Р. С. Рахметова



Pdf көрінісі
бет80/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
1. Пунктуация дегеніміз не? 
2. Тыныс белгілерінің қандай түрлері бар?
3. Тыныс белгілерін қоюдың қандай принциптері бар? 
4. Тыныс белгілері қандай ұстанымдарға сүйеніп қойылады? 
5. Қандай тыныс белгілері сөйлем соңына қойылады? 
6. Нүкте қай кезде қолданылады? 
7. Сұрау белгісі қандай жағдайда қойылады? 
8. Леп белгісі не үшін керек? 
9. Қабаттасып қойылатын тыныс белгілерінің ерекшелігі неде? 
10. Сөйлем ішінде тыныс белгілерінің қай түрі қолданылады? 
11. Олар тыныс белгілерін қоюдың қандай принциптеріне сүйенеді? 
12. Үтір қандай себептерге байланысты қойылады?
13. Сызықша қандай жағдайларда қойылады? 
14. Нүктелі үтір қай кезде қолданылады? 
15. Қос нүкте қандай жағдайда қойылады? 
16. Тырнақша не үшін керек? 
1-тапсырма.
Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңіз. Абайдың 
көңіл-күйін екі-үш сөзбен беріңіз. 
– Құп-қу болып, жапа-жалғыз қалыппын! Бақсының моласындай 


119 
жапа-жалғыз қалыппын. Кімім қалды, нем қалды!?– деп өзімен өзі 
сыбырлай күбірлеп сөйлеп кетеді. 
– ... Ей сорлы заман, менен аяған қай қастығың қалды.... Мен ішпеген 
у бар ма!.. Жүрегімді көрші міне, жарадан сау қалды ма? Мұнша ғазап 
шеккендей не жазық, не айыбым бар? Көп көргенің шер кеуденің әлсіреген 
тынысы ма?.. – деп біраз отырып барып, тағы да бір ауық оймен 
оянғандай болады (М.Әуезов). 
 
2-тапсырма. Сөйлемдердің айтылу мақсатын өзгертіп, жазыңыз. 
 
Отаншылдық – әрбір азаматқа керек ұлы қасиет. Өз Отанын, өз 
халқын сүймейтін адамдар елінің қорғаны, патриоты бола алмайды. 
Отаншылдық өз үйіңнен басталады. Кімде-кім ата-анасын 
ардақтаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, 
қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады. 
Өз әке-шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. 
Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді. 
Намыс – азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана 
намыс болады. Ер жігіттің елі – ата-анасы. Отаны – өз үйі. Елді, 
Отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде (Бауыржан Момышұлы). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет