Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет81/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

3-тапсырма. Көп нүктенің қойылу себебін түсіндіріп, қандай қызмет 
атқарып тұрғанына назар аударыңыз. 
– Тақсыр... қарағым... шырағым-ау... Арғы атам Арғынбайдың 
шаңырағына мініп келген... – дей бергенде Аман келді де, қолтықтап 
апарып скамейкаға отырғызды (Ғ.Мұстафин). 
– Ие, кітап... Ойдан шығару... Сырлау... Сосын да мыжушылар бар-ау 
әлі! Маған тіпті бір алты қырдың астында тұрғандай-ау өзі... Қайда, 
қайда!? Қашан да қашан боп сырғып кетіпті-ау, сірә... Е, барса, барсын... 
өмір кітабы да жетеді...
– Әзірше бір жағына маман қазақ дайындау ниетіндеміз ғой. 
Сондықтан... – деп, жөткіріп ап, – он студентке степендия... тағы төрт 
студентке степендия... Дауласар, айтар сөз жоқ.
Сонда да Қасен:


Біз кадр... кадр... Өлкелік мекеме... жауапты қызметкер! – дей 
беріп еді, келгендер қараған жоқ (М.Әуезов).
4-тапсырма.
Тыныс белгілерінің қойылу себебін айтыңыз. Есім 
баяндауыштардың жасалу жолын түсіндіріңіз. Мәтіндегі өмір соқпағы, 
халық баласы тіркестерінің мағынасын айқындаңыз. Разы сөзінің 
синонимдік қатарын анықтаңыз.
 
Халық сыншы 
Бала анадан туады. Халыққа қызмет істейді. Анадан туған балада 


120 
екі ана бар. Бірі – тапқан ана, екіншісі – тәрбиелеген ана. Соңғысы – 
халық. Ана тәрбиесі балаға алғашқы адым жолын көрсетеді. Халық 
тәрбиесі болашақ өмірдің соқпағына салады. Ана сүтін ақтаған бала – 
халық қызметкері. Халық-анасынан тәрбие алған бала халық тілегін, 
үмітін ақтауға тиіс. Атағын шығарған балаға халық разы. Халық разы 
болса, тапқан ананың да қуанышы. ... Сенің кім екеніңе сыншы – халық. 
Халық сыны – қадірлі сын Халық сынынан өту, халық баласы атану оңай 
емес (М.Ғабдуллин). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет