88
Шартты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңары әртүрлі
тұлғада келеді:
1. Етістіктің шартты рай тұлғасы:
Қаранардың мен кедейлігін, аты-
жөнін, фамилиясын пайдаланып жүрген болсам, сен оның өзін, қара күшін
пайдаланып жүрсің (Р.Райымбеков).
2. Көсемше, кейде оның үстіне -ынша/-інше жұрнағы қоса жалғанады:
Жаман айтпай, жақсы жоқ (Мақал).
3. Жатыс септігіндегі өткен шақтық есімше:
Дәл осы минутта
мұғалім кіріп келмегенде, мұның аяғы жақсылықпен тына қоюы екіталай
еді (М.Иманжанов).
Шарт бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттері бір-
бірінен үтір арқылы ажыратылады.
Шарт бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңары
қайтсе? не етсе? қайткенде? не еткенде? қайтпейінше? не етпейінше?
қайтпей? не етпей? деген сұрақтарға жауап береді.
2. Қимыл-сын бағыныңқылы (амал бағыныңқылы) сабақтас
құрмалас сөйлем. Бағыныңқы сыңары басыңқы сыңарда айтылған іс-
әрекеттің, қимылдың орындалу тәсілін, амалын білдіретін сабақтас
құрмалас сөйлемнің түрін қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем
деп атайды. Кейбір еңбектерде сабақтас сөйлемнің бұл түрін амал
бағыныңқы деп атау да кездеседі.
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтастың бағыныңқы сыңары
қалай?
қайтып? не етті? деген сұрақтарға жауап береді.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің бұл түрінің бағыныңқы сыңарындағы
баяндауыш:
1.
-ып,-іп,-п, -а, -е, -й тұлғалы көсемше түрінде келеді:
Шашырай
ұшып, жан-жаққа безіп бара жатқан үлкенді-кішілі үйрек, қаздар да
көрінді (М.Әуезов).
2. есімшеге
-дай/-дей, -лай/-лей, -тай/-тей жұрнақтарының жалғануы
түрінде келеді:
Кең бөлме бос қалғандай, ой ұясы қаңырап тұр
(Ғ.Мүсірепов).
3.
Достарыңызбен бөлісу: