Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет9/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

 
 


18 
ІІ СӨЗ ТІРКЕСІ СИНТАКСИСІ 
 
1. Сөз тіркесі синтаксисінің зерттелуі 
 
Қазақ тіл білімінде 1950 жылдарға дейін сөз тіркесі мәселесі жай 
сөйлемдер мен құрмалас сөйлем синтаксисі аясында қарастырылғаны 
болмаса өз алдына зерттеу нысаны болған емес. 
1967 жылы шыққан «Қазақ тілінің грамматикасында» сөз тіркесіне 
мынандай анықтама берілген: «… синтаксистің басты, арнаулы объектісі 
екеу: бірі – сөз тіркесі, екіншісі сөйлем. … екі сөзді тіркестіріп жаңа сөз 
жасау үшін емес және де бір сөздің грамматикалық мағынасын дәлдеу, 
толықтыру үшін емес, қосымша, жаңа грамматикалық мағына тудыру үшін 
тіркескен сөздер тобы ғана сөз тіркесі деп есептеледі». 
Т.Қордабаев: «Қазақ тіл білімінің тарихына шолу жасау екі кезеңге 
бөлініп құралады: бірінші кезеңі – арғы ғасырлардан бастап 1917 жылға 
дейінгі, екіншісі – Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейінгі 
кезең», - деп көрсетеді
22
.
Ғалымның көрсеткен бірінші кезеңінде сөз тіркесі синтаксисі туралы 
айтылған 
ой-толғамдар, 
тұжырымдар 
кездеспейді. 
Синтаксис 
мәселелерінің кең көлемде зерттелуі 20-жылдардан басталады. Бұл 
кезеңдерде жарық көрген мақалалар мен оқулықтарда көбінесе жай сөйлем 
мен құрмалас сөйлемге қатысты нәрселер айтылған.
Қ. Жұбановтың авторлығымен 1936 жылы жарық көрген орта 
мектепке арналған оқулықта ғалым жай сөйлемдерді мағынасы мен 
құрылысына қарай жіктейді. 1939 жылы шыққан С.Аманжолов пен 
Н.Сауранбаевтың «Қазақ тілінің грамматикасы» оқулықтарында атаулы 
сөйлем туралы айтылып, сөздер тіркесі жөніндегі пікірлер де осы 
жылдардан бастап айтыла бастады.
1940 жылдары Мәулен Балақаев жай сөйлем синтаксисімен терең 
айналысып, «Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисінің негізгі 
мәселелері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ғалым 
тілдік материалдарға сүйене отырып, сөйлем мүшелерінің байланысы 
ретінде қарастырылып келген сөз тіркесін терең де жан-жақты зерттеп, 
оны синтаксистің негізгі нысаналарының бірі ретінде көрсетті. Ол кезде 
сөйлемнің өзін сөз тіркесінің бір түрі деген пікірлер де бар болатын. Орыс
тіл білімінің өкілі М.Петерсон синтаксистің негізгі нысаны сөз тіркесі, ал 
сөйлем сөз тіркестерінің бір түрі деп есептеген. Қазақ тіл білімінде бұл 
пікірді М.Балақаев қолдады. Қазақ тілі материалдарының негізінде арнайы 
еңбек жазған Мәулен Балақаев зерттеулерінде сөз тіркесі мәселесі кеңінен 
қарастырылып, онда сөз тіркесінің құрылысы, өзіне тән белгілері, 
ерекшеліктері, сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары және 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет