93
5-тапсырма. Сабақтас құрмалас сөйлемге қатысты сөзжұмбақ
құрастырыңыз.
6-тапсырма. Абайдың қара сөздері бойынша сабақтас құрмалас
сөйлемге мысал келтіріңіз.
7-тапсырма. «Ойлан. Жұптас. Пікірлес» стратегиясы бойынша
сабақтас сөйлемнің түрлері бойынша әрқайсыңыз өз ойларыңыз бен
пікірлеріңізді берілген уақыт (2-3 минут) ішінде қағазға түсіріңіздер.
Содан кейін жұптасып жазған пікірлеріңізді талқылаңыздар,
пікірлесіңіздер.
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ (СӨЖ)
«Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері» тақырыбы
бойынша Қ.Есеновтің «Құрмалас сөйлем синтаксисі» (Алматы: Білім,
1995) еңбегі бойынша конспект жазыңыз.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары бойынша кесте
сызыңыз.
Сабақтас және салалас сөйлемнің түрлері бойынша
салыстырмалы кесте дайындаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: