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет