Р. С. Рахметова


І СИНТАКСИС ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ



Pdf көрінісі
бет3/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

І СИНТАКСИС ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ 
Синтаксис – грамматиканың бір саласы. Синтаксис – грек сөзі. Құру, 
құрастыру деген мағынаны білдіреді. Синтаксис үш салаға бөлінеді: 

Сөз тіркесі синтаксисі; 

Жай сөйлем синтаксисі; 

Құрмалас сөйлем синтаксисі. 
Қазақ тіл білімінде синтаксистік зерттеулер 1920 жылдардан бастау 
алып, 1950 жылдарға дейін зерттеу нысаны нақты айқындалған ғылым 
саласы ретінде орнықты. 20-50-ші жылдардағы синтаксис саласына 
қатысты ғылыми нәтижелердің негізі А.Байтұрсынов, Т.Шонанов, 
Қ.Жұбанов және т.б. ғалымдардың еңбектерінен бастау алады. 
А.Байтұрсынов: «Сөйлем дегеніміз сөздердің басын құрастырып, біреу 
айтқан ой»
1
деген тұжырым жасап, сөйлемнің өзіне тән жүйесін сөйлем 
ішіндегі сөздердің басын түсінікті етіп құрастырудың жолдары негізінде 
анықтау керектігін назарға алады. Сөйлем ішіндегі сөздер сөйлем 
мүшелері деп аталып, олар тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерге жіктеледі. 
Тұрлаулы мүшелер бас мүше және баяншы мүше деп аталып, сөйлемнің 
ішіндегі қазық сөз, сөйлем иесі бас мүше, оның сырын сипатын, жайын, 
амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз баяншы мүше деген тұжырым 
жасайды. Ғалым бастауыш болатын сөз таптары, баяндауыш болатын сөз 
таптары, анықтауыш болатын сөз таптары, толықтауыш, пысықтауыш, 
бұратана сөздер (қыстырма, қаратпа) және жай сөйлемнің типтік түрлерін 
(болымды, болымсыз, толымды, толымсыз, жалаң, жайылма), айтылу 
сазына байланысты түрлерін (сұраулы, лепті, тілекті), құрылуына 
байланысты түрлерін (іргелес сөйлемдер, құрмалас сөйлемдер, сыйысулы 
құрмалас, сабақтас сөйлем, қыстырынды сөйлем, келтірінді сөйлем) 
саралайды.
Қ.Жұбанов: «Жалаң сөйлем, жайылма сөйлем, сабақтас сөйлем т.т 
әрқайсысы хабар сазы да, леп сазы да, сұрау сазы да бола береді. Мұның 
керісінше бұл соңғылардың әрқайсысы жалаң да, жайылма, да сабақтас та 
бола береді. Өйткені сөйлемді жалаң, жайылма, күрделі деп таптастыру 
жеткіліксіз – сөйлемнің мүше құрылысына, сөз сазына қарай 
таптастырғанымызда хабар сазы, сұрау сазы деп жіктеу сөйлемнің дауыс 
құрылысына, әніне, сазына қарай топтастырғанымыз. Сондықтан мүше 
құрылысы, тіпті сөздігі (лексикасы) жағынан бір-ақ түрлі болатын сөйлем, 
сазы жағынан түрлі-түрлі болуы мүмкін. Өйткені бір сөздің өзі түрліше 
өңделе береді. Мүше құрылысына қарай жіктеу мен дауыс құрылысына 
қарай таптастырудың екеуі де бір сөйлемнің басына сыймастай нәрселер 
емес, тек бір нәрсенің өзін екі түрлі өлшеуішпен өлшегендік қана» деп, 
сөйлемге тән басты белгілердің бірі интонация екенін айтады
2

1
Ахмет Байтұрсынов. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448.
2
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 2010.– 608 б.



Сөз таптарының сөйлем мүшесі болу шарттары сөйлемнің элементтері 
мен дәнекерлері, шақ пен жаққа қатысты синтаксистік категориялар 
мәселесі С.Аманжолов еңбектерінде қарастырылды. Ғалым сөйлеу мен 
сөйлемнің арақатынасын, сөйлемдегі сөздердің логикалық байланысу 
жолдарын, дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттарын ұсынды. Сондай-
ақ, сөйлемнен тыс, бірақ бірнеше сөздің тізбектеліп, бір ғана мағына 
білдіруін білдіретін тілдік құбылыстың өзіне тән ерекшелігін танып, оны 
сөз тізбегі деп атап, оларды өз ішінде екіге бөлді: лексикалық тізбектер, 
синтаксистік тізбектер. Лексикалық тізбектер қатарына екі я одан да көп 
сөзден құралған түрлі сөз топтарын жатқызады. Мысалы: 1) ат қора, ауыз 
үй, орталық атқару комитеті, тау теке, Алакөл, Арал теңізі, Құла ат өлген 
сай: 2) түйе тайлы, құр алақан, әпер бақан, қоян жүрек 3) он бес, қырық 
алты, мың да бір; 4) бір де бір, еш нәрсе, көрсе қызар, алас ұрған, тырым 
тырақай және т.б. 
Синтаксистік тізбектерді өзіндік ерекшеліктеріне қарай төртке бөледі: 
1) идиомалық қасиеті бар сөз тізбектері. Мысалы, құлақ қоймады, көз 
салмайды, сөз өтпейді, ауыз бармайды және т.б; 2) фразалық тізбектер: 
қолы қысқа, басы бос, көзі өткір, құлағы мүкісті, өнер алды, құлақ 
құрышы; 3) үйірлі мүше болатын сөз топтары. Ауызы күйген, әкесі 
Москвадан келген, күні бойы кітап оқитын, таң ата, күн бата, ел жата. 4) 
сөйлемде күрделі мүше болатын сөз тізбектері. Олар екі түрлі болады: а) 
шылаусыз жеке сөздерден құралатын күрделі мүшелер; ә) шылаулы 
күрделі мүшелер
3

Ендеше, бүгінгі синтаксис саласына қатысты берілетін білім 
мазмұнының І кезеңі 1920-1950 жылдардың үлесіне тиеді. 
Екінші кезең 1950-2000 жылдардағы зерттеулердің нәтижесімен 
өлшенеді. Синтаксис сөйлемдерді, олардың түрлерін, сөйлемдегі сөз 
тіркестерін, сөйлем мүшелерін адам ойын білдірудің грамматикалық 
бөлшектері ретінде қарастыратын ілім деп танылды. Сөйлемдердің
құрылысына қарай жай, құрмалас болып үлкен екі топқа жіктелуі, жай 
сөйлемдердің жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, толымды, толымсыз болып 
жіктелуі, олардың жұмсалу мақсатына, айтылу сазына қарай хабарлы, 
сұраулы, лепті сөйлемдер түрінде жіктелуі ─ осы кезеңнің үлесі. Сөз 
тіркесін сөйлем мүшелерінен бөліп, синтаксистің жеке саласы ретінде 
қарастырылуы да осы кезеңге жататын ең ірі жаңалықтар қатарын 
құрайды. Ол турасында М.Балақаев: «Сөз тіркесі дегеніміз – сөйлемдегі 
сөздердің синтаксистік байланыста айтылатын мағыналық тобы» деген 
тұжырым жасап, сөз тіркесі құрамындағы сөздердің лексика-
семантикалық, мүшелік дербестігі болу, болмауына қарай оларды тізбекті 
тіркес, түйдекті тіркес деп екі топқа бөледі
4
. «Құрамындағы сөздердің не 
сөздер тобының әрқайсысы белгілі бір синтаксистік қызметте тұрып, 
салаласа және сабақтаса байланысқан сөз тіркестерін тізбекті тіркес 
3
Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: Санат, 1994. – 320 б.
4
Балақаев М. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2008.– 592. – 314 б. 



дейміз» деп, салаласқан тізбек пен сабақтасқан тізбектің ерекшеліктеріне 
тоқталады. «Лексика семантикалық топ болып, сөйлемнің бір мүшесі 
қызметінде жұмсалатын сөз тіркестерін түйдекті тіркес дейміз» деген 
ереже ұсына отырып, түйдекті тіркес қалпында айтылатын сөз тобының 
құрылысын көрсетеді. Олар: күрделі етістіктер тобы, есім мен көмекші 
етістіктер тобы, қосарлы есімдер тобы, күрделі есімдер тобы, тұрақты 
тіркестер тобы. 
М.Балақаев «сөз бен сөздің тіркесуі олардың тілде өмір сүруінің 
табиғи мұқтаждығы болып» табылатын, сөздің тілдің қажеттігін орындау 
үшін белгілі бір міндеттер атқаратынын, осындай міндеттердің бірі сөз 
тіркесі қызметін атқаруы екенін дәйектейді. Ғалым сөз тіркесін жақсы 
меңгеру үшін оқушылар оның тіркесе алу қабілетін, синтаксистік 
байланыстың амалдары мен түрлерін жақсы меңгеріп, сөз тіркесінің 
бағыныңқы, басыңқы сыңарларын ажырата білу керектігін сөз етеді. 
Ғалымның ойынша, сөз тіркесін дұрыс құрай білмеген оқушы, дұрыс 
байланыстырып сөйлей де алмайды. 
Сөздердің тіркесу тәсілері мен формалары, сөйлем мүшелері, олардың 
жасалу жолдары, құрамы, түрлері, мағыналық топтары, орын тәртібі, 
сөйлемдегі оқшау сөздердің қызметі, жай сөйлемнің типтері туралы 
ғылыми тұжырымдар да осы кезеңнің жемісі болып табылады.
Құрмалас сөйлемдердің мағыналық, құрылымдық ерекшеліктері 
туралы Н.Сауранбаев: «құрмалас сөйлем құрамындағы негізгі бөлшектерді 
синтаксистік компонент деп атаймыз» дей келе, «сөйлем мүшелері сөз, я 
сөз тіркестерімен шендес болады да, синтаксистік компоненттер жай 
сөйлемдермен шендес болады» деген тұжырым жасайды
5
. Құрмалас 
сөйлемнің даму жолдары, сөйлемдердің құрмаласу тәсілдері, құрмалас 
сөйлемнің түрлері, салалас құрмаластың түрлері (іргелес салаластар, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет