Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет60/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   85
Бақылау тапсырмалары
 
1. Бағыныңқы мен басыңқыда баяндалған іс-оқиғаның мезгіл 
жағынан жуық уақытта орындалатынын білдіретін құрмаластың түрі 
A) мезгілдес салалас 
B) мезгілдес сабақтас 
C) мезгіл бағыныңқылы сабақтас 
D) шартты салалас 
E) қарсылықты салалас 
2. Сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауыш формасы 
A) есімше, көсемше, шартты рай 
B) етіс, тұйық етістік 
C) есім сөздер мен шылаулар
D) үстеу мен модаль сөздер 
E) тұйық етістік, жалғау 
3. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз
A) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара 
тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі 
B) құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, бір-
біріне бағына байланысқан құрмаластың түрі 
C) құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыш формасы тиянақсыз 
болып, бір-біріне бағына байланысқан құрмаластың түрі 
D) құрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақсыз болып, 
өзара тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі 
E) бір-бірімен өзара тең дәрежеде байланысқан сөздер 


94 
4. Сабақтас құрмалас сөйлемді салалас құрмалас сөйлемнен 
ажырататын басты белгі 
A) сөйлем компоненттерінің білдіретін мәні 
B) компоненттерінің баяндауышы ортақ болады 
C) компоненттердің баяндауыштары бастауыштарымен қиысады 
D) басыңқы, бағыныңқылы компоненттері болады 
E) баяндауышы тиянақты болады 
5. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем дегеніміз
A) компоненттерінде айтылған ой мезгіл жағынан жуық уақытта 
орындалатынын білдіретін сөйлем 
B) баяндауыштың мезгілін білдіріп тұратын мүше 
C) айтылған ойдың сөйлеуші айтып тұрған уақыттан бұрын не кейін 
болғандығын білдіретін сөйлем 
D) бағыныңқы компоненті басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің мезгілін 
білдіретін сөйлем 
E) бастауыштың мезгілін білдіріп тұратын сөйлем 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет