66
өсімдіктерден аламыз. Мәдени өсімдіктердің сан алуан түрлері мен
іріктемелерін алу үшін қаншама жылдар өтті.
6-тапсырма. Төмендегі сөздерді қосарлы айқындауыш етіп сөйлем
құраңыз.
Дәрігер, ғарышкер, әнші, жастар, ақын, сазгер.
7-тапсырма. Кубизм стратегиясы.
1.
Дәлелдеңіз. Бір сөйлем құраңыз, ондағы тұрлаусыз мүшелерді
тауып
тауып, олардың қай сөз табынан жасалып тұрғанын дәлелдеңіз.
2.
Анықтаңыз. Бір сөйлем құраңыз, сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен
байланыстырып тұрған тұлғаларды тауып, олардың қандай тұлға екенін
анықтаңыз.
3.
Талдаңыз. Бір сөйлем құраңыз, сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелерді
тауып, оларды түрлеріне қарай талдаңыз.
4.
Астын сызыңыз. Бір сөйлем құраңыз,
сөйлемдегі тұрлаусыз
мүшелердің астын сызыңыз.
5.
Ажыратыңыз. Бір сөйлем құраңыз, сөйлемдегі тұрлаусыз
мүшелерді
тауып, оларды құрамына қарай ажыратыңыз.
6.
Зерттеңіз. Бір сөйлем құраңыз,
сөйлемді оқып шығып, тұрлаусыз
мүшелерді тауып, олар қандай синтаксистік қатынаста жұмсалып тұрғанын
анықтап, талдаңыз. Ғалымдардың пікірін келтіре отырып,
ойыңызды
дәлелдеңіз.
8-тапсырма. Бос нүктенің орнына өз нұсқаңызды қойып, өлеңді
толықтырыңыз. Әр сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін табыңыз.
Алты ай бойы ерлік салтқа төрін берген Отырар,
Алты ай бойы ... жеңілмеген Отырар
... күнде жермен-жексен қирады.
Ақыл-ойын жалындатқан,
Өнер, ... шамын шаққан
Ұлы қала ... маңдайына сыймады.
... жау сәбилерді,
Шал-шауқанды,
Кемпірді,
Тіпті ... әйелдің ішін ... өлтірді (М.Шаханов)
Достарыңызбен бөлісу: