Р. С. Рахметова


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨЖ)



Pdf көрінісі
бет39/85
Дата28.09.2022
өлшемі1,32 Mb.
#40707
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85
Байланысты:
Синтаксис Оку куралы 20 желтоқсан Рахметова 2

 
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨЖ) 
 Қазақ тіл білімінде тұрлаусыз мүшелердің зерттелуіне қатысты
еңбектерді оқып, оларда баяндалатын мәселелер бойынша тезис жазыңыз.


67 
 
А.Байтұрсыновтың тұрлаусыз мүшелер туралы ойын кесте түрінде 
көрсетіңіз.
 «С.Аманжоловтың айқындауыш мүшелер туралы ойлары» тақырыбы 
бойынша баяндама жазыңыз.
 Айқындауыш мүшелерге байланысты 10 тест тапсырмасын құрыңыз. 
 
Бақылау тапсырмалары: 
1. Пысықтауышы сын есімнен жасалған сөйлем 
A) Баласының аузынан шыққан мына сияқты анық кекесін Абайға ауыр 
тиді. 
B) Он екі қанат үйдің әр керегесін төрт жігіт қолдасып, әрең жайды. 
C) Игілік Ұлытаудан бергі елдерді аралап қайтып еді. 
D) Кішкентай күнінде Абай өзі де кеш сайын осы жырдың тербеуімен 
ұйықтайтын. 
E) Дәркембайдың шаңырағын бұл арадан әкете де алмайды. 
2. Анықтауыш дегеніміз
A) зат есімнің қосымша сыны ретінде жұмсалатын сөздер 
B) анықтайын сөзімен қосақталып, одан кейін тұратын, оның мазмұнын 
дәлелдеп тұратын сөздер
C) зат есімнен не зат есім мағынасында қолданылған сөздерден болған 
мүшенің сынын, санын, меншіктілігін және басқа сапасын көрсететін мүше 
D) атау мен ілік септіктің сұрақтарына жауап беретін, қимылдың сынын 
білдіретін мүше
E) заттың атын білдіретін сөздер 
3. Пысықтауыш ... 
A) әрекетті білдіретін мүше 
B) заттың қимылын, сапасын білдіретін мүше 
C) қимылдың әр түрлі сапалық белгісін білдіретін мүше 
D) сөйлемдегі ойды тияқнақтап тұратын мүше 
E) заттың атауын білдіретін мүше 
4. Толықтауыштың түрлері 
A) арнаулы, ауыспалы 
B) жақты, жақсыз 
C) тура, жанама 
D) сапалық, меншіктік 
E) меншіктік, жақсыз 
5. Жанама толықтауыштың грамматикалық формасы 
A) атау және түбір тұлға 
B) табыс, жатыс, шығыс септіктері 
C) атау, барыс, көмектес септік тұлғалары 
D) барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары 
E) атау және табыс септігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет