96
болатын (М.Әуезов).
Сызбасы: бағыныңқы, бағыныңқы, бағыныңқы,
басыңқы, басыңқы.
Аралас құрмаластағы жай сөйлемдердің арасына қойылатын тыныс
белгісі, негізінен, салаласа және сабақтаса құрмаласқан сөйлемдерге
қойылатын тыныс белгілерден құралады.
1. Егер араластың құрамында қарсылық мәнді жай сөйлемдер болса,
ол басқаларынан үтір және сызықша арқылы ажыратылады.
Жүсіп
сөйлемекші еді, - оны жұрттың ду көтеріле шапалақтаған қолы бөліп,
бірсыпыра уақытқа шейін сөйлетпеді (С.Ақтаев).
2. Араластың құрамында түсіндірмелі не себеп мәнді жай сөйлемдер
болса, олар басқаларынан не қос нүкте, не сызықша арқылы ажыратылады.
Ақбозға сол күні өмірінде бітпеген шабыс пайда болған сияқтанды: төрт
тұяғымен жердің топырағын уыстай аспанға атып зымырағанда,
көлденеңнен көзі түскен жұрт оны ұшып барады екен деп ойлайды
(С.Мұқанов).
3. Қалған жағдайлардың бәрінде араларына үтір қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: