92
жасаңыз. Ғалымдардың
пікірін келтіре отырып, ойыңызды
дәлелдеңіз.
2-тапсырма.
Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлемді тауып, оның
жасалу жолын түсіндіріңіз.
Қараңғы түнде омырауына тұмсығын тығып пысылдап жатқан
кішкене сәбидің кекілін сипап, кемсеңдеп жылап шығатын атымен бөтен
бейтаныс әйелдің көкірегіне сүт жүгірді (Ә.Кекілбаев).
Әкеме адырая
қарап аз тұрған Қазина, бетін оң жақ қолының саусағымен бір сызып,
үлкендеу көзін кеңірек ашты да, ернін бір сылп еткізіп:
- Бетім-ау, мына Kесір болмағай да! - деді (С.Мұқанов).
Үйден үстіне
малынтып шұбалаң көйлек киіп, басына малынтып шұбалаң орамал
тартқан әйел созалаңдап шығып, қалқи басып, ат үстіндегі күйеуіне
бірдеңе апарып берді (А.Фадеев).
Нұрым қамшыны да босатпады – басқа
соғар деп қауіптенді (Х.Есенжанов).
Бұл жолы інге кірген із жалғыз; ақ
тиіннің барына еш күмән жоқ еді (С.Мұқанов).
3-тапсырма. Сабақтас
құрмалас сөйлемді тауып, жасалу жолын
түсіндіріңіз. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.
Марқаның жағасы ерте кеуіп, ерте көктеді. Жауқазыны қарды
жарып шыға беретін тау бөктерінің былтырғыдан қалған күреңсесі
күлтеленіп, қаулай тебіндеп келе жатқан көкпен араласып, ала
шабырланып жатыр. ... Жазғытұрымның кірбіңсіз ашық аспаны
мөлдіреп, көлде көрініс беріп тұр. Кілкіген жұқалаң мұнар арасынан
оқшау көрініп, мұнда-мұндалап аппақ болып жататын Тарбағатай шың-
құздарын ұзыннан-ұзақ созылған жіп-жіңішке ал бұлт екіге бөліп, аспан
тауына ұқсайтын. Енді-енді бүршік атып, көктем шуағына алақанын
жая бастаған орман соңғы нөсерден жаңа ғана ес жиып бусанады.
Көктемгі ауада сарай ашар жағымды саумал иіс бар (О.Бөкей).
Достарыңызбен бөлісу: