89
2. Өткен шақтағы есімшеге
-ша, -ше жұрнағы жалғану арқылы
жасалады:
Жан-жағына барлап бұрылып үлгергенше, қос қуғыншы қиқулап
келіп-ақ қалды (Х.Есе.).
3. Шартты рай тұлғадағы етістіктен жасалады:
Еселі далаға шықса,
таң құлан иектеніп атып келеді екен (М.Әуезов).
4. Көсемшенің
-ғалы/-гелі, -қалы/-келі тұлғалары арқылы жасалады:
Құнанбай аттанып кеткелі, оған маза жоқ (М.Әуезов).
5. Етістікке
-ысымен,
-ісімен
қосымшасы жалғанған түрінен
жасалады:
Абай ауылға келісімен, Дәркембайға жолығуға асықты
(М.Әуезов).
4. Қ
арсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Құрамындағы
бағыныңқы сыңар мен басыңқы сыңар бір-біріне қарсы мағынада
қолданылған
сабақтас
құрмалас
сөйлемнің
түрі
қарсылықты
бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады.
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңары
қайтсе
де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен? деген сұрақтарға жауап береді.
Сабақтастың бұл түрінің бағыныңқылы сыңарының баяндауышы:
1. Шартты райлы етістікке
да, де шылауы тіркесуі арқылы жасалады:
Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін
аямаған еді (М.Әуезов).
2. Өткен шақтағы есімшенің көмектес септігі түрі арқылы жасалады:
Жарқын өз ісіне қанша сенгенмен, істің ақырын қобалжи тосуда еді
(Н.Ғаб).
3. Есімшеге
-ша, -ше жұрнағы жалғану арқылы жасалады:
Қалада
босқа қаңғырып жүргенше, ата-анаңа қолғабс жасасаңшы! (Ә.Ә).
4. Көсемше арқылы жасалады:
Жасы менімен шамалас бола тұра, ол
ақылы, мінезі, жүрегімен ел ағасына ұқсайды (С.Мұқанов.).
5.
Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Бағыныңқы сыңары
басыңқыдағы қимыл-әрекеттің істің себебін білдіретін сабақтас
құрмалас сөйлемнің түрін себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас
сөйлем деп атайды.
Себеп бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сыңары неліктен? не
себепті? неге? не деп? деген сұрақтарға жауап береді.
Сабақтастың себеп бағыныңқылы сыңары:
1. –ған тұлғалы есімшеге шығыс
септігінің жалғануы арқылы
жасалады:
Шидүрге кеш сайын үн-түнсіз отырғандықтан, ол өз бөлмесіне
кетіп қалып жүрді (Ә.Кекілбаев).
2. Есімшенің өткен шақ формасы мен
соң шылауы арқылы жасалады:
Соны ойлаған соң, өзі бұрын бастан кешіріп көрмеген жаңа жұмбақ
сезімге бөленеді (Ә.Кекілбаев).
3. –п, -й көсемше тұлғалары арқылы жасалады:
Сол бір тұла бойын
қыл арқанмен шандып тастағандай, сірескен күйден әлі арыла алмай
отыр (Ә.Кекілбаев).
90
4. Ашық райлы етістік пен
деп көмекші етістігі арқылы жасалады:
Бір қолымен қамшының сабынан ұстап тұрды деп, оған қатты ашуланды
(Ә.Кекілбаев).
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы мен
басыңқы сыңарлардың арасына үтір қойылады.
6.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Бағыныңқы
сыңары басыңқы сыңарда айтылған іс-әрекеттің, қимылдың мақсатын
білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін мақсат бағыныңқылы
сабақтас сөйлем деп атайды.
Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңары
неге?
не үшін? не етпек болды? қандай мақсатпен? деген сұрақтарға жауап
береді.
Мақсат
бағыныңқылы
сабақтас
құрмалас
сөйлемнің
компонентерінде өзіндік арнайы грамматикалық бастауыштары болуы
тиіс. Әйтпесе бұл сөйлемдер мақсат бағыныңқылы
сабақтас сөйлем емес,
жай сөйлемнің күрделенген түрі болады.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің бұл түрінің бағыныңқысының
баяндаушы:
1. Тұйық етістік пен үшін шылауының қатысуы арқылы жасалады:
Дәуіт ұшып кетпеу үшін, қарлығаш оның қанатын қиып қояды (С.М.).
2.
Деп көмекші етістігі арқылы жасалады:
Абай өзін толғандырған
ойларын айтайын деп, қағазға түсіре бастады (М.Әуезов).
Мақсат бағыныңқылы сабақтастың басыңқы
сыңары мен бағыныңқы
сыңарларының арасына үтіп қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: